Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы мәселелердің бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экологиялық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты



бет1/4
Дата19.07.2022
өлшемі24,36 Kb.
#147577
  1   2   3   4
Байланысты:
Нұрбол Бекжасарұлы


Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«Ғұмарбек Дәукеев атындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ»

«Инженерлік экология және еңбек қауіпсіздігі» кафедрасы


№1 есептік графикалық жұмыс


Пәні: «Табиғатты пайдалану экономикасы»
Тақырыбы: «Табиғатты пайдаланудың экономикалық механизімі»
Мамандығы: 5В070200 – «Өмір тіршілігі қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау»
Орындаған: Бекжасарұлы Н.
Тобы: БЖДк-18-1
Нұсқа: № 5
Тексерген: Сатымова М

_____________ ____________ «___» _______________ 2022 ж.


(бағасы) (қолы)
Алматы, 2022
Жоспар

  1. Кіріспе

  2. Негізгі бөлім

    1. Табиғатты тиімді пайдаланудың экономикалық механизмі

    2. Өнімнің өзіндік құнының өзгеруіне сәйкес пайданың өзгеруі

  3. Қорытынды

  4. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланыс бүгінгі таңдағы мәселелердің бастысы болып отыр. Қазіргі уақытта табиғатта және экологиялық дамуда экологиялық тепе-теңдікті сақтау міндеттері өзара байланысты. Өйткені, табиғат байлығын аяусыз сарқа пайдаланып, қоршаған ортаны бейберекет ластаумен экономиканың қалыпты дамуын қамтамасыз ету мүмкін емес. Табиғат-ресурстық әлеуеттің шектеулі екендігін және ғаламдық экологиялық апаттың жылжып келе жатқандығын әлем қауымдастығының жете түсінуінің нәтижесінде туындаған тұрақты даму идеясы осынау тығырықтан шығудың жолын іздеуге адамзатты мәжбүр етеді. Қоршаған ортаны сауықтандыруға ықпал етуде және экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасауда табиғатты пайдалануды кешенді және үйлесімді түрде қалыптастыру ісі - әлем елдерінің алдында тұрған маңызды мәселе болып табылады, сондықтан қоғам мен табиғат арасындағы қайшылықтардың кедергісінен өту - өндіріс пен экономиканы экологияландыру болмақ. Осылардың шешімін табу үшін экономика саласындағы мамандардың экономика мен табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау, экология пәндерін оқытуда сабақ беру жүйесін өзгерту қажет. Экономикалық жоғарғы оқу орындары мамандықтарының ерекшеліктерін ескере отырып, нарықтық қатынасқа өту кезеңдеріндегі қоршаған ортаны сауықтырудың экономикалық механизмдерінің маңыздылығы және табиғатты пайдаланудың тиімді жолдары осы пән бойынша қарастырылады. Қазіргі кезде табиғат ресурстарының сарқылуына және ғаламдық экономикалық апаттар мүмкіндігіне байланысты қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасы өте өзекті мәселеге айналды. Қоғам мен табиғаттың арақатынасындағы қалыптасқан күрделі мәселелерді шешу үшін экономиканы, өндірісті және сана-сезімді экологиялау керек. Жалпы экономикалық мамандықтар бойынша дайындалатын студенттердің осындай көзқарастарының қалыптасуына «Табиғат пайдалану экономикасы» көмектеседі. Экономика және басқару саласындағы қазіргі мамандар экология негіздерін және табиғат пайдалануды ұйымдастыруды білу қажет.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет