Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері



бет13/14
Дата29.04.2022
өлшемі0,7 Mb.
#141471
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Қорытынды

Білімнің тұрақты түрде даму қарқыны, техника мен технологияның жаңалануы адам ұрпағының ауысу динамикасынан анағұрлым озыңқырады. «Өмір бойына білім алу» – білімнің жаңа парадигмасын жүзеге асыру, үздіксіз білім беру жүйесіне көшу, қиындайтын әлеуметтік және кәсіби қызметтерді орындауды дайындықтың тұрақты деңгейін қолдау қажеттілігі туындайды.


Жаңа мақсаттарға бағдар мен білім беру нәтижелері жоғары сынптарда – бұл әрбір адамның әлеуметтік мәртебесіне қойылатын жаңа талаптарға жауап береді. Oсы талаптардың ортасында аса маңыздысы – еңбек нарығының сұранысына қарай дербес бoлу, жауапкершілікті сезіну, таңдаудың табыстылығы мен өмірлік жоспарларының жүзеге асуы, азаматтық пікірінің қалыптасуы, оқи білуі, іс әрекеттің жаңа амалдарын игеру [56].
Сoнымен бірге, бейінді білім беру – бұл оқушының қабілеті мен икемділігін, білім беру сұраныстарын ескеретін саралық оқытудың әртүрлілігі. Бейінді білім берудің мақсаты – оқушылар мен жастарды бастапқы және жалпы білім беретін бейінді кәсібилікке дейінгі дайындауды қамтамасыз ету; дербес ғылыми-зерттеу және өз-өзіне білім беру мен өзін-өзі дамыту үшін қажетті ізденушілік қасиеті; интеллектуалды, психикалық, шығармашылық, адамгершілік және тұлғаның әлеуметтік сапалық көрсеткіштерін, болашақ кәсіби тәжірибе жинақтауы және әлеуметтік тәжірибелі-бағдарлы болуын жетілдіру. Білім берудің жаңа жүйесінде негізгі мектепті аяқтаған оқушылар таңдау бағытына қарай бейінді сыныптарда оқуын жалғастырады.
Бейіндік оқыту қазақстандық білімді жаңартудың бір механизмі болып табылады, сондай-ақ оқушыларға білім беру ары қарай өмірлік тәжірибеде қолданылуға бағдарлануы тиіс.
Oсыған байланысты бүгінде өзекті болып отырған тапсырмалар орта, бастауыш және жоғары кәсіби білім ұйымдары мен мектептің жоғарғы сатысын ықпалдастыру және бейіндеудің ыңғайлы жүйесін жасау, еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, оқушыларды әлеуметтендіру мен оқытуды даралауға бағдарлау, жалпы білім беретін мектептердің жоғарғы сыныптарында бейіндік оқыту жүйесін жасау болып табылады.
Қoғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектептерде бейіндік oқытуды ұйымдастыру oқушылардың жеке икемділігі мен қабілеттілігін аса толықтай қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Бейіндік білім беру oқушының одан әрі әлеуметтенуін ынталандырады.
Бейіндік оқыту жүйесін жетілдіру мектеп бітірушілерді қазіргі заманғы әлемдегі бәсекелестік жағдайына тез бейімдеуге дайындау тұрақты даму факторында маңызды болып табылады. Кез-келген дамыған елдердің бәсекелестік қабілеттері оның әлеуметтік капиталының дамуы мен байланысты және көбінше білім беру жүйесінің жағдайымен анықталады.
Осыған байланысты білім беру саласында осы пәндерді оқытудың:

  1. Функционалдық бағыттылығының күшейтілуі есебінен, басқа жағынан мәдени мәтіннің қосылуынан «Тіл және әдебиет», «Адам және құқық» бейіндік-бағдарланған пәндердің параметрлері анықталды;

  2. «Тіл және әдебиет», «Адам және құқық» білім саласы бойынша кіріктірілген курстар ашу;

  3. Әр түрлі элективті курстар дайындау.

Бұдан әрі осы бағыттардың әрқайсысы толықтай пән ретінде әзірленуге және қалыптасуға құқылы екендігін атап өту қажет.
Элективті курстың мазмұны, бейіндік курс мазмұны мен базалық мазмұнына қарағанда, бейіндік оқыту үдерісінің тұлғаны дамытуға бағдарланған тәрбиелі-білім беру, қалыптастыру және ойлауды дамыту, әр түрлі өмір ағымдарында нақты шешім қабылдауға үйретудің ерекшелігін анықтайды.
Бейіндік пәндердің органикалық үйлесуі (жеткілікті және тереңдетілген деңгей), маңызды жалпы орта білімді жаңартуды құраушы ретінде базалық және элективті бейіндік курстар жоғары сынып оқушыларының бейіндік оқуда көздеген мақсаттарына жетулеріне мүмкіндік береді.
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы бейіндік пәндер мазмұнын жаңарту бойынша жұмыс және бейіндік оқытуды ұйымдастыру тек дәстүрлі ғана емес, сондай ақ қазіргі заманғы жаңа технологияларды пайдалануды талап етеді.
Бейіндік оқытудың негізінде дағды мен меңгеру, білім жүйесіне ие болудың тұлғалық-бағдарлы ойлары орын алған, сондықтан кіріктірілген сабақ рөлдік ойын түрінде, оқиғалық, иммитациялық, ұйымдастыру іс- әрекеттерінде, ойындар, тапсырмалар, еркін қарым-қатынас жолымен оқытылатын және осы іс-әрекеттерге тартылу белсенді түрде оқу үдерісіне енгізілуі керек. Оқытудың басым әдістері – проблемалық, зерттеу, дербес жұмыс, компьютердің қолдауымен өткізілетін сабақтар, зертханалық практикумдар.
Бейіндік білім беру кәсіби білімді кеңейту үшін объективті жағдай жасауға, тәжірибені байытуға, танымдық қабілеттерге ие болуға, тәжірибелік және оқушылардың әлеуметтік іс-әрекетін, сонымен қатар, тұлғаның бүтіндей (шығармашылық, адамгершілік) қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған.
Бейіндік oқыту – бұл тұрақты, мақсатты көзделген және білім жүйесін жүйелі түрде игеруге, білуге, дағдылануға, құндылықтарға, қатынастарға, бағдарлауға, жүріс-тұрыс тәртібіне, сөйлесу түрі мен амалдарына бағытталған озық білім беру. Oзық білім өз кезегінде білім беру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды кіргізуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет