ҚОҒамдық сананы жаңҒырту емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар Қазақстан тарих толқынында 2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында»


Азаматтық қоғам - мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарты



бет13/38
Дата12.05.2022
өлшемі84,8 Kb.
#142891
түріБағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
ҚСЖ (копия)

6. Азаматтық қоғам - мемлекеттің тұрақты дамуының алғышарты.
Азаматтық қоғам – саяси үкіметке тәуелсіз жұмыс істейтін және оған ықпал жасауға қабілетті әлеуметтік қатынастар мен институттар жиынтығы; дербес жеке адамдар мен әлеуметтік субъектілер қоғамдастығы. Қандай да болмасын қоғамдық мәні бар идеяларды қабылдау қашанда сұхбатты, яғни сұхбаттасушы жақтардың түрлі көзқарастарын және маңызды тепе-теңдігін білдіреді.
Азаматтық қоғам - ол жеке тұлғаның негiзгi құқықтыры мен еркiндiктерi заң жүзiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мемлекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм. Оны iшкiмемлекеттiк қaтынacтapдың дамуына ықпал жасайтын адамдар топтарының ұйымдасқан әpeкeтi ретiнде де aнықтayғa болады. Қoғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi болып табылады.
Азаматтық қоғам дегеніміз – мемлекеттің қызметінен тыс, топтардың, ұжымдардың, экономикалық, мәдени, рухани-адамгершілік, ұлттық, діни белгілері бойынша біріккен құрылымдардың жиынтығы. Ол – қоғам мүшелері арасында экономикалық, мәдени, құқықтық және саяси қатынастары дамыған қоғам, олар мемлекеттен тәуелсіз, бірақ олармен бірігіп өмір сүретін әлеуметтік, экономикалық саяси мәдени және моральдық мәртебесі жоғары мемлекет.
Азаматтық қоғам идеясы ежелгі дәуірде пайда болған. Аристотель азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы: кімде-кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің иесі болады деп жазады. Ал азаматтық қоғам термині ең алғаш рет 1594 жылы Англияда қолданылған көрінеді. Ол латынның civis, азамат (гражданин) деген сөзінен civitas қоғам – общество деген ұғыммен ұласады. Ал шын мәнінде ол XYII ғасырда Шотландияда және XIX ғасырда Германияда жүзеге асты. Азаматтық қоғам мәселесіне Т.Гоббс, Ш.Л.Монтескье, Ж.Ж.Руссо, Т.Пейн, т.б. ойшылдар елеулі үлес қосты. Азаматтық қоғам XVIII ғасырдан бастап кең ауқымда – қоғамдық, тар ұғымда – мүліктік қарым-қатынастарды білдіретін термин ретінде қолданылды. Ағылшын, француз философтары азаматтық қоғам адамның табиғи қасиеттері, саяси міндеттер, басқару және құқық формалары, т.б. арқылы қалыптасады деп білді. Азаматтық қоғам жалпы индивидтен тыс, олардың іс-әрекеті өріс табатын орта ретінде қарастырылды. Гегельдің айтуынша: азаматтық қоғам бұл әлеуметтік және экономикалық қажеттіліктен туындаған, жеке адамдардың өз мүдделерін белгілі бір мөлшерде жүзеге асыратын қоғамның бір бөлігі делінсе, қазіргі ғылымда азаматтық қоғам дербес әлеуметтік-экономикалық өмір ретінде көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет