Қоғамдық сананы модернизациялаудағы



бет2/3
Дата09.02.2023
өлшемі0,66 Mb.
#168083
1   2   3
Байланысты:
708271.pptx

Сыни ойлау деген не?

Сыни тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль балалардың да, педагогтердің де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-сабақта балалардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз — ой қозғай отырып, оқушының өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы.

Сыни ойлау проблема шешуге бағытталумен қатар өзінділікпен (дербестік) ерекшеленеді: қандай да болмасын мәселе/ақпарат бойынша өзіндік түсінік қалыптастырып, оған тәуелсіз тұрғыдан баға беру, дербес шешім қабылдау. Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны бойынша), олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла бойынан» өткізуі қажет.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев қалың халықтың көңілінен шыққан «Болашаққа бағдар: ұлттық жаңғыру» атты мақаласында санамыздың ісімізден озық жүруінің маңыздылығын атап, жүйелі түрде талдап көрсетті. Халық ассамблеясының 26 сәуірде «Жаңғырудың негізі – тұрақтылық, бірлік, келісім» тақырыбымен өткен 25-ші сессиясында 12 сәуірде жарық көрген сол бағдармалық мақаласын кеңейтіп түсіндірді. Қоғамдық сананы модернизациялау (қазақшалағанда – жаңарту) мәселесін таратып әңгімеледі. (Модернизацияны мен осылай, жаңару деп аударғанды дұрыс көрем. Өйткені жаңғыру сөзі, менің ойымша, – ұмыт боп бара жатқан әлдененің қайта түлеуі (возрождение, ренессанс) ұғымын береді, ал алға қойылып отырған мәселе сананы жаңа сапаға көтеру жайында болғандықтан, бұл жерде жаңару (обновление, модернизация) сөзін қолданған дәлірек болар еді).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет