Қоғамдық пәндер кафедрасы «Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет1/5
Дата14.04.2017
өлшемі0,84 Mb.
#13798
  1   2   3   4   5
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Қоғамдық пәндер кафедрасы

«Дүние жүзі тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау

Мамандығы: - 0301013 « Емдеу ісі»

Біліктілігі: - 0301013« Фельдшер»

Курсы: 1

Семестр: 1-2

Мамандығы: - 0304000 «Стоматология»

Біліктілігі: - 0304013 « Дантист»

Курсы: 1

Семестр: 1-2

Мамандығы: - 0302000 « Мейірбике ісі»

Біліктілігі: - 0302033« Жалпы тәжірибелі мейірбике»

Курсы: 1

Семестр: 1-2

Құрастырған: оқытушы Тасболат А. Ж.

Шымкент-2011

Кафедра мәжілісінде бекітілді,

Хаттама № ________ 2011 жыл

Кафедра меңгерушісі, бекітемін _______ Қ.Б Кемелбеков

1 сабақ



І.Тақырыбы: Кіріспе. ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. басындағы Еуропа, Азия және Америка елдері.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы дамыған капиталистік елдердің пайда болып, импералистік бағытқа жол ашылғаны туралы түсіндіру.

-ХХ ғ. басында Еуропа мен АҚШ елдерінде ауыр индустрия артта қалып, ғылыми техникаға көше бастағандары туралы айтып өту.

-Оқушыларға « милитаризм» , «имперализм» анықтамасын түсіндіріп, екі одақтың құрылғанын айту.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі 5мин.( 5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин.(11% )

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою. 30 мин.(33%)

1. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?

2. Мемлекеттің экономикадағы рөлінің артуына не себеп болды?

3. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

4. Имперализм дегеніміз не?

5. Ағылшын-бур соғысы қай жылдарды қамтыды?

6. Германияда ұлтшылдық пен шовинизм өсуінің себептері?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин. (22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы капиталистік елдердегі саяси жағдай.

2.Капитализмнің дамуындағы жаңа құбылыстар.

3. «Көмір мен болат индустриясы» дәуірінің аяқталуы.

4.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы алдыңғы қатарлы елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы.

5.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Азия елдері.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында Еуропа, Америка елдерінде Конститутциялық құрылыс нығайып, сайлау құқықтары кеңейтіліп, парламенттік жүйенің нығаюына мүмкіндік туды. Әйелдерді манципатциялау (еркектермен құқығын теңестіру) үшін, әлеуметтік заңдар үшін демократиялық қозғалыстар күшейді, шіркеудің рөлі төмендеді. Капиталистік елдерде демографиялық өзгерістер күшейді. Еуропада халқы 1870-1914 жж. аралығында 300-450 млн. өсті. 1880 ж. Еуропа халқының саны 1,5 млн. асатын сегіз қала болса 1914 ж. олардың саны 29 жетті. ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. басында орын алған капитализмнің белгілері- жеке меншік, нарық қатынастары, пайда , бәсеке, экономикалық шешім қабылдаудың еркіндігі.

ХІХғ. аяғы ХХғ. басында Африкадағы, Азиядағы, Тынық мұқиттағы жерлерді басып алу жөніндегі бәсеке өрши түсті. ХІХ ғ. 80-ші жылдары Африканың он пайызы ғана еуропалықтардың иелігінде болды. 1900 ж. Африканы жеті еуропалық елдер өзара бөлісіп алды. Ірі Африка елдері-Нигерия, Кения, Уганда, Танганьика, Родезия, Египет, Судан Англияның отарына айналды.

Франция Мадагаскарды, Батыс және Орталық Африканың бір бөлігін иемденді.Германияға Шығыс пен Оңтүстік-Батыс Африкадағы территориялар мен Того, Камерун тиді. Италия Ливия мен Сомалидің бір бөлігін, Бельгия Конгонды басып алды. ХХ ғ. басында оларды қайта бөлісу күшейді.

ХХ ғ. басында ауыр өнеркәсіпті дамыту негізінен аяқталды. Темір жол құрылысы кеңейді. Аса ірі кемелер салыну ісі де өрістеді. ХХғ. басында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Франция, Бельгия елдері технологиялық дамудан алдыңғы қатарға шықты. Жедел индустриялану жолына Швеция, Италия, Ресей, Автро-Венгрия, Канада, Жапония елдері түсті.

Экономикадағы жаңа процестермен байланысты капиталистік елдерде дамудың басты бағыты жаңа техника мен жаңа технологияны дамыту болды. ХІХ ғ. соңында мынадай жаңалықтар ашылды. 1876 ж. телефон, 1897 ж. телеграф, 1877 ж. кинематограф, 1876-1895 жж. генераторлар мен электроматорлар, 1886 ж.алғашқы автомобиль, 1903ж. тұңғыш самолет ойлап шығарылды. Әскери техника жедел қарқынмен өсті. Аталған жаңалықтарды капиталистік елдерде алдыңғы топтағы адамдар ғана қолдана алды. ХХғ. басында экономикалық күш қуатты іске асырудың екі бағыты анықталды.

Бірінші мүмкіндігі-күш-қуатын қауіпсіздігін нығайтуға, территорияларды басып алуға жұмсау. Екінші мүмкіндігі әлеуметтік реформалар жүргізу болды.

1913ж. Еуропа елдерінде өңдірісте жарақат алғандарға жәрдем көрсетудің әр түрлі жүйелері енгізілді. 1911ж. Англияда жұмыссыздықтан сақтандыру енгізілді. 1913 ж.Швецияда бірінші рет зейнетақы берілетін болды. Барлық индустриалды елдер ғылымға, денсаулық сақтауға көбірек көңіл бөле бастады. ХХғ. басында дамыған капиталистік елдерде Индустриялдық өркениет қалыптасты.

ХХ ғ. басында Еуропа мен Азия елдерінің арасында алшақтық күшие тусті. Дәстүрлі шығыс қоғамында мемлекеттік билік пен жоғарғы билеушінің рөлі күшті болды. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басында шығыс елдерінде де темір жолдар мен порттар, фабрикалар салынды. Бірақ батыстан айырмашылығы сөз жүзінде дербес іс жүзінде шетел капиталына тәуелді елдерге айналды. ХХ ғ. басында ұлттық өнеркәсіп мануфактуралық деңгейде қалды. Шығыс елдерінде отаршылдыққа қарсы көтерілістер Қытайда, Кореяда, Үндістанда, Персияда, Вьетнамда, араб елдерінде орын алды. Азия елдерінде бір мезгілде нәтижесіз революциялар болып өтті.

1911-1912 ж. Синхай революциясы, 1908 ж. Жастүріктер революциясы, 1905-1911 ж. Иран буржуазиялық революциясы, 1910-1917 ж. Мексикада революциялар болды.

ХХ ғ. басында Еуропада екі әскери одақ құрылды. Үштік одақ 1882 ж. құрылды. Оған кіретін мемлекеттер: Германия, Италия, Австро-Венгрия. 1904ж. француздар мен ағылшындар Антанта шартына қол қойды. 1907 ж. Антантаға Ресей қосылды. Аталған екі одақтың арасында ХХ ғ. басында соғыс оты тұтануға дайын еді.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин.(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3 мин. (3,3%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа, азия Америка елдері.

6.Үй тапсырмасы: 2мин (2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:


1.ХХ ғ басындағы Еуропа елдері.

2. ХХ ғ. басындағы Азия елдері.

2 сабақ

І.Тақырыбы:Бірінші дүниежүзілік соғыс. 1914-1918 жж.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин .(100%)

Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға ХХ ғ. басындағы дамыған капиталистік елдердің арасында пайда болған екі одақтың арасындағы Бірінші дүниежүзілік соғыстың болу себебін түсіндіру.

-Бірінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа тигізген зияны туралы айтып өту.

-Оқушыларды соғыста бірінші рет қолданылған жаңа қарулардың түрлерімен таныстыру.



V.Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория



VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5 мин.(5,5%

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10мин.(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою. 30 мин.(33%)

1. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Еуропа елдеріндегі демографиялық өзгерістердің болу себебі?

2. Жапониядағы реформалар неліктен табысты өтті?

3. Басты мемлекеттер арсында дүниені қайта бөлісу күресі неліктен күшейді?

4. Имперализм дегеніміз не?

5.Сунь Ятсен дегеніміз кім?

6. Батыс елдерінің отаршылдығы шығыс елдерінің мәдениетіне өз әсерін тигізді ме?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин.(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы капиталистік елдердегі саяси жағдай.

2.Капитализмнің дамуындағы жаңа құбылыстар.

3. «Көмір мен болат индустриясы» дәуірінің аяқталуы.

4. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы алдыңғы қатарлы елдердің әлеуметтік экономикалық дамуы.

5. ХІХ ғ. аяғы ХХ ғ. басындағы Азия елдері.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Соғыстың басталуына 1914 ж. 28 маусымында Сараевода Босния мен Герцеговинадағы австрия тағының мұрагері эрцгерцог Франц-Фердинандтың өлтірілуі сылтау болды. Террористік актіні іске асырушы Гаврило принцтің ұлты серб болып шықты. Австро-Венгрия өкіметі Германияның мақұлдауымен Сербияға ультиматум қойды. Ультиматумның талаптары Сербияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіретіндей еді. Серб үкіметі Ресейдің келісімі бойынша барлық талаптарға келісті. Бірақ бұл есепке алынбады.

28 шілдеде Австро-Венгрия әскері Сербияға, 1 тамызда Германия Ресейге, 3 тамызда Францияға соғыс жариялады. Келесі күні соғысқа Ұлыбритания қатысты. Жапония Германияға соғыс жариялады. Оның мақсаты Германияның Тынық мұхиттағы отар жерлерін басып алу еді. Германия өз жағына Туркияны, Болгарияны тартты. Осылайша Бірінші дүниежүзілік соғыс басталды. Немістер француздардың территориясына Бельгия арқылы басып кіріп, күзге дейін жаулап алмақшы болды. Соғыстың бұл жоспарын біраз уақыт бұрын генерал Шлиффен жасады. Бірақ бұл жоспар толығымен іске аспай қалды. Осы кезде Франция Ресейге Шығыс майданда соғыс ашуын өтінді. Сол арқылы Париж жаудың басып алу қаупінен аман қалды.

1915 ж. Германия мен Австро-Венгрия Шығыс майдандағы соғысты күшейтіп, Ресейді соғыстан шығарып тастамақ болды. Германия Ұлыбританияға қарсы сүңгуір қайықтар қолданды. Германия Ипр түбінде химиялық қару –газды қолданды. Ол кейін «иприт» деп аталды.

1916 ж. Верден маңында үлкен шайқас болды. Бір жылда 1 млн. аса солдат қаза болды. Верденде соғысып жатқан Германияны әлсірету мақсатында ағылшындар Сомма өзенінің бойындағы қорғаныс шебін бұзуға әрекет жасады. Ағылшындар осы кезде алғаш рет танкілерді қолданды. Осы жылы Шығыс майданында соғысты генерал Брусилов жүргізді.

1916 ж. бастап соғыс қимылдарындағы стратегиялық бастама Антантаға көшті. Германия Африка мен Тынық мұқиттағы отарларынан айырылды.1917 ж. АҚШ Германияға соғыс жариялады.

Соғысқа қатысып жатқан елдердің барлық күші майданға жұмылдырылды. Барлық жерлерде карточка жүйесі енгізілді. Соғысып жатқан елдердің наразылығы өсті.

Ресейде 1917 ж. революция болып патшаны тақтан кетірді. Орнына Уақытша үкімет келіп, жүргізген реформалары халықты қанағаттандырмай, билік кеңестердің қолына көшті. 1918ж. 3 наурызда Брест келісім шарты бойынша Ресей соғыстан шығып, біраз жерлерінен айырылып, Германияға контрибуция төледі. Бірінші дүниежүзілік соғыста көптеген бұрын қолданылмаған жаңа қарудың түрлері: газдар, самолеттер, пулеметтер, бомбалар, танктер қолданылды.

1918 ж. соғыста Германия 800 мыңнан астам солдаттарынан айырылды. АҚШ соғысқа кіріскеннен кейін Антанта одағының күші басым болды. Германияның жақтастары жеңілетінін біліп, Болгария мен Осман империясы қыркүйек айында соғыстан шығып кетті.

1918 ж. 9 қарашада Германияда революция басталып, республика болып жарияланды. Революция Австро-Венгрияны да қамтып, нәтижесінде бірнеше мемлекет Чехословакия және Югаславия пайда болды.

1918 ж. 11 қарашада Компьен орманында Германия жеңілгенін мойындап келісімге қол қойды. Брест бітімі жарамай қалды.

Қорыта келгенімізде еуропа өркениетінде дағдарыс орын алды. Ресей, Австро-Венгрия, Германия, Осман империялары ыдырап, жаңа мемлекеттер пайда болдды. Соғысқа 38 мемлекет қатысты. 10 млн. адам опат болды. Соғыс шығындары үш жүз млрд. долларға тең болды.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20мин.(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау. 3мин.(33%)

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыс.1914-1918 жж.

6.Үй тапсырмасы. 2мин.(2,2%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:


1.Бірінші дүниежүзілік соғыс.

2. Соғысып жатқан елдердің әлеуметтік экономикалық жағдайы.

3сабақ

І.Тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропа мен Америка.

ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин.(100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жағдайды түсіндіру.

-Бірінші дүниежүзілік соғыстың адамзатқа тигізген зардабы туралы айтып өту.

-Оқушыларды елімізді дамыған елдердің қатарына қосу үшін білімді маман иесі болуға тәрбиелеу.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5 мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру: 10 мин.(11%)

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою:30мин.(33%)

1. Бірінші дүниежүзілік соғыстың себебі.

2. Германияның соғысты тез аяқтау туралы жоспары неліктен іске аспай қалды?

3.Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейге қалай әсер етті.

4. Имперализм дегеніміз не?

5.Верден маңында болған соғыс не себепті верден қырғыны деп аталды?

6. Соғыста бірінші рет қандай қарулар қолданылды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20мин(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.Соғыстан кейін бітім шарттардың жасалынуы.

2.Соғыстан кейін Еуропа елдерінде болып өткен революциялар.

3. Соғыстан кейінгі АҚШ.

4.Дауэс жоспарының енгізілуі.

5.Еуропа елдерінде фашистік топтардың пайда болуы.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың жеңімпаз елдерінің конференциясы 1919 ж. 18 қаңтарда Версаль сарайында болды. Конференцияға 27 ел қатысып, Кеңестік Ресей шақырылмады. Конференцияға қатысқан елдер әрқайсысы өз пайдасына шешпек болды.

В. Вильсонның талап етуімен Париж конфернециясында халықаралық бейбітшілікті қамтамассыз ету мақсатында Ұлттар Лигасын құру туралы шешім қабылданды. Лиганың ең жоғарғы органы – Ассамблея. Кеңестің тұрақты мүшелері болып бес мемлекет-АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Жапония сайланды.

Версаль бітім шарты бойынша Германия барлық отарларынан айырылып, Антанта елдеріне репарация төлеуге міндетті болды. Германия Эльзас пен Лотарингияны Францияға қайтарды. Саар облысын басқару он бес жылға Ұлттар лигасына берілді. Отар елдерін Англия, Франция, Жапония өзара бөлісті.

Шарттың әскери баптары мынадай болды: Герман басштабы таратылды, әскерінің саны жүз мың адаммен шектелді, су асты флотын, ірі су үсті кемелерін, танк құрамаларын, әскери авиация иеленуге тыйым салынды. Антанта елдеріне 132 млрд. алтын марка репарация төлейтін болды. Бұл неміс халқы үшін үлкен ауыртпалық еді. Версаль бітімі туралы келісімге 1919 ж. 28 маусымында қол қойылды.

1921-1922жж. Вашингтон конференциясы болды. Конференцияға Ұлыбритания, Франция, Жапония, Италия, Бельгия, Португалия, Голландия, Қытай қатысты. Вашингтон конференциясында қаралған мәселелер Версаль шартын толықтырып, Версаль-Вашингтон жүйесін құрады.

Еуропа халқы да соғыстың аяқталуына қатты қуанды. Қаншама адам үйінен айырылып қаңғып қалды. Халық жұмыссыз қалып, аштық та болды. Соғыстан кейін Еуропа елдерінде жаңа партиялар мен қозғалыстар қалыптасты.

1918-1919 жылдары Батыстың кейбір капиталистік елдерінде оңшыл радикалдық экстремистік қозғалыс пайда болды, олар жалпы фашизм деп аталды.

1919 ж. ақпанда Веймар қаласында Құрылтай жиналысы болып, конститутция қабылдады. Германия тарихында Веймар деп аталатын жаңа кезең басталды.

1919 ж. 21 наурызда Венгрия кеңес республикасы жарияланды. Осы жылдың тамыз айында бұл республика қайта құлады. 1918ж. Чехословакия мемлекеті пайда болды. Осы жылы Югославия мемлекеті де пайда болды. 1921 ж. Польша республикасы пайда болды. 1919-1920жж. Латвия, Литва, Эстония буржуазиялық-демократиялық республикалар орнады. Қорыта айтқанымызда Еуропа елдерінде соғыстан кейін бірнеше тәуелсіз мемлекеттер пайда болды.

1924 ж. америкалық банкир Дауэс халықаралық несие-қаржы және сауда қатынастарын қалпына келтірудің стратегиялық жоспарын жасады. 20-шы жылдардың екінші жартысында барлық капиталистік елдер экономикасын соғыстан бұрынғы дәрежесінен асырып түсірді. Әсіресе АҚШ экономикасы жедел дамыды. Салыстырмалы түрде Англия артта қалды. Бірақ экономикада тұрақтылық болмай, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің сақталмауының нәтижесінде 1924 ж. 24 қазанда Нью-Йоркте экономикалық дағдарыс басталды. Соғысқа ең соңында қатысқан АҚШ ең бай, қуатты мемлекетке айналып шыға келді.

1923 ж. 8 қарашада Мюнхенде фашистердің бір тобы фашистік диктатураны орнату ұрандарымен көшеге шықты. Адольф Гитлердің басшылығымен болған фашистердің бұл бүлігі «сыра бүлігі» деген атақ алды, себебі олар жиналыстарын үнемі сыраханада өткізді. Германия Дауэс жоспарын пайдалану арқылы соғыстан бұрынғы дәрежесінен асып түсті.

20-шы жылдары Англия экономикасын қалпына келтіру баяу болды. Химия өнеркәсібі жылдам дамығанымен кеме жасау, көмір өңдіру артта қалды.

Франция соғыстан жеңімпаз мемлекет болып шықты. Соғыстан кейін экономикасы жылдам дамыды. Себебі репарацияның көп бөлігі француздарға бөлінген еді.

Италия соғыстан әлсіреп шықты. Мұнда фашистік ұйымдар 1919 жылдан бастап құрылды. Оның неізін қалаушы Бенито Муссолини болды.

4. Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин.(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 3 мин.(33% )

1.Оқушыларды бағалау.

2.Сабақтың тақырыбы: Бірінші дүниежүзілік соғыс.1914-1918 жж.

6.Үй тапсырмасы: 2мин.(22%)

1.Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2.Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1. Соғыстан кейінгі АҚШ.

2. Соғысытан кейінгі Еуропа елдері.

4 сабақ

І.Тақырыбы:Ресейдегі Азамат соғысы мен КСРО-ның құрылуы.

1917-1939жж.



ІІ.Оқу сағаты-2 90 мин (100%)

ІІІ.Сабақтың түрі: аралас

ІV.Сабақтың мақсаты:

-Оқушыларға Бірінші дүниежүзілік соғыстан Брест бітім шарты бойынша шығып кеткен Ресейдің жағдайын түсіндіру.

-Ресейдегі революциялардың болу себептерін айту.

-Оқушыларға Ауылшаруашылығын күштеп ұжымдастыру салдарынан халқымыздың жартысы босқа қырылып кеткенін түсіндіру.



V. Пәнаралық байланыс: Этнография ғылымы, жағрафия, археология ғылымы, қазақстан тарихы.

VІ. Сабақтың әдістемелік қамтамассыз етілуі:

а) әдебиеттер:

Қазақстан тарихы 11-кл.Алматы «Мектеп» 2007 ж

Дүниежүзі тарихы 10-сынып

ХХғасырдағы дүниежүзі тарихы. 11-сынып 2005 ж.

б) тесттер, кестелер, қима қағаздар

Оқыту орны: аудитория

VІ. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі : 5мин.(5,5%)

Мақсаты:Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, сабаққа дайындығын тексеру, сабаққа дайындығын қалыптастыру.

1.Үй жұмысын тексеру:

2.Сабақтың тақырыбы бойынша жан-жақты сұраулар қою: 10 мин(11%)

1. Версаль бітім шартында қандай мәселе қарастырылды?

2. Париж конференциясына неше мемлекет қатысты?

3.Бірінші дүниежүзілік соғыс Ресейге қалай әсер етті.

4. Соғыстан кейін Еуропа елдерінде қандай тәуелсіз мемлекеттер пайда болды?

5.Фашизм дегенімізді қалай түсінесің?

6. «Сыра бүлігін» кім ұйымдастырды?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 20 мин.(22%)

Мақсаты: жаңа сабақ бойынша түсінік беру.

1.1Тақырып жоспары:

1.Ресейдегі ақпан, қазан революцияларының болуы.

2.Кеңестердің билікке келуі.

3. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.

4.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.

5.Индустрияландыруды жүзеге асыру.

Ақпараттық дидактикалық бөлім.

Қазан революциясынан кейін Ресейде пролетарлық мемлекет құрылысы басталды. 1918 жылы қаңтарында Ресей Кеңестер Республикасы деп жарияланды. Мемлекеттің экономикалық саясаты жеке меншікті жою болды. Әлеуметтік салада большевиктердің әрекеттері ақысыз білім беру, дәрігерлік көмек көрсету, сегіз сағаттық жұмыс күнін енгізу, балалардың еңбегін қанауға тыйым салу болды. Сыртқы саясаты негізінен соғысты аяқтауға бағытталған.

Большевиктер билікке келгеннен кейін меншік иелері, дворяндар қарсы шықты. 1918 жылы басталған Азамат соғысы шетелдік интервенциямен қосылды. Контрреволюциялық күштердің арасында Англияның, Францияның, Италияның, Жапонияның, Польшаның әскерлері соғысты.

Қызыл Армия әскерлері ақтардың әскерін ғана талқандамай, шетел басқыншыларында елден қуып шықты. 1920-шы жылы Азамат соғысы аяқталды.

Бірінші дүниежүзілік соғыс, революциялар, азамат соғысы елге көп шығын әкелді. Өнеркәсіп өнімдерін шығару жеті есе, ауылшаруашылық өнімдері екі есе азайды. 1921ж. кейбір аймақтарда егіннің шықпай қалуына байланысты аштық жайлады.

1921 ж. наурызында РКП –ның Х сьезі соғыс коммунизм саясатын жаңа экономикалық саясатпен ауыстыруға шешім қабылдады.

Ресей көп ұлтты мемлекет. Оның басты проблемасының бірі ұлт саясаты болды. 1917 ж. Кеңес үкіметі Финляндияның, 1918 ж. Польшаның тәуелсіздігін жариялады. Бұрынғы Ресей империясының орнына Украйна, Белоруссия, Әзірбайжан, Грузия, Арминия, Закавказье, сияқты бірнеше мемлекеттер өмір сүрді.

1922 ж. 30 желтоқсанында Кеңестердің бірінші сьезі КСРО-құрылуы туралы Шарт пен декларацияны бекітті. 1924 ж. КСРО - тұңғыш конститутциясы қабылданды.

1925 ж. БКП-ның ХІҮ сьезі елді индусрияландыру бағытын жариялады. 1928-1932 жж. бірінші бесжылдық жоспар қабылданды. Бұл жоспар толығымен жүзеге аспады. Дегенмен осы жылдары 1500 аса өнеркәсіп салынды. Екінші бесжылдық 1933-1937 жж. қамтыды. Бұл кезде 4,5 мыңнан аса жаңа зауыттар мен фабрикалар салынды. Болат өңдіру үш есе, электр қуатын өңдіру екі жарым есе, көмір өңдіру 3,6 есе, мұнай екі жарым есе артты.

Ауылшаруашылығын ұжымдастыруға бағыт алу 1927 ж. бастап жүзеге асырылды.1936 ж. жаңа конститутция қабылданып, ол сталиндік конститутция деген ат алды. 30-шы жылдары жаппай жазалау кең етек алды. 1937-1938жылдары жүз мыңдаған жазықсыз жандар құрбан болды. КСРО сыртқы саясатта АҚШ, Франциямен дипломатиялық қатынас орнатты.

1939 жылы 23 тамызда шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет