Олимпиадалық тапсырмалар. 10 сынып.
Оқылым.
Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді:
«ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді.
ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін.
«ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын!
Мәтін мазмұнына 5 сұрақ құрастыр
Мәтіннен сан есімдерді теріп жаз, түрін ажырат.
Әлем, ел сөздеріне синоним жаз.
Мәтіннен 5 тірек сөзді теріп жаз.
Септік жалғауы бар 7 зат есімді теріп жаз. (Барлығы-5 балл)
2.Лексика-грамматикалық тест.
1. Қай етіс түрі іс - қимылдың өздігінен орындалғанын білдіреді.
A) Ортақ B) Өздік C) Өзгелік D) Ырықсыз E) Ешбірі
2. Өзгелік етістіктің жұрнағын табыңыз.
A) -Ын,-ін,-н. B) -Ыл,-іл,-л. C) -Ыс,-іс,-с. D) -Дыр,-гіз,-т. E) -Ған,-ген,-кен.
3.Ортақ етісті табыныз
A) Жастар ойласты B) Тас қаланды C) Әкесінен қаймықты D) Тектілігін танытты
E) Ойланбаған кісіде ақыл болмас
4. Өздік етісті табыңыз.
A) Еден жуылды B) Досымен сырласты C) Сурет ілінді D) Тастан сарай салғызды E) Асыл өзі киінді
5. Көсемше жұрнақтарын табыңыз.
A) -Ған,-ген,-қан,-кен B) -А,-ып,-ғалы,-й C) -Атын,-етін,-р D) -Е,-іп,-ар,-ер E) -С,-атын,-гелі,-п
6. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.
A) Аяқта, ұқ B) Бұзар, шабар C) Егер, ендеше D) Көргенің, айтарым E) Жазым, басылым
7. Бұрынғы өткен шақта түрған сөзді көрсетіңіз.
A) Танысқан екен B) Танысты C) Танып тұрмын D) Таниды E) Танитынмын
8. Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
A) Сырласатын B) Демалып жатыр C) Пісірді D) Ызаландырмақ E) Оқыса игі еді
9. «Біресе» жалғаулық шылауы қай құрмаласқа тән екенін көрсет.
А) себеп-салдар салалас В)талғаулы салалас С) кезектес салалас D)қарсылықты салалас
E)ыңғайлас салалас
10. Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
A) Сөйледі B) Сөйлеген C) Сөйлер D) Сөйлейді E) Сөйлеп отыр
(Барлығы-10 балл)
3. Досыңмен «ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұрақ бойынша диалог жаз.
Барлығы-5 балл.
Достарыңызбен бөлісу: |