«Қоғамдағы педагог мəртебесі»
Кіріспе. Мамандық атаулының төресі – ұстаздық. «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген сөздердің жаны бар, ұлы маман болу мұғалімнің берген сарқылмас білімі мен баға жетпес тәрбиесінен бастау алады. Педагог-оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуға жауапты тұлға. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын маңыздылығын жоғальқан емес. «Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады» – дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаны қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен үлкен жауапкершілік қажет. Бұл дүниедегі ең қуатты қару-білім екенін бәріміз білеміз. Білім кез келген жарыста жеңіске жетуге және өмірде жетістікке жетуге көмектесетін жалғыз құрал. Ол қараңғылықтан арылудың құралы. Егер білім біз үшін соншалықты маңызды болса, онда біз оны қайдан аламыз? Білім берудің негізгі көзі-педагог. Мұғалімдердің көмегінсіз ешкім жетістікке жете алмайды. Сондықтан мұғалімдердің қоғамдағы маңыздылығын атап өту үшін қоғамдағы педагог мәртебесін қарастырамыз.
Педагог қоғамдағы рөлі білім берумен қатар, жалпы қоғамға да әсер ететін негізгі мәртебеге ие. Педагог – жас ұрпақтың ақыл-ойын қалыптастырушы сәулетшілер. Педагог тек білімді таратушылар емес, олар жас жеткіншектерді тұлға ретінде қалыптастырушылар, білім беруде және сыни ойлауды дамытуда орталық рөл атқарады. Олар балаларға мақсат қояды, оларды табысқа жетуге деген ұмтылысты шабыттандырады. Бүгінгі балалар ертеңгі күннің көшбасшысы, ал оларға бағыт-бағдар беретін педагог. Сондықтан педагог білім берудің болашағын қалыптастыру арқылы студенттерді үнемі өзгеріп отыратын әлемде табысқа жетуге дайындайды.
«Ұстаз болу – өз уақытыңды аямай, өзгенің бақытын аялау» деп Мұхтар Әуезов айтқандай, уақытпен санаспай, балалардың болашағы үшін аянбай жұмыс жасасаң, еңбегің еш кетпейді. Педагог үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеп, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отырады. Бүгінгі таңда педагог беделі асқақтап тұр десек, артық айтқандық емес. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім саласына уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.
Мен, Абдулмаксут Айнур Бетқайнар ауылында №7 Бетқайнар колледжінде әдіскер, әрі «Фермер шаруашылығы» мамандығының арнайы пән оқытушысы қызметін атқарамын. Ұрпақ тәрбиесінде өз үлесімді қосуға тырысып жүрмін. Елдің болашағы білімді жастардың қолында екені анық. Бүгінгі жас - ертеңгі маман. Сондықтан шәкірттеріме сапалы білім беруге, біліктілігімді арттырып отыруға тырысамын. Әр сабақты білімгерлеріме түсінікті етіп, олардың білім алуға деген ынтасын ояту үшін көп ізденемін. Сонымен қатар ағылшын тілін жетік білуге, білімгерлерімді тіл білуге құштарлығын оятуға тырысамын. Нәтижесінде, білімгерлерім түрлі байқауларда жүлделі орын алып жүр, олармен бірге мен де білімімді шыңдап, біліктілігімді арттырып келемін. Мен әрбір бала - нағыз талант иесі дер едім. Оларға тәуелсіз елімізде сапалы білім алуға барлық жағдай жасалған.
Халқымыздың біртуар азаматы Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» - деп айтып кеткендей, ендігі алдымда тұрған мақсаттардың бірі – Отанға, өз халқыма деген сүйіспеншілігі мол – жас ұрпақты тәрбиелеу деп есептеймін.
Біздің колледжімізде студенттерге үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Білім алушылардық тұлға ретінде қалыптасуымен қатар дамуына педагогтардың педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығы өте жоғары.
Достарыңызбен бөлісу: |