Тері-венерологиялық диспансер қандай ауруларды емдеу үшін ұйымдастырылған? Оның міндеттері қандай?
Венерология (лат. venera – махаббат құдайы және грек. logos – білім) – клиник. медицинаның венералық ауруларды зерттейтін саласы.
Қазіргі уақытта 20-дан астам ; жыныс қатынасынан жұғатын аурулар(мерез немесе сифилис, хламидиоз, соз ауруы немесе гонорея, трихомоноз, уреаплазма, микоплазмоз, жыныстық ұшық немесе гениталдық герпес) және т. б. анықталды.
Тері-венерологиялық диспансерлер (кабинет, бөлімше), жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың профилактикасы мен дерматология орталықтары мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:
1) дерматомикоздармен ауыратын науқастарды есепке алу, тіркеу, диагностикалау, емдеу және диспансерлік бақылау;
2) дерматомикоздардың жұғу көзін анықтау, ошақтағы байланыста болған адамдарды медициналық тексеру және бақылау (бір ай бойы аптасына бір рет жиілікпен);
3) балалар ұжымдарынан, жатақханалардан, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан терідегі көптеген ошақтары бар немесе бастың шаш бөлігін зақымдаған дерматомикоздармен ауыратын науқастарды; отбасында науқас баланы қарайтын адам болмағанда; дерматологтың немесе эпидемиологтың қажетті дезинфекциялау режимі туралы нұсқауларын орындамағанда науқасты уақтылы емдеуге жатқызу;
4) дерматомикоздармен ауыратын науқастарды он-он бес күн аралығымен екі рет зертханалық бақылау зерттеулерін жүргізе отырып емдегеннен кейін бір ай бойы диспансерлік бақылау;
5) грибоктық патологиялық материалды зертханалық диагностикалау;
6) дерматомикоздар ошағында ағымдағы және қорытынды дезинфекциялауды ұйымдастырады;
7) білім беру ұйымдарында грибок аурулары болуына медициналық тексеріп-қарауларды жүргізуге қатысу;
8) дерматомикоздармен ауыратын науқастарды және халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқыту.