Адамның мәдени тұлға ретіндегі табиғатын зерттеуші ғалымдар, адамның мәдениеті мен қасиетін түсіндіру үшін сол адамның өскен, өнген, білім алған, тәрбиеленген ортасында алған тәлім-тәрбиесі негіз болатындығын айтады. Осы арада білім мен тәрбие беру ортасы ретінде университеттер қоғамның дамуына қалай көмектесуге болады және университет бітіруші түлектерімізді мансапқа, табысқа, жалақыға, қоғамдағы жақсы жағдайға бағыттап қана қоймай, оған қол жеткізе алмайтындар туралы ойлады қалай қалыптастыруға болады? Сондықтан студент жастарды құндылықтарымызға сәйкес, қоғамда ықыластылықты қалыптастыруға бағыттау мақсатында осы оқу жылынан бастап, әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, әлеуметтік жоба- ларды қамтитын «Қоғамға қызмет» (Service Learning) пәні енгізілді. Алғаш рет Service Learning бағдарламасы АҚШ-та әзірленіп, сынақтан өткізілді және тәжірибелі оқытудың тығыз қалыптасқан практикасында бастау алады. Service Learning – азаматтылыққа, академиялық пәндерге, дағдылар мен адами құндылықтарға оқыту әдісі. Бұл жобаны енгізген АҚШ жоғары оқу орындарының бірі – Стэнфорд университеті. Содан кейін Аргентинада, Чилиде және Еуропаның кейбір елдерінде таралған. Бүгінге дейін Қазақстанда Service Learning жобасы тек екі ЖОО-да енгізілді: AlmaU және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ. Жобаның мақсаты – білім алушылардың сана-сезіміне адамгершілік, қоғамға қажеттілік

Маңызы
Мұндай жоба арқылы студенттер қоғамның әлеуметтік мәселелерін көріп, шешу жолдарын үйренеді әрі әлеуметтік мекемелерде істәжірибеден өтеді. Яғни, аталған оқу курсы аясында білім алушылар қоғамға қызмет етуді оқиды және қарттар үйінде, мүгедектер үйінде, сондай-ақ басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренеді.
Қызметі
Волонтерлық жұмыс нәтижесінде оқу үде‐ рісін нақты мекемеде іс-тәжірибемен ұштастыру мүмкіншілігі пайда болады.
2018-2019 жылы Маңғыстау облысында 85 балаға қарсы қылмыстық іс-әрекет тіркелді, оның ішінде 29-ы жыныстық зорлықзомбылық. 7 бала өз-өзіне қол жұмсаса, 47 бала өз еркімен үйінен кетіп қалды. Ресми деректер бойынша бүгінгі күні әлеуметтік қорғау органдарында 25771 мүгедек тіркелген. Оның ішінде 5188-мүгедек балалар, бұл барлық мүгедектердің 20%-ы, ДЦП ауруымен ауыратын 290 бала, аутизмі бар 92 бала, Даун синдромы бар 65 бала. Ақтау қаласында 153 мүгедек бала, 95-БЦП ауруымен, 10 – аутист бала, 11 – Даун синдромымен өмір сүреді. Бүгінгі күні №2 арнайы қызмет көрсету орталығы (қарттар үйінде) 107 қарт пен мүгедек тұрады, қалада 549 жалғыз басты қарт, 114 жалғыз басты мүгедек тұрады. Балалар психоневрологиялық интернат үйінде 114 бала емделуде, оның ішінде 63 бала тұрақты түрде интернатта өмір сүреді, ал балалар ауылында 40 бала тәрбиеленуде

«Мұндай жоба арқылы студенттер қоғамның әлеуметтік мәселелерін көріп, шешу жолдарын үйренеді әрі әлеуметтік мекемелерде істәжірибеден өтеді. Яғни, аталған оқу курсы аясында білім алушылар қоғамға қызмет етуді оқиды және қарттар үйінде, мүгедектер үйінде, сондай-ақ, басқа да әлеуметтік ұйымдарда жұмыс істеу арқылы алған білімдерін тәжірибе жүзінде қолдануды үйренеді.» Берік Ахметов