Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі



бет1/2
Дата17.09.2023
өлшемі0,63 Mb.
#181314
  1   2
Байланысты:
Презентация 2 тақырып


«АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
https://atu.kz/
«Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультеті
«Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар» кафедрасы
«Әлеуметтік-саясаттану білім модулі
(әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану, психология)
№2 ДӘРІС Әлеуметтану теорияларына кіріспе
Саяси ғылымдарының кандидаты, КОжҚҒ кафедрасының сениор-лекторы Қамырова Г.А.
Раб.тел.:8 (727) 296-71-52 (вн. 107)
Эл.адрес: kamyrovazhana@mail.ru
Дәріс жоспары:
1.Әлеуметтанудың даму тарихының негізгі кезеңдері.
2.Әлеуметтанудың негізгі теориялары мен бағыттары.
Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз көне заман философиясынан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы VI ғасырда өмір сүрген ұлы ойшылдары Платонның “Заңдар”, “Мемлекет туралы” еңбектері мен Аристотельдің “Саясат”, және т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Н.Макиавелли, Ж-Ж. Руссо, Т. Гоббс және т.б. ғалымдардың еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.
Осы тұрғыдан алғанда әлеуметтану ғылым ретінде көне немесе қайта өрлеу дәуірлерінде қалыптасты деп айтуға бола ма деген заңды сұрақ туады. Әрине, жоқ. Бұл жерде әлеуметтанудың бастамашысы - әлеуметтік философия өмір сүріп, онда қоғам, адам, олардың дамуы туралы мәселелер қойылып, өзінше шешілді десек орынды болар еді.
Әлеуметтану ХІХ ғасырдың 40-жылдары, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конттың 1839 жылы “Позитивтік философия курсы” атты еңбегі шыққанан кейін пайда болған. О.Конт бұл алты томдық еңбегінің 3-ші томында “Социология” деген ұғымды бірінші рет қолданып, қоғамды ғылыми негізінде зерттеп білуді міндет қойды.
Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болды.
Аристотель
Платон
Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.
Бірінше кезең. Әлеуметтану ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың 20-30 жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндаушы ретінде болды. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығып, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.
Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде-ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.
Екінше кезең Қолданбалы әлеуметтану ХХ ғасырдың 30-60 жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік құралдарын дайындау басталды, әлеуметтану эксперименталды (практикалық) ғылымға айналды. Оның әр-түрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кеңінен қолдана бастады.
Үшінші кезең. ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды.
Бұл кезеңде әлеуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың
теорияларын, алуан түрлі ой-тұжырымдарын қолдана бастады.
Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президентті
сайлаудың қарсаңында нақтылы әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп,
саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырды.
Төртінші кезең ХХ ғасырдың соңы мен қазіргі кезге дейінгі
уақыттты камтиды.
Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңбердегі жүйелі білімге айналды. Әлі де әлеуметтану ғылымында үздіксіз алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болып отыр.
Жалпы, О.Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл-сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О.Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының бір ізгілікпен дәйекті дамуының 3 кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.
Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандайда бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысты жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданды.\
Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды.Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән.Обьект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік білім жеңілірек, тезірек болды.Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған.Ал, әлеуметтану жағымды,оң білімнің ең жоғары шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік» әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.
О.Конттың ой-пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903) болды. Оның әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч.Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
1) қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;
2) әлеуметтік эволюция идеясы.
Г.Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Ол қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің , игілігі үшін өмір сүреді. Г.Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г.Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкелді. Олар: 1) Қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу болды.
(англ. Herbert Spencer; 27 апреля 1820, Дерби — 8 декабря 1903, Брайтон)
ДЮРКГЕЙМ ЭМИЛЬ (1858–1917). 
Әлеуметтаудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858-1917ж. ж.). Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал бұл методология «Социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Э.Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.
Әлеуметтік нақтылықтың негізгі элементі-әлеуметтік фактілер, осылардың жиынтығынан қоғам құралады. Осы фактілер әлеуметтанудың пәнін құрайды. Оның басты мақсаты қоғамдағы құбылыстарға түрткі болатын заңдылықтарды ашып, тұжырымдау. Э.Дюркгейм қоғамды ерекше субстанция ретінде қарастырады, оны топтық сана мен топтық мінез-құлық ерекшеліктерімен салыстыра отырып түсіндірген.
Э.Дюркгеймнің әлеуметік теориясының өзегін әлеуметтік келісім, ынтымақтастық теориясы құрайды. Осы теорияны зерттеуге оның ең басты еңбегі- «Қоғамдық еңбектің бөлінуі» арналған . Бұл еңбегінде ол әлеуметтанудың басты міндеті – әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың табиғатын және осы әлеуметтік бірліктердің негізін анықтау деп санады.
Э.Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі – ұжымдық сана. Яғни әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлердің, көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет