Төмендегі үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз. Тапсырмаларды орындағанда, тілдің сапасы мен тазалығына назар аударыңыз. Екі мәтінді салыстырып, негізгі және қосымша ақпаратты анықтаңыз. Қарамен жазылған сөздердің антонимдік баламасын анықтаңыз. 1-мәтін Сұхбат -
Құрметті Сабыр Шәріп мырза, қазіргі таңда Қазақстанды туризм орталығына айналдыру туралы мәселе көтеріліп отыр. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қазақ мақалына сай, өз елімізде де демалатын орындар жетерлік емес пе? Осы орайда өз пікіріңізді ортаға салсаңыз. - Иә, дұрыс айтасыз. Қазақстандағы туризмнің келешегі зор. Оның басты
себептерінің бірі - географиялық және табиғи шарттар. Жазғы маусымда
қазақстандықтар келесі демалыс орындарында демала алады: Бурабай демалыс аймағы
өзінің сұлулығы, көлдерінің молдығымен, жасыл желегімен және жануарлар әлемімен -
«Қазақстан інжуі» деген поэзиялық атауға ие. Бурабайда тыныс алу мүшелерін және
асқазан-ішек жолдары, жүрек-тамырлары жүйесі, тірек-қозғалыс аппараттарының
ауруларын емдейді. Бурабай өзінің қымызымен, емдік лайларымен және минералды
суымен танымал. Курорттағы ауа, әсіресе, керемет, дала шөптері мен қылқанды орман
исімен қаныққан таза ауа.
(111 сөз) (kk.wikipedia.org)