Қоғамдық-саяси дамудағы демократиялық үрдістер



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі40,28 Kb.
#93569
1   2   3   4
Байланысты:
Қоғамдық

Ол үшін: 1. Қоғамның саяси жүйесіне, сондай-ақ азаматтардың еркіндігіне түрлі саяси, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық күштердің залалды ықпал да болмай тұрмайды. Егер елдің саяси жүйесі тарапынан оны болдырмаудың алдын алу жоспары болмаса, яғни бұл іс өз бетімен жіберілсе, онда ол түбінде бір айтарлықтай әлеуметтік бүліншіліктерге әкелмей тұрып, факторларды зерттеп, тиісінше оң ықпал жасау, превентивті саясат жүргізу саяси жүйенің ерекше міндеттерінің бірі болып табылады.
2. Саяси жүйе қоғамның тепе-теңдік, тұрақтылық, орнықтылық белгілерінің нашарлау көріністерін дер кезінде байқап, оларды қалпына келтіруге және нығайтуға бағытталған шаралар белгілеуі тиіс. Ол үшін саяси әлеуметтік және этникалық топтар, жалпы халық бұқарасы арасында өзіне тірек болатын негіздерді (экономикалық, саяси және әлеуметтік) кеңейтіп, нығайтып отырады.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамды дамыту» тұжырымдамасы бекітілді. Экономикалық, әлеуметтік және саяси сферадағы түбірлі реформалардың арқасында қоғамдық бірлестіктер құрылып, олар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға бағытталып әрекет ете бастады.
Зерттеулер қорытындысы бойынша саясатқа қатысатын азаматтарды, партия және қоғамдық қозғалыс мүшелерін үш топқа бөлуге болады: Саясатпен еркін және белсенді араласатындар. Олар әр деңгейде өздерінің қолдарынан келгенше іс-әрекет жасап отырады (25%); Саясатты түсінуге ынталы. Бірақ әлі еркін іс-әрекетке бара қоймағандар (57%); Саясатта не болып жатқанын түсіну мүмкін емес дейтіндер, саясатқа араласудан өзін аулақ ұстайтындар (18%).
Бұдан көріп отырғанымыздай, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігінің саяси еркіндігі жоғары (82%). Селқос қарайтындары – 18%.
Зерттеулер көрсеткеніндей, қоғамдағы ақын, жазушы, жалпы зиялы қауым атаулы әлеуметтік топтағылардың саяси белсенділігі жоғары деуге келмейді. Қазақстан азаматтарының жалпыұлттық деңгейден гөрі жергілікті деңгейде саясатқа қатысуының жоғары екендігін көреміз. Бірақ жергілікті деңгейдегі өзін-өзі басқару институттарының жоқтығы, азаматтарды жалпыұлттық деңгейде қатысуда енжарлық көрсетуге алып келеді. Мамандардың зерттеуінше, азаматтық қоғам институттарының жеткілікті бекітілмеуі; мемлекеттік ұйымдардың ҮЕҰ-мен бірлесіп жұмыс жасауға тырыспауы; ҮЕҰ-ның әлсіздігі; азаматтық қоғам құру тәжірибесінің жоқтығы; патернализм – осының бәрі азаматтар еркіндігі мен белсенділігінің төмендігіне әсер етеді.
Қазақстан үшін үcтіміздегі 2009 жыл сыртқы жəне ішкі саясаттамаңызды рөл атқаратын жыл, өйткені Қазақстан өзінің 2010 жылыЕҚЫҰ-на төрағалық ету міндетіне қатысты биылғы жылдан бұл ұйымды басқарушы «үштіктің» құрамындағы қызметін бастауынабайланысты өзінің саяси принциптерін айқындап, жаңарту шараларына аяқ басты. Қазақстан өзінің 2010 жылғы төрағалығыныңөкілеттіліктерін тиімді жəне қажетті салаларда жүзеге асыру үшінөз алдына төрағалықтың күн тəртібіндегі мəселелерді айқындап,оны жүзеге асырудың базалық жағдайлары мен шараларын негіздеуі қажет.
Осындай шаралардың бірі ретінде ҚазақстанныңЕҚЫҰ-на төрағалық етуі кезеңінде ұйымға мүше-мемлекеттерарасындағы, посткеңестік мемлекеттер мен еуропалық елдержəне де Шығыс пен Батыстық өркениетті ұстанушы халықтарарасындағы сындарлы пікіралмасуды қалыптастыруды алуғаболады. Бұл жағынан алғанда Қазақстанның ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттерге ұсынуға тұрарлықтай ұлтаралық жəне дінаралықкелісімнің қазақстандық үлгісіне ие. Қазақстан Республикасыөзінің тəуелсіздігінің алғашқы күндерінен бастап-ақ ұлтаралықжəне дінаралық келісім нығайту шарасын мемлекеттік даму мен оның территориясындағы ұлттардың өсіп-өнуі, бірін-бірі
сыйлауы мен құрметтеуінің негізгі принциптерінің бірі ретінде қарастырды.Тəуелсіздік алған жылдардан бергі қоғамдағы жаңарулар, реформалар мен өзгерістер қазақстандық қоғамындағы əлеуметтік-саяси мəселелерді тыңғылықты зерттеу қажеттігін көрсетеді. Қазақстандықтар тəуелсіздіктің өткен 18 жылы ішінде қоғамдық тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен жалпы қазақстандық патриотизм, ұлттық сəйкестілікті қамтамасыз етудің өзіндік үлгісін жасады. Президент айтып өткендей: « – бұл қазақстандықтардың өзіндік жаңалығы, біз оны мақтан тұтып, қорғай білуіміз қажет» [1]. 
Бүгінгі таңда Қазақстан ұлтаралық жəне дінаралық келісім мен ымырагершілікті негізге алған 140 астам ұлт өкілдері мен 40 астам дінді уағыздайтын үш мыңға жуық діни бірлестіктердің отаны болып отыр. Қазақстан тəуелсіздік жылдарында бұл стратегияның өміршеңдігін көрсетіп, оның бүкіл адамзат
қауымының дамуындағы халықтардың өзара қарым-қатынас мəдениетінің қазақстандық үлгісінің қажеттілігін танытты. Халықтардың өзара қарым-қатынасы мəдениетініңқазақстандық үлгісі – бұл қоғамдағы шиеленістік, қақтығыстықжағдайды жеңу ғана емес, сонымен қатар, оның болашақтаұзаққа созылған қарсылық пен мəңгілік жек көрушілікке ұласыпкетпеуінің алдын алу болып табылады. 
Қазақстан қоғамыныңбұндай жетістікке қол жеткізуі оның халқының ұжымдық субъекті ретіндегі жəне оның əрбір мүшесінің өз бойында ұлтаралық қарым-қатынас мəдениетін жоғары қоюында болып отыр. Бұған Қазақстан Республикасының алғашқы кезеңнен бастап зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде дамуды қолға алып, өз конституциясында республика территориясында тұратын кез-келгеназаматтың толық құқықтылығына кепіл болуы үлкен ықпал етті. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Тегiне, əлеуметтiк, лауазымдық жəне мүлiктiк жағдайына, жынысына, нəсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiни көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкiмдi ешқандай кемсiтуге болмайды» деп азаматтарының өз құқықтарын толығымен пайдалануына мүмкіндік жасаған [2]. 
Əлемдегі кез-келген Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекеттің өзінің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтаудың негізгі шарттарының бірі – ол оның азаматтарының ұлтқа бөлінбей, бір қауымға, тұтас халық дəрежесіне біріктіру мəселесі алынады. Сондықтан да, Қазақстан билігі өз азаматтарының ұлттық ерекшелігін сақтай отырып, жалпы қазақстандық ұлт дəрежесіне біріктіру саясатын ұстанған. Бұл бағытта негізгі назар əр ұлт өкілдерінің республика азаматы ретінде саяси топтасуы қарастырылған жəне ол ұлттардың мүдделерінің ортақтығына қатысты құрылып, мемлекеттік саясаттың жалпыұлттық құрылысында есепке алынуы қажет. Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы ұлттық құрылыстың негізгі құрамының бірі ретінде ұлттық плюрализм алынып отыр. Аталынған бағыттың жүзеге асырылуы барысында біршама жетістіктерге қол жеткізілген. Мысалы, біріншіден, əлеуметтік зерттеу деректеріне сай қазақстандық тұрғындардың басым бөлігі өздерін Қазақстан Республикасының азаматы деп санайтынын мəлімдеген. Екіншіден, Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінеөздерінің ұлттық-мəдени мүдделерін жүзеге асыруға қолайлыжағдай жасалынған.
Осылайша, Қазақстан өз тəуелсіздігінің алғашқы жылдарынан бастап-ақ көп ұлтты жəне түрлі дінді ұстанатын қоғамда этностардың өзшілігі мен бірігуін сақтауға негізделген ұлтаралық
қатынастарды қамтамасыз ететін өзіндік айрықша үлгініқалыптастырған. Ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі деңгейде жүзеге асырылады: тұжырымдамалық деңгей; саяси-құқықтық (конституциялық) деңгей; институционалдық деңгей жəне ғылыми-əдістемелік деңгей. Тұжырымдамалық деңгей еліміздің ұлтаралық қатынастарындағы тұрақтылықты қамтамасыз етеді жəне ол: əлеуметтік-экономикалық, мəдени, ождандық, тұрмыстық жəне басқа да өзара тəуелді, толықтырушы факторларды есепке алу, Қазақстан ұлттарының өз мəдени дамуын еркін қамтамасыз ету жəне олардың мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру принциптеріне сүйенеді. 
Саяси-құқықтық немесе конституциялық деңгей мемлекеттің ұлтаралық қатынастар саласын реттейтін заңнамалық актілер жəне ұлттық саясатты жүргізуге қатысты басқа да құжаттардың негізінде жүзеге асырылады. Ұлтаралық келісімнің құқықтық негізі ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заңы танылады.
Тіпті Ата Заңның 39-шы Бабы: «ұлтаралық келісімді бұзатын кез-келген əрекет конституциялық емес деп танылады» деп көрсетілген. Сонымен қатар, Негізгі заңның 7 Бап («мемлекет Қазақстан халқының тілдерін дамыту мен оқуға жағдай жасайды») пен 19 Бап («əр азамат өз тілі мен мəдениетін пайдалануға құқылы») пен басқа да «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы», «ҚР тілдері туралы», «Мəдениет туралы», «Тарихи-мəдени мұралары объектілерін қорғау мен пайдалану туралы» заңдар Қазақстандық кез-келген азаматтың өз тілінде білім алу, дамыту мен мəдениетін уағыздауға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, Қазақстан ұлттары 2007 жылғы конституциялық реформаның нəтижесінде республиканың жоғарғы заң шығару органына өкілдер жіберу құқығына ие болды. Қазақстандағы ұлт өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясы арқылы өздерінің ұлттық мүдделерін еліміздегі жоғарғы трибуна арқылы шешеді.
Осылайша ҚХА Қазақстан ұлттарының мүддесін қорғаушы нақты механизмге айналды. Институционалдық деңгейде ұлтаралық келісімді қамтамсыз етуші негізгі ұйым ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы танылады. Ассамблеяның қол астында 22 республикалық жəне
аймақтық ұлттық-мəдени орталықтар жұмыс істейді. Олар өз кезегінде 470 астам облыстық, қалалық жəне аудандық ұлттық орталықтарды біріктіреді. ҚХА жұмысын жүргізуде оның аймақтық бөлімшелері – Кіші Ассамблеялар маңызды рөл атқарады. Қазақстан территориясының ауқымдылығы мен
оның аймақтарында ұлт өкілдерінің топтасып орналасуы ұлт мəселелерін шешетін арнайы ұйымдардың қажеттілігін тудырды.Ұлтаралық келісімнің ғылыми-əдістемелік деңгейде жүзеге
асырылуы төмендегідей шаралар арқылы жүргізіледі: ұлтаралық қатынастардың дамуының үрдісі мен жағдайының мониторингі; қауіп-қатерлерді айқындау; факторлық талдау мен қажетті
ұсыныстар жасау. 
Ұлттар арасындағы толеранттылық мəдениетін дамыту, ұлтаралық жəне дінаралық келісімді қолдау жəне дін мен ұлт мəселесіне қатысты қақтығыстардың алдын алу мəселесі ұлттық саясаттың ақпараттық қамсыздандыру жүйесін қалыптастыру қажеттігін көрсетеді. Осылайша, ұлтаралық келісімінің қазақстандық үлгісі бірнеше негізгі принциптерге, яғни мемлекеттік саясаттың негізге алатын идеялардың, ұстанымдардың өзара тəуелділігіне сүйенеді. Оның ішінде маңыздылары ретінде: ашықтық пен жариялылық; заңдылық, қолданыстағы күштер, қаржы мен əдістерді заңды
тіркеу мен құқықтық реттеу, ұлттық құрылыс мəселелерін саясат- сыздандыру; ождандық бастамаларда гуманизм, əділеттілік жəне адамгершілікті ұстану; өзара көмек пен қолдау; қайшылықтардың алдын алу шараларын қарастыру жəне т.б. аламыз. Көптеген зерттеулер мен өмірлік тəжірибе көрсетіп отырғанындай ұлттар арасындағы келісім мен татулық этностардың өзара түсіністігі жағдайында ғана қол жеткізіледі. Бұл бағыттамəдениеттер арасындағы диалог қоғамның толеранттылығын артырады. Осыған сай Қазақстанда тəуелсіздіктің өткен жылдары стандарттарын зерттеп, республикада қабылдаумен қатар, осы саладағы қазақстандық тəжірибені де ұйымның күн тəртібіне ұсыну негізгі мақсат болуы керек. Бірақ, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық үлгісін ЕҚЫҰ-на мүше-мемлекеттер үшін бейімдеу үшін тиімді жолын айқындап, Ұйымның мүшелері қатынасының əлеуметтік-саяси жүйесіне кірігу мүмкіндігін қарастыру қажет.
Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірегейліліктің бес деңгейін көрсетуге болады. Əр түрлі этностық топтардың ұлттық ұстанымдарын төмендегідей сипаттап, ұлт бірегейлілігін зерттеушілердің кейбіреулері бұл жіктеумен келіседі:

  1. Кейінгі уақытта саны азайып келе жатқан ұлттық, этностық əр түрлілікке мəн бермейтін жəне өзінің де қай ұлтқа, этносқа жататынына назар аударғысы келмейтін адамдар. Бұл адамдар үшін ұлттық бірегейліліктің маңыздылығы өте төменгі дəрежеде болып табылады.

  2. Керісінше, кейінгі кезде саны көбейіп келе жатқан өз ұлтына, этносына баса назар аударып, оның дəстүрі мен тілін дамыту қажеттілігін үнемі еске салатындар. Объективті себептерге байланысты оларды түсінсек те, кейде олардан келесі топқа жататындар шығуы да мүмкін.

  3. Ұлттық «байбалам салушылар». Бұл саны жағынан аз топ өкілдері өз ұлтына қауіп төніп тұр деп сезініп, саяси күштер арқылы қорғаныс жолдарын іздейді.

  4. Космополиттер, этникалық құндылықтардан жеке адами (жалпы азаматтық) құндылықтарды басым қоятын жəне мемлекеттік құндылықтардан ұлттық құндылықтарды басым қоятын азаматтық идеологияны жақтайтындар. Сондықтан бұл топ өкілдері алғашқы үш топтың кейбір элементтерін өзіне алған болып есептелінеді. Яғни ұлттық идеяға немқұрайлылық, азаматтық қоғамды ұлттарға сыйластықпен қарау жəне ұлтаралық қатынастарға мəн бере отырып, ұлтты сақтап қалуды көксейді.

  5. Бесінші топ — салауатты, нақты дамыған ұлттық бірегейлілік. Ол басқа этностардың, ұлттар мен ұлыстардың мүдделерін жақсы түсінетін, сол мүдделердің қанағаттануын қажет деп санайтындар. Ол өз негізінде жалпыұлттық идеяны иеленген, өз ұлтының жағдайын ойлайтын, оның ерекшелігін, мəдениеті мен тілін дамытуды көздейтін, ата-баба тарихына ізетпен қарайтындар. Бұл деңгей Қазақстандағы барлық этностық топтар өкілдерінің ұлттық ділдерінің бірігуіне жағдай тудыра алады [10].

Сондықтан Қазақстанның əлеуметтік, саяси, мəдени дамуында ұлттық бірегейлілікті қалыптастыру мəселесі қазақ философиясында өзекті деп санаймыз, бұл мəселені терең зерттеу үшін қазіргі кезде осы тақырып айналасында кездесетін кейбір мəселелер мен қиындықтарға тоқталып кеткен жөн.
Ұлттық бірегейлілік мəселесінің қиындылығы мен күрделілігі — оның көп қырлылығында. Соңдықтан оны зерттеу барысында белгілі бір оқиғалардың, саяси бағдарламалардың, əдемі идеялардың, сезім мен көңілдің жетегінде кетуге болмайды.
Қазақ философиясының негізін қалаушылардың бірі — Абай ілімі бүгінгі ұрпақты «қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ» [11] дегендей ұлттың жан дүниесіне терең үңіліп, сын көзбен қайта қарауды талап етеді. Айта кету қажет, ұлттық бірегейлілік тұрақты сипатқа ие, алайда оған қоғамдық- тарихи тəжірибені ұрпақтан ұрпаққа бергенімен, оған жасампаздық та бөтен емес. Сондықтан ұлттық бірегейліліктің құрамдас бөліктерін, қазіргі ғылымда бірегейлілікпен қатар қолданыста, алайда одан мəні жағынан айырмашылықтары бар ұғымдар мен құбылыстарға анық, əрі толық түсінік беретін кез жетті. Солардың бірқатарына тоқталсақ.
Бүгінгі қазақстандық ұлттық сананың дамуында екі бағыт байқалады. Біріншісі — қазақ ұлтын асыра мадақтау. Бір халықты орынсыз дəріптеу, оның тарихын бірыңғай батырлық пен даналықтың үлгісі ретінде баяндау, болмаса оны тарихтың құрбаны етіп көрсету, ұлт басына түскен ауыртпалықтары бір ғана отаршылдардың, басқыншылардың арам пиғылымен түсіндіру сияқты біржақты пікір де ұлтты тоғышарлық рухта тəрбиелейді.
Ұлттық ерекшелікті көрсетудің объективтендірілген түрі ретінде, мысалы, ұлттық мінез- құлықты жатқызуға болады. Ол бірегейлік ерекшеліктер мен əлеуметтік іс-əрекетте байқалатын сыртқы көрініс, бір ұлттық топтың екінші топтан айырмашылығы түрінде байқалады.
Ұлттық өзіндік сана мен ұлттық бірегейліктің негізінде сəйкестенудің əлеуметтік механизмі жатыр. Ұлттық жəне этностық бірегейлілік тұлғаның əлеуметтік нақтылықты меңгерудегі маңызды механизмдерінің бірі, ол əр түрлі ұлттық топтар мен əлеуметтік байланыстардағы ұлттық мінез- құлықтың қалыптасуында күшті фактор ретінде тұлғалық пікірлер жүйесінің қалыптасуына негіз бола алады. Ұлттық жəне этностық бірегейлену бұқаралық іс-əрекет пен саяси іс-қимылдарына өте мықты катализатор ретінде қызмет етеді (əсіресе дағдарысты қоғамдарда).
Ұлттық жəне этностық қалыпқа жатқызу туған кезден бастап, ана тілінде сөйлеумен жəне адамның қоршаған ортасындағы мəдениетпен бірге жасасады, ал қоршаған ортадағы мəдениет өз кезегінде жалпыға бірдей тəртіп стандарттарын жəне тұлғаның өзіндік дамуына əсер етеді.
Ұлттық жəне этностық бірегейленудің тұрақтылығы адамның өзі туралы өзіндік түсінік пен басқалардың түсініктері арасындағы, əлеуметтік жəне жеке «Мен» арасындағы үйлесімді қарым- қатынасқа жету қабілетін қамтамасыз етеді. Алайда мұндай бейімделу динамикалық үрдіспен қалыптасады, себебі адамдардың дамуы барысында олардың ұлттық бірегейлігі үздіксіз өзгеріп тұратын сыртқы ортаның сынақтарына ұшырайды. Осыдан келіп, əлемдегі өз орны туралы, өз мақсаттары мен басқалармен қарым-қатынастары туралы белсенді түрде ой түю нормативті жəне психикалық-əлеуметтік дағдарыс мүмкіндігі туады.
Бірегейлік тұлғаның қоршаған əлеуметтік ортамен қарым-қатынасынан, іс-əрекеті ерекшеліктерінен көрінетін өзіндік белгілерден құрылған тұлғалық «қойма». Бірегейлік өз негізінде нақты тұрақты тұлғалық тəртіптің бағыттылығына жағдай жасайтын, əр түрлі салалардағы нақтылыққа байланысты адамның қажеттіліктерінің, сезімдерінің, мүдделерінің, идеалдарының, мақсаттарының үстемдігін көрсетеді.
Ұлттық бірегейлік құрылымында ерекше орынды оның менталдық бірлестігі алады, ол саналы немесе санасыз өз ұлттың рухани тəжірибесімен сусындайды. Философиялық құрылымдар өз дүниесінде белгілі бір ұлттың тəжірибесімен тығыз байланысты. Ұлттың рухани мұрасы қаншалықты бай болса, ол ұлт даму барысында ұтқыр іс-əрекеті жемісті болып келеді.
Ұлттық бірегейлік пен ұлттық менталитетті тығыз байланыстыратын тағы бір компонент ол ұлттық имидж болып табылады. Ұлттық имидж дегеніміз — басқа халықтың өкілдеріне танылатын сипат жəне де сол арқылы нақты бір ұлт өзін басқаларға көрсетіп, дəлелдей алады. Ұлттық имидж де ұлттық менталитетті, бірегейлікті зерттеуде маңызды орын алады, ол туралы Б.Ф.Поршнев былай дейді, ұлттық имидждің ядросы ретінде «біз» ұғымының жеке немесе ұжымдық деңгейде түсінілуі жатады [12]. «Материал алғашқы қауымдық қоғам тарихынан ғана емес, алайда əр түрлі тарихи кезеңдерде көрінеді, кейде тіпті «олар» деген ұғым болса да, «біз» ұғымы жоғалып кетеді. «Олар» — «біз» емес немесе, керісінше, «біз» — «олар» емес. Тек қана «олардың» барлығы, «оларға» қатысты өзіндік анықталып алу арманын тудырады, «олардан» «біз» деген сезім арқылы бөлініп шығу».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет