Мемлекеттiк демографиялық саясат мына қағидаттарға негiзделедi: Нәсiлiне, ұлтына, дініне қарамастан елдiң барлық азаматтарының теңдiгi;
өсiп-өнудi және отбасын жоспарлауды еркiн таңдау;
аса маңызды әлеуметтiк функция ретiнде аналықты, БҰҰ-ның "Баланың құқықтары туралы" және "Әйелдерге қатысты кемсiтушiлiктердiң барлық нысандарын жою туралы" Халықаралық Конвенцияларына сәйкес басымдық иелерi ретiнде балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;
тууға, өлiмге, өмiрдiң ұзақтығы мен демографиялық және көшi-қондық процесстердегi жаңа тенденцияларды ескере отырып, көшi-қонға ықпал етудiң түрлi шараларын қамтитын кешендi көзқарас;
демографиялық саясатты iске асыруда бiрыңғай негiзiн қалайтын нормалардың негiзiнде орталық және аймақтық органдардың тиiмдi өзара iс-қимылын қамтамасыз ететiн аймақтық ерекшелiктердi есепке алу;
халықтың экологиялық қауiпсiздiгi, биологиялық әралуандықты сақтау және табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру