Қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі24,91 Kb.
#92349
1   2
Байланысты:
Байлық кедейлік

Кедейлік – жеке адамның, отбасының немесе әлеуметтік топтың қажетті игіліктер құнын өзі төлей алмайтын экономикалық жағдайы, яғни өзінің өмірлік қажеттерін қамтамасыз етуге жағдайының жетіспеуі немесе негізгі тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру мүмкіндіктерінің жоқтығы. Кедейлік салыстырмалы түрде белгілі бір қоғамдағы тұрмыстың деңгейіне, қоғамдық байлықтың бөлінуіне байланысты болатын процесс. Оның пайда болуының негізгі себептері – саяси, экономикалық және демографиялық жағдайлар, саяси-экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, жалақы мен зейнетақының күнкөріс минимумынан төмендігі, халықтың әлеуметтік тұрғыдан нашар қорғалуы.
Кедейліктің асқынуы халық бұқарасының жаппай қайыршылануына апарып соқтыруы мүмкін. Кедейлік, материалдық жоқшылық рухани кедейлікке ұласады. Мұның салдары елде түрлі қылмыстың етек алуына, азғындыққа апарып соқтырады.Кедейлік әлемнің барлық елдерінде бұрын да болған, қазір де бар. Жер шары халқының саны 1960 жылы 3 миллиардтан көбейіп XXI ғасыр басында 6 миллиард адамды құрап отыр. Соңғы 30 жылда шектен шыққан кедейлікте өмір сүретін адамдар үлесі екі есеге азайды. Бүкіл әлемде азаматтардың көпшілігі өзін және өз отбасын жеткілікті деңгейде қамтамасыз ете алатын жағдайға жетті. Алайда, халық санының артуына байланысты мұқтаждықта өмір сүретіндер саны, кедейлікпен күрес жөніндегі екіжақты және көпжақты бастамаларға қарамай, сол күйінде өзгермей отыр - 1,2 миллиард адам қазіргі әлемде кедейліктің сипаты әртүрлі: ашаршылық, таза ауыз судың және қарапайым санитарлық жағдайдың жоқтығынан жапа шегуші балалар, өз отбасын қамтамасыз ету мүмкіндіктері жоқ ересектер. 1,2 миллиард астам артық адам бір күнде бір доллардан кем ақшаға өмір сүруде 800 миллион адамнан аштық зардабын шегуде. Кедейлік мәселесі қара ниетті басқарудың, саяси тұрақсыздықтың, қақтығыстардың, жұқпалы індеттердің және табиғи апаттардан қорғансыздықтың негізінде қоғамның әлеуметтік-саяси құлдырауы салдарынан қиындай түсуде. 1990-шы жылы әлемнің көптеген аймақтарында кедейлік деңгейі біршама төмендегеніне қарамастан, Африкада (әлемнің ең кедей 20 елінің 18-і осында орналасқан) кері үрдіс байқалуда. 2010 жылы қарай 435 миллион Африкандықтар азық-түліктің жетіспеушілігіне ұшырауы мүмкін деген болжам бар. 2000 жылы әлемдік қауымдастық 2015 жылы дейін кедейлікті жартысына дейін қысқарту міндеттемесін қойды. Бұл мақсатқа жету үшін 2005 жылы "Үлкен сегіздік елдері" Африкаға қажетті ресурстарды бөлу жөнінде саяси міндеттемелер қабылдады. Кедей оңтүстік - жер құрлығының оңтүстік кеңістігін жайлаған (әдетте, солтүстік жартышарының 30-шы параллелінен оңтүстікке қарай) және индустриалды дамыған елдерден әлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша артта қалған тәуелсіз елдер тобы.[1]

Байлық пен Кедейлік туралы аңыз


Күндердің бір күнінде Байлық пен Кедейлік «Кім сұлу?» деп сөз таластырыпты. Алайда бір ымыраға келе алмаған соң, жаяулатып келе жатқан ер азаматқа:
-Cіздің сұрағымызға сен жауап бере алатын сияқтысың. Айтшы, екеуміздің қайсымыз әдеміміз, сұлумыз? – деп сұрапты.
«Қап, қалай жауап берсем екен?» – деп жаяу жүргіншінің басы қатады: «Кедейлікті сұлу десем, Байлық ренжіп, менен кетіп қалар. Байлық сұлу десем, Кедейлік маған ызланып, бас сала төнуі мүмкін. Қайтсем екен?»
Ары ойланып, бері ойланып: «Бірден бұл сауалға жауап беру қиын екен. Сендер ары-бері жүріп көріңдер, мен қарап көрейін», – дейді.
Байлық пен Кедейлік ары да өтеді, бері де өтеді. Бар сұлулығын көрсетуге тырысып бағады.
– Иә? Қайсымыз сұлу екенбіз ә? – дейді екеуі жарыса.
Ер адам жымиып:
– Сен, Кедейлік, кетіп бара жатқанда, яғни артыңнан қарағанда сондай сұлу әрі тартымды көрінесің. Ал, сен, Байлық, керісінше жүзіңмен бері қарап, адамға қарай жүргенде сұлулана түсесің, – деген екен.

Байлар ақша мен уақытты үнемдейді.


Кедейлер тапқанының барлығын жұмсайды. Ал байлар жинайды.
Кедейлер шай-пұл беруге мәрт болса, байлар бұған келгенде ұстамдырақ.
Кедей белгіленген бағаға сатып алады, ал байлар кез келген жерде жеңілдік талап етеді.
Байларда ешқашан артық ақша болмайды, ал кедейлерде ол әрқашан бар.
Бай өзіне күтпеген жерден бір нәрсе сатып алуға ерік бере алмайды.
Ауқаттылардың басты ережесі «біз арзан зат сатып алатындай, сонша бай емеспіз».
Бай ақшамен өмір сүреді, ал кедей өзін арабтың шейхіндей көрсетеді.
Кедей қолынан келгенін істеп ақша табады, бай барлық нәрседен ақша табудың жолын іздейді.
Кедей кедейге көмектессе, бай байға көмектеседі.
Бай табыс әкелетін жерге ақша салса, кедей шығындалатын жерге ақша салады.
Байға бір теңге берсең, миллион табады, кедейге миллион берсең, құртады.
Бай өзінің шығындарына есеп береді, ал кедей өз ақшасының қайда кеткенін білмейді.
Кедей ақша жайлы сөйлеп,ойланса, бай ол жайлы үндемейді.
Кедейге ақша – өмірдің мақсаты болса, бай адам үшін – мүмкіндік.
Байлар ақшаны билесе, ақша кедейлерді билейді.
Кедей кредитпен өмір сүреді.
Бай нақты іспен және сандармен ойланады.
Кедей әрқашан қажетсінеді.
Кедей барлық нәрседен кедей.
Кедейге байлық берсең, оның әлсіз жерлерінің барлығы байқалады.
Бай адам бәрінен айырылса да, өзгермейді.
Кедей байды жақтырмайды, бай болса, кедейге назар аудармайды.
Бай кедейге құлақ салса, кедей байды естімейді де.
Кедейде өзінен басқасының барлығы кінәлі болса, бай кінәні өзінен іздейді.
Кез келген кедейде бай жасырылған.
Кедейді байдан асығыстық пен сабырсыздық ажыратады.
Байдың бәрі нағыз бай емес.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет