Қорытындылай келгенде айтарымыз, ұлттық бірегейлік, əрине, көптеген сыртқы факторларға байланысты сырттай өзгергенімен, заманға сай бейімделгіштік қасиетін көрсете отырып, өз ядросын, немесе түпкі тамырын өзгеріссіз қалдыра алады. Сол арқылы өзіндік ықпал да етеді. Бұл жағдайда бірегейлік қорғағыштық қызмет атқарады. Заманның қойған талабына сай ұлттың бейімделуін жеңілдететін де осы бірегейліктің қасиеті.
Қазақ ұлттық бірегейлігін қазақ халқының өзіндік сананың, рухани дүниесінің сыртқы көрінісі ретінде қарастыра отырып, қазақтың ұлттық бірегейлігіне сипаттама бергенде біздің мақсатымыз басқа халықтарда жоқ қасиеттер, өз ұлтымызда бар деп айтудан аулақпыз. Ұлттық қасиеттер барлық халықтарда кездеседі, тек мəселе — ол қандай деңгейде көрсетілгендігі. Мысал ретінде өмір сүруге қабілеттілікті алсақ, ол барлық ұлттарға тəн қасиет, тек кейбір объективті себептерге — халықтың маңдайына түскен қиын тарихи сынақтарға байланысты — ол біздің ұлттық менталитетімізде, бірегейлілігімізде қарқынды даму деңгейде кездеседі. Ұлт бірегейлігін зерттеген ойшылдардың атап кеткен ұлттық қасиеттер, əлеуметтік нақты өмірде көрініс тауып отыр, бұл жерден біздің көретініміз — саналылықтан санасыздықтың басым тұрғаны; адамгершілік жəне рухани элементтердің мəнінің жоғарылығы.
Біздің жолымыз - ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Бұл жайында Ақорда жария еткен Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласында айтылған.«Біздің жолымыз - ол бірлік жолы және азаматтық біртектілік негізінде ұлтты дәйектілікпен қалыптастыру жолы. Қазақстандықтардың азаматтық біртектілігі мен біртұтастығын нығайтуға бағытталған төртінші реформаның мәні де дәл осында»,- деп жазады Елбасы. Мемлекет басшысы бізде қазірдің өзінде Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясы сынды екі негіз бар екендігін, оларды дамыта отырып, біз өзіміздің Болашағы Біртұтас Ұлтты дәйекті түрде нығайта беретіндігімізді атап өткен. Елбасының атап өтуінше, Қазақстан халқы Ассамблеясының миссиясы - бізді этносаралық бейбітшілік пен келісімнің мызғымастығына бастайтын жол. «Ғылым жердегі әрбір этнос кем дегенде бір айрықша сапаға ие дегенді айтады. Біздің өміріміз қазақстандық 100 этностың 100-ден кем емес, айрықша және қайталанбас ерекшеліктері бар екенін көрсетіп отыр. Олардың бәрі жиналып келгенде біздің Біртұтас Ұлтымызға тамаша артықшылықтар береді. Көпэтностық - біздің ортақ ұлы қазынамыз! Міне, 20 жылдан бері Қазақстан халқы Ассамблеясы осы байлықтың басты сақтаушысы миссиясын табысты атқарып келеді. Ассамблея - біздің қазақстандық біртектіліктің негізі де осы», - дейді ҚР Президенті. «Екіншіден, біз Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясына ие болдық. «ЕЛ» сөзінде үлкен біріктіруші күш бар, өйткені, барлық уақыттарда да туған жер қазақстандықтар үшін ең жақын және өзіне тартушы құндылық болған және болып қала береді. Мәңгілік Ел идеясында болашаққа деген жалпыхалықтық сенім айнадағыдай көрініс тапқан. Жасампаз қазақстандық патриотизмнің осынау негізін біз өзіміздің ұлы істерімізбен қалыптастырдық. Оны нығайтып және көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге, ұрпақтан ұрпаққа, дәуірден дәуірге ұластырып отыру керек. Мәңгілік Ел Патриоттық актісінің тарихи және рухани күші де осыдан танылуы тиіс. Біз біртұтас азаматтық, Мәңгілік Ел жалпыұлттық құндылықтары қағидатында, Тәуелсіздік жылдары ішіндегі біздің жетістіктерімізді жұмылдыру, сондай-ақ, үш тұғырлы тіл мәдениетін енгізу негізінде Қазақстан қоғамын дамыту арқылы ортақ біртектілік пен ел бірлігін нығайтуды мақсат етудеміз.Біздің күретамырлық басымдықтарымыз да осы. Осы бағыттар бойынша жұмысты жалғастыру үшін, сөз жоқ, ЭЫДҰ елдерінің тетіктер жүйесі пайдаланылады. Олар қазақстандық ерекшелікті ескере отырып, ең алдымен, мәдениет пен білім беру саласын жаңғырту үшін, жастарды әлеуметтендіру және патриоттық тәрбие беру үшін бейімделген», - дейді Елбасы.