Қоғамдық сана қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория



Дата16.05.2020
өлшемі21.25 Kb.

Қоғамдық сана - қоғамның рухани өмірінің, адам ойында шындықтың бейнеленуінің барлық түрлерін қамтитын философиялық категория; әртүрлі әлеуметтік қауымдастықтардың өмір сүруі процесінде пайда болатын адамдардың әлемге және өздеріне деген қатынастарының рухани тәсілдерінің жүйесі.

Оған қоғамдық идеялар, теориялар, саяси, құқықтық, адамгершілік, эстетика, философия және діни қозғалыстар, ғылыми білімдер, т.б. жатады. Қоғамдық сана әлеуметтік сезімдер мен көңіл-күйлерді, әдет-ғұрыптар мен мінез- құлықтарды, қалыптасқан дәстүрлерді, үлттар мен халықтардың психикалық кейіп ерекшеліктерін де қамтиды. Қоғамдық сана қоғамдық болмыстан туып, соның бейнесі мен туындысы болып табылады. Сана болмыстың бейнесі болғандықтан, қоғамдық болмыс өзгергеннен кейін сана да өзгереді. Бірақ қоғам мүшелерінің санасы белгілі бір мерзімге дейін өзгерген болмысқа сәйкес келмеуі, яғни артта қалуы мүмкін. Қоғамдық сана болмысты бейнелеп қана қоймайды, ол бейнеленген нысанды қозғайды, оны өзгертіп, дамытады. Оның күрделі ішкі құрылымдарының деңгейі мен түрлерін ашып көрсетуге болады. Қоғамдық сананың деңгейлеріне тікелей бүқараның, жекелеген әлеуметтік топтар өмірінің күнделікті жағдайларынан туатын қарапайым, эмпирикалық сана және қоғамдық топтардың түпкілікті мүдделерінің рухани көрінісі ретінде ғылыми-теориялық сана жатады. Қоғамдық сананың түрлері объективтік дүние мен қоғамдық болмыстың адам санасында бейнеленуін көрсетіп, адамның тәжірибелік іс-әрекеттерінен байқалып, қоғамның рухани мәдениетінің қүрамдас бөлігіне айналады. Қоғамдық сананың тарихи қалыптасқан түрлері: саясат, құқық, философия, мораль, өнер қоғамдық болмысты бейнелей отырып, оған белсенді түрде ықпал етеді. Оның әрқайсысының өз нысанасы мен бейнелеу тәсілінің болуына қарамастан, болмыс пен адам санасына өзіндік әсерін тигізіп, идеялық-саяси күресте ерекше рөл атқаруымен сипатталады.

Қоғамдық таптар - ортақ мүдделері және құқылықтары бар әлеуметтік тұрақты (салыстырмалы) топтар (мысалы, шаруалар, жұмысшы табы, буржуазия, орта тап және т.б.). Таптар мен тап күресі тұжырымдамасы XIX ғ. Еуропада кеңінен таралды (К. А. Сен Симон, О. Тьерри, Ф. Гизо және т.б.). К.Маркс пен Ф.Энгельс таптардың болуын қандай да бір өндірістік әдістермен байланыстырды, таптар күресін тарихтың қозғаушы күші ретінде санады және пролетариата буржуазияны күшпен төңкеріп тастау және тапсыз қоғам құру тапсырмасын жүктеді. Әлеуметтануда қоғамды тапқа және әлеуметтік топтарға (жастық, экономикалық, кәсіби, құқықтар мен міндетгер жүйесі, әлеуметтік мәртебе) бөлу орын алған. Қазіргі қоғамда қоғамдық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастары, басқа да факторларға сай әлеуметтік жіктелу және ықпалдасу проңесіне орай араларында әріптестік, бәсекелестік немесе қақтығыс туындайтын, дегенмен, демократиялық принциптер негізінде реттелетін әртүрлі жіктер мен топтар қалыптасады.

Қоғамдық сана – ол адамдардың саналы белсенділігінің ықпалымен қалыптасатын қырлары көп динамикалық үдеріс. Қоғамдық сана  кейбір нормалық жүйелер мен ұстанымдар және теориялардың қоғам өміріндегі сан түрлі ерекшеліктерін біріктіруге бағытталған тұрақты ұғым жиынтығын құрайды. Яғни, қоғамдық сана  болмысты бейнелей отырып, сол болмыспен анықталады және әртүрлі көзқарастар мен ұғымдардың жиынтығы болғандықтан өзі де оған ықпал жасай  алады.Қоғам өмірінің табиғи дамуына баланысты қоғамдық сананың қалыптасуына экономикалық, саяси, қүқықтық, моральдық (адамгершілік), діни, ғылыми, мәдени (өнер), философиялық, тарихи және экологиялық саналар ықпал ететінін әрқашан естен шығармауымыз қажет.Сонымен қатар қоғамдық сана бірнеше типке бөлінетінін де есте ұстауымыз керек.

Олар:                                                                    

– Топтық сана, қоғамдағы таңдап алған бағыт пен идеалдарының мақсаты мен мүддесі үшін топтасуға байланысты сезімнен туындайды (саяси партиялар, қауымдастықтар);        

– Таптық сана, бұл қоғамдағы қалыптасқан әлеуметтік таптардың өз мүдделері мен мақсаты үшін топтасу сезімінен пайда болады (байлар, саяси элиталар, кедейлер);                      

– Ұлттық сана, мемлекет құрушы этностың (халықтың) мүддесіне сәйкес өздерінің тарихи қалыптасқан ұлттық ерекшеліктері мен рухани құндылықтарын сақтауға бағытталған сезімдері мен мақсаттары маңайында топтасу нәтижесінде қалыптасады;

– Жалпы адамзаттық сана. Бұл ұғым евроцентризм идеолегиясының ықпалымен дүниежүзілік интеграцияның дамуына сәйкес XIX ғасырда пайда болған. Жалпы адамзаттық сана екі деңгейге бөлінеді.

Бірінші, қоғамдық психологияны қалыптастыратын теориялық сана.



Екінші, адамдардың күнделікті өміріне байланысты еркінен тыс идеологиямен байланысты қалыптасатын сана.

Яғни, қоғамдағы сананың қалыптасу ерекшелігі тек тікелей мемлекеттік саясатқа ғана байланысты емес. Осы қоғамдағы өмір сүріп жатқан адамдардың болмысының қалыптасуы, олардың отбасындағы, қоғамдық ортадағы(среда) қарым – қатынастарына, ұрпақ тәрбиелеудегі сан алуан өзгешеліктерге, білім беру жүйесі мен мәдени даму деңгейіне, тағы да басқадай  өмірде болатын құбылыстардың әсерімен қалыптасқан барша адамдардың мінез – құлқына байланысты болатыны белгілі. Адамзаттың даму тарихының бұлтартпас шындығы қоғамдық сананы саясаткерлер емес, оны қалыптастыратындар озық ойлы философтар, жазушылар, ақындар, ғалымдар, дарынды ұстаздар мен халық арасындағы кемеңгер, берері мол ибалы қарапайым қариялар.   Әр адамға тән қасиет, ол өмірдегі болып жатқан құбылыстардың ықпалын оймен зерделеу. Соның нәтижесінде адамдар үнемі ой – өрісін, болмысын  жетілдіріп отырады. Біздің қоғамдағы  қалыптасқан, тәрбиені тек жастарға беруді насихаттайтын ұғым қате. Әр адам саналы өмірінде күнделікті өзінің тәрбиесіне, яғни өз іс – қимылдарына мұқият көңіл бөлуі абзал. Сөзбен ақыл айтып қана тәрбиелеу нәтижесіз, ал тәлім бере білу анағұрлы бағалы болатыны белгілі. Сондықтан, егерде қазақ халқының мәңгі ел болуын қаласақ, ең алдымен тәрбиені үлкен буын, орта буынн өздерінен бастағаны дұрыс болады. Біз адам болғаннан соң пендешіліктен мүлде арылуымыз мүмкін емесітігі белгілі. Солай десек те, әрқашанда әр адам өзінің кемшілігін өзі түсініп, оны түзетудің амалын іздейтіні де белгілі. Мысалы: Біреулер, тәрбиеге байланысты істерге ауыр болсада өзіне қуат пен жігер беретінін ұғып бар ынтасымен беріледі. Ал, енді біреулер анда санда өзінің санасына жақсы, жағымды сөздер мен өнегелі істер ықпал еткенде ғана ұйқыдан оянғандай өз істеріне терең оймен қарауға талпыныс көрсетіп жатса, қайсы біреулердің маңайында болып жатқан қайшылығы мол өмірге көңіл аудармай өзімен өзі күй кешетіні де бар. Бұл құбылыс барлық қоғамдарға тән табиғи қалыптасатын жағдай. Әрқашанда, осы қоғамда болып жатқан үдерісті өзгертуге болама деген сұрақтар туындайды. Бұл жағдайлардың қалыптасуына және өзгеруіне баршамыз белсенділікпен ат салысуымыз қажет, сонда ғана өмірде өзгерістер болады. Бұл біздің азаматтық борышымыз. Әр адам өз деңгейінде шамасына қарай елдің бірлігі мен ынтымағын арттыруға қызмет жасауы оның мәдениеттілігі мен тәрбие деңгейіне байланысты. Мәдениетті болу, жақсы киіну, театрға бару, не болмаса жақсы көлікпен жүріп ел қыдырып әлемдігі жетістікті көру емес. Мәдениетті адам болу, ең бірінші өз елінің, халқының қамын ойлау, жақсы тәлім болар істерімен жұртына қолынан келгенше қайырылымдық жасау және сол істері үшін мадақ тілемеу. Біз, бұл өмірде мәңгі мекен етпейміз. Біздің өркениеті дамыған дәуірдегі жетістігіміз, ол бұрынғы өткен бабалардың еңбегінің жемісі. Біз келешек ұрпағымызға не береміз, әлде оңға, солға еліктеумен  бабалардан қалған құндылықтарды жоғалтумен шектелеміз бе?  Алаш елінің тәуелсіз ел болуын армандап, соның жолында білімін, жігерін қайратын жұмсап, ғұмырын құрбандыққа шалған халқымыздың біртуар арысы Әлихан Бөкейхановтың – «Қазақ баласы бірігіп, тізе қосып іс қылса, халықтық мақсат сонда орындалады.» – деген өсиетін ұмытпайық. Біздің қазіргі кезеңдегі азаматтық парызымыз ұлттық сананы парасаттылықпен дамыту арқылы мемлекетшілдік қоғамдық сана қалыптастыруға ат салысу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет