2-тарау. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру 1-параграф. "Қазақ әдебиеті" оқу пәнінің мазмұны
6. "Қазақ әдебиеті" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
1) 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат;
2) 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат;
3) 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат;
4) 8-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат;
5) 9-сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 108 сағат.
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. "Қазақ әдебиеті" пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация,бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
8. "Түсіну және жауап беру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) көркем шығарма мазмұны мен пішіні;
2) әдеби шығарманың тұжырымдамасы;
3) көркем шығармадағы образ;
4) шығарма үзінділерімен жұмыс.
9. "Анализ және интерпретация" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) әдеби шығарманың композициясы;
2) автор бейнесі;
3) көркем шығарманың тілі;
4) шығармашылық жұмыс.
10. "Бағалау және салыстыру" бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:
1) тарихи және көркемдік құндылығы;
2) заманауилығы мен жаңашылдығы;
3) әдеби эссе;
4) әдеби сын.
11. 5-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
әдеби шығарманың фабуласы мен сюжеттік дамуы, кейіпкерлер портреті мен образы, шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту, әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясы;
2) анализ және интерпретация:
салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу, шығармадағы тілдік бейнелеу: теңеу, эпитет, ауыспалы мағынадағы сөздер, қайталау, өлең құрылысы, эпикалық шығармадағы автор бейнесі, көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат, өлең жазу;
3) бағалау және салыстыру:
шығарманың тарихи құндылығын бағалау, кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау, әдеби эссе, сыни хабарлама жазу.
12. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) "Керқұла атты Кендебай" ертегісі;
2) "Қобыланды батыр" жыры;
3) Асан қайғы "Асан қайғының жерге айтқан сыны" аңызы;
4) Дулат Бабатайұлы "О, Ақтан жас, Ақтан жас" өлеңі;
5) Ыбырай Алтынсарин "Қыпшақ Сейітқұл", "Атымтай Жомарт", "Дүние қалай етсең табылады?" әңгімелері;
6) Ахмет Байтұрсынұлы "Егіннің бастары" мысалы, "Адамдық диқаншысы" өлеңі;
7) Бердібек Соқпақбаев "Менің атым Қожа" хикаяты;
8) Марат Қабанбай "Бауыр" әңгімесі;
9) Тынымбай Нұрмағамбетов "Анасын сағынған бала" әңгімесі;
10) Нұрдәулет Ақыш "Нағыз әже қайда?" әңгімесі;
11) Джек Лондон "Мексика ұлы" әңгімесі.
13. 6-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау, шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселе, идеясы, кейіпкерлердің типтерін тек тұрғысынан сипаттау, көркем шығармалардан орта көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту;
туған өлкенің табиғаты және тарихы сипатталатын поэтикалық, прозалық шығармаларды білу; туған өлкеге арналған бір өлеңді жатқа мәнерлеп оқу, өлкетану аясында прозалық үзінділер жазудың алғашқы дағдыларын меңгеру;
2) анализ және интерпретация:
шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау, әдеби көркемдегіш құралдарды пайдаланып шығармадағы табиғат көрінісін, оқиға орнын, кейіпкер бейнесін сипаттап жазу, шығармадағы көркем ауыстырулар: метафора, кейіптеу, метонимия, гипербола, литота, аллегория, антитеза, градация, арнау;
туған өлкенің ақындары мен жазушыларының шығармашылығы туралы деректер жинау және презентация дайындау. Мәтіннің ақпараттылық, оның көркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен өлкетану сипаттамаларын талдау;
3) бағалау және салыстыру:
кейіпкерлерді өзара салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығына баға беру, кейіпкерлер жүйесінің заманауи жаңашылдығын өзара салыстырып баға беру, әдеби эссе жазу, сыни хабарлама жасау.
14. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) "Аяз би" ертегісі;
2) "Алып Ер Тұңға" жыры;
3) Әл Фараби "Қашықтасың туған жер", "Тіршілікте құрыштай бол төзімді" өлеңдері;
4) Доспамбет жырау "Қоғалы көлдер, қом сулар", "Айналайын, Ақ Жайық" толғаулары;
5) Абай Құнанбайұлы "Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін", "Ғылым таппай мақтанба" өлеңдері, қара сөздері: "Бірінші сөз", "Жетінші сөз", "Отыз бірінші сөз";
6) С. Торайғыров "Шығамын тірі болсам адам болып", "Шәкірт ойы" өлеңдері;
7) С. Мұратбеков "Жусан иісі" әңгімесі;
8) О. Бөкей "Тортай мінер ақбоз ат" әңгімесі;
9) Қалмақан Әбдіқадыров "Қажымұқан" хикаяты;
10) А. Алтай "Прописка" әңгімесі;
11) Е. Жүніс "Менің атым -Тәуелсіздік" өлеңі;
12) Р. Ғамзатов "Ана тілі" өлеңі, "Менің Дағыстаным" әңгімесі.
15. 7-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау, әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау, кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау, көркем шығармадағы кейіпкер бейнесі, үзінділерді жатқа айту;
өңірде шығатын газет-журналдарды білу, энциклопедия ұғымын түсіну;
2) анализ және интерпретация:
шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру, эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесі, шығармадағы көркемдегіш құралдар: символ, синекдоха, эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ қолданысы, шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу;
туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктердің ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдау, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білу, өлкетанудың бағыттарын анықтау, өлкетанудың бағыттары бойынша электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысу;
3) бағалау және салыстыру:
кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемесі, тарихи және көркемдік құндылығын, әдеби жанр түрлерінің даму барысы, жаңашылдығы, шығарманы ұлттық құндылығы, әдеби эссе жазу, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу жазу.
16. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Қазтуған жырау "Қазтуғанның қонысымен қоштасуы";
2) Орхон-Енисей ескерткіштері "Күлтегін" жыры;
3) "Қыз Жібек" жыры;
4) Жиембет жырау "Еңсегей бойлы Ер Есім";
5) Ш. Қанайұлы "Зар заман";
6) С. Аронұлы "Сүйінбай мен Қатағанның айтысы";
8) Жамбыл Жабаев "Зілді бұйрық";
9) М. Жұмабаев "Батыр Баян";
10) М. Әуезов "Көксерек";
11) Қ. Қайсенов "Жау тылындағы бала";
12) С. Сарғасқаев "Тәмпіш қара";
13) М. Шаханов "Нарынқұм зауалы";
14) Медетбек Темірхан "Тәуелсізбін" өлеңі;
15) Т. Әбдіков "Қонақтар";
16) А.С. Пушкин "Ескерткіш".
17. 8-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілер, эпилог, прологтар, әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу, көркем шығармадағы кейіпкерлерді сомдауда тура және жанама мінездеулер, көркем шығармалардан алған үзінділерді орынды қолдану;
2) анализ және интерпретация:
композицияны тұтастан бөлшекке, бөлшектен тұтасқа қарай талдау, автор бейнесі мен кейіпкерлер қарым-қатынасының тілдік көрінісі, шығармадағы көркемдегіш құралдары: психологиялық параллелизм, перифраз, сатира, ирония, гротеск, эллипсис қолданысы, автор стилі, шығармадан алған үзінділерді өңдеп креативті жазу;
3) бағалау және салыстыру:
шығарманың тақырыбы мен идеясы, тарихи және көркемдік құндылығы, шығармадағы материалдық және рухани құндылықтарды заманауи тұрғыда салыстыру, жаңашылдығы, шығарманың көркемдік-идеялық құндылығының гуманистік тұрғысы, әдеби эссе, шығармада жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
18. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Қорқыт "Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр", Қорқыттың нақыл сөздері;
2) Ахмет Йассауи "Даналық кітабы";
3) Ақтамберді жыраудың "Күлдір-күлдір кісінетіп", "Балаларыма өсиет" толғаулары;
4) Шалкиіз жырау "Би Темірге бірінші толғауы";
5) Мұрат Мөңкеұлы "Үш қиян", "Сарыарқа" өлеңдері;
6) Ш. Құдайбердіұлы "Еңлік-Кебек" дастаны, "Жастарға" өлеңі;
7) М. Дулатов "Бақытсыз Жамал" романы;
8) Б. Момышұлы "Ұшқан ұя" әңгімесі;
9) Д. Исабеков "Әпке" драмасы;
10) М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасы;
11) Т. Ахтанов "Күй аңызы" әңгімесі;
12) Ж. Сахиев "Айдағы жасырынбақ", "Дабыл" фантастикалық әңгімелері;
13) Р. Мұқанова "Мәңгілік бала бейне" әңгімесі.
19. 9-сыныпқа арналған "Қазақ әдебиеті" пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру:
әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау, әдеби шығармадағы психологизм, көркем шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесі, көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану;
2) анализ және интерпретация:
эпикалық, поэтикалық, драмалық мәтіндердегі композициялық амалдар, автор бейнесінің идеялық-стилистикалық тұтастырушы ретіндегі рөлі, шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлері, автор стилі, автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу;
3) бағалау және салыстыру:
шығарманы басқа өнер түрлеріндегі осы мазмұндас туындылармен салыстыру, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау, шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру, әдеби эссе жазу, әдеби шығарманы қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті үлгілерімен салыстыра талдау, шағын сын мақала жазу.
20. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Ж. Баласағұн "Құтты білік";
2) Шешендік өнер: Майқы би мен Мөңке бидің шешендік сөздері, Әнет баба "Не арсыз? Не ғайып? Не даусыз?";
3) Төле би "Ердің бақыты –әйел", Әйтеке би "Қасқакөл дауы", Қазыбек би "Кім жақын? Не қымбат? Не қиын?";
4) Сырым Датұлы "Балаби мен Сырым";
5) Бұқар жырау "Тілек", "Әй, Абылай, Абылай", "Асқар таудың өлгені";
6) "Біржан-Сара" айтысы;
7) Нысанбай жырау "Кенесары – Наурызбай";
8) Махамбет Өтемісұлы "Махамбеттің Баймағамбетке айтқаны", "Мен, мен, мен едім", "Бағаналы терек";
9) Ш. Уәлиханов "Ыстықкөл күнделігі";
10) І. Жансүгіров "Құлагер" поэмасы;
11) Б. Майлин "Шұғаның белгісі" хикаят;
12) Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" романы;
13) Т. Айбергенов "Сағыныш", Ф.Оңғарсынова "Өлең, мен сені аялап өтем";
14) Н. Айтұлы "Бәйтерек" поэмасы;
15) Қажығали Мұхамбетқалиев "Тар кезең" романы.
3-параграф. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған "Қазақ әдебиеті" оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын (оқыту қазақ тілінде) іске асыру жөніндегі ұзақ мерзімді жоспар
Достарыңызбен бөлісу: |