ҚОҒамдық сананы жаңҒырту емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар Қазақстан тарих толқынында 2013 жылдың 12 шілдесі күні «Халық тарих толқынында»


Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны



бет5/38
Дата12.05.2022
өлшемі84,8 Kb.
#142891
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
ҚСЖ (копия)

7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны
Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың "тарихи отаны" екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған. Қазақстан қазір де әлемдегі алма атаулының арғы атасы – Сиверс алмасының отаны саналады. Дәл осы тұқым ең көп таралған жемісті әлемге тарту етті. Бәріміз білетін алма – біздегі алманың генетикалық бір түрі. Ол Қазақстан аумағындағы Іле Алатауы баурайынан Ұлы Жібек жолының көне бағыты арқылы алғашқыда Жерорта теңізіне, кейіннен бүкіл әлемге таралған. Осы танымал жемістің терең тарихының символы ретінде еліміздің оңтүстігіндегі ең әсем қалалардың бірі Алматы деп аталды.
Бүгінде жер жүзінде қызғалдақтың 3 мыңнан астам түрі бар, олардың басым көпшілігі – біздің дала қызғалдағының "ұрпағы". Қазір Қазақстанда қызғалдақтың 35 түрі өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет