Алматы, 2020 ж.
ДƏРІС САБАҚТАРЫНЫҢ ТОЛЫҚ МƏТІНІ
1- тақырып. Саясаттану ғылым жəне оқу пəні ретінде
Дəріс жоспары:
1.
Саясаттанудың объектiсi мен пəні
2.
Саясаттанудың əдiстерi мен қызметтерi, заңдары
3.
Саясаттың пайда болуы жəне табиғаты, оның қоғам өмірінің басқа салаларымен өзара
байланысы.
Негізгі ұғымдар:
Адам, тұлға, жеке басқа табынушылық, бихевиоризм, идеал, идеология, келісім,
конфликт, мəміле, саясат, саясат-ғылым, саясат субьектілері, обьект, саясаттану,
субьективтік, тоталитаризм, ішкі саясат, күш қолдану саясаты, парадигма.
Дəріс мазмұны:
Саясат ұғымына тоқталатын болсақ, саясат дегеніміз – қоғамдағы үлкен əлеуметтік
топтар мен топтар, ұлттар мен ұлыстардың мемлекет арасындағы, қарым–қатынас
барысындағы өз мүдделерін қорғауға, іске асыруға, саяси билікті жеңіп алуға, сақтап
қалуға бағытталған жəне оны қолдау тəсілдері жайлы əрекеттер жүйесі. Екінші сөзбен
айтқанда саясат ұғымы қоғамның саяси саласындағы барлық құбылыстар мен
үрдістерді, тенденцияларды бейнелейді. Осы тұрғыдан алғанда саясаттың белгісі
таптық, партияның мемлекеттің мүдделері мақсат – міндеттерінің жиынтығы деп айтуға
болады. Саясат қоғамның дұрыс қызметі жəне оның өмірін қамтамасыз ету үшін қажет
жəне сол үшін дүниеге келген. Сондықтан саясат қоғамның қажетті əрі маңызды
əлементі болып табылады.
Саясаттың қоғамдағы рөлі мен маңызы, оның атқаратын қызметінен келіп шығады:
Ø
қоғамның жалпы мақсатын анықтау
Ø
қоғамның тұтастығы мен тұрақтылығын сақтау
Ø
қоғамдығы қатынастарды реттеу мен бөлу
Ø
шешімдер қабылдау
Саясаттың ерекшелігі оның мемлекеттік билік мəселесіне байланысты болуында.
Саясат биліктің түрін, мақсатын, мазмұнын анықтауға жəне билікті қолдану əдісіне
ықпал етіп отырады. Саясаттың өзекті мəселесі – белгілі идеология негізінде құрылған
мемлекеттік билік жүйесі. Мəселен: орта ғасырдағы монархиялық режим абсолютизм
идеологиясы негізделген саяси режим пайда болды. Саясат қоғамның əртүрлі
салаларына байланысты мынандай бағыттарға бөлінеді: экономикалық, əлеуметтік,
демографиялық, аграрлық, финанс, инвестициялық, кадр т.б. саясаттар. Саясат əртүрлі
деңгейде, ауқымда, формада, мерзімде жүріп отырады. Саясат қоғамда үлкен өзгертуші,
айқындаушы күшке айналуы үшін ол қоғам дамуының негізгі заңдылықтарына сүйенуі
қажет. Ол зандылықтар ғылым арқылы айқындалары. Сондықтан саясат ғылымға
негізделуі керек, яғни саясат ғылыми саясат болуы тиіс. Саясатты ғылым ретінде
қарастыратын болсақ, ол-ғылым. Өйткені саясат қоғамдық даму зандылықтарына
негізделеді. Саясат таппен бірге пайда болғанымен ғылым болып кешірек қалыптасты.
Яғни қоғам дамуының зандылықтары ашылғаннан кейін ғана жəне ірі қоғам
қайраткерлері, ойшылдар ғылым негізінде əлеуметтік процестерге ықпал ете
бастағаннан бастап саясат ғылымға айналды деп айта аламыз. Əрекетсіз – заңдылық жоқ.
Егер адам əрекеті қоғамның даму заңы мен манаспаса онда ол нəтижесіз болады.
Сонымен саясаттың мақсаты тек қана объективтік факторларды ғана жасауда емес,
сонымен бірге ол субъективтік факторларды да қарыптастыру керек.
Саясаттың ғылым ретінде қалыптасуына əсер еткен жағдайлар біріншіден,
қоғамдық дамудың зандарының ашылуы жəне олардың саяси əрекеттерде басшылыққа
алынуы. Екіншіден, əлеуметтік дамудың кез келген кезеңінде оның басты əлеуметтік
күші тап болып есептеледі. Сол тап қана объективтік зандылықтарды өзінің
практикалық қызметінде қолдана алады.Үшіншіден, саясаттың ғылым болуына ықпал
ететін фактор – ол қоғамда нақтылы бір идеологияның бекітілуі жəне оның халық
санасында орнығуы. Төртінші жағдай, ол саяси əректті жүргізетін ұйымдардың
институттардың болуы. Ол үстем таптың ұйымы. Олай болса, осы ұйымдар таптың, жеке
адамның мүддесін қорғау үшін белгілі ғылымға сүйенуі керек.
Сонымен саясат ғылым ретінде – ол партия мен мемлекеттің мақсат міндеттері,
зандылықтары, қозғаушы күштері, халық қызметінің негізгі мазмұны туралы логикалық
бірліктегі білімдер жүйесі. Екінші сөзбен айтқанда неге саясат ғылым болады десек,
өйткені ол қоғамның саяси өмірі жөніндегі ілім. Осыдан саяси ғылым келіп шығады, ал
оның негізгі мəселелері: қазіргі жағдайдағы саясаттың мəні мен мазмұны: оның
айқындаушы бергілері мен принциптері жəне негіздері; қоғамдық өмірдің негізгі
бағыттары бойынша басты мақсат – міндеттері, олардың зандылықтары, қозғаушы
күштері жəне олардың бір-біріне ықпал ету механизмдері; саясаттың əртүрлі
жақтарының арасындағы қарым-қатынас; саяси мəдениеттің жəне сүріп жатқан саяси
мемлекеттер мен партиялардың саясатына, əлеуметтік саяси күштердің əрекеттеріне
ғылыми сипаттама беру. Саясатты ғылым ретінде танытатын ғылымның саласы –
Достарыңызбен бөлісу: |