Оқыту мен оқуда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды бастауыш сыныптарда пайдалану әдісі Мақсаты



Дата16.03.2017
өлшемі70,84 Kb.
#11649
Оқыту мен оқуда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды бастауыш сыныптарда пайдалану әдісі

Мақсаты: Оқушылардың білім, білік дағдыларын қалыптастыруда заман  талабына  сай ақпараттық-интерактивті оқыту және оқытудың  тиімді әдіс- мұғалімнің сабақ беру барысында оқыту тәсілдері мен дағды қалыптастыру жолдары, интерактивті тақтамен оқушылардың жұмыс жүргізуі және интерактивтің тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу тәсілдерін қолдану.

Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім алу өте қажет», – деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім және тәрбие беру жолында ақпараттық коммуникациялық технологияны оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.


Осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі жалпы білім беретін орта мектепте математика ғылымы негізінен берілетін білімді қайта жаңарту болып табылады.
Жаңа технология – мұғалімнің мүмкіндігін қуаттандыратын құрал. Жаңа ақпараттық технологияны сабақ барысында қолдану оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады және оның бірнеше артықшылықтары бар. Осы артықшылықтарды сабақ беру барысында да, сабақ нәтижелерінен де көруге болады.
1. Оқушыларға оқылатын құбылыстар мен объектілер туралы толық және дәл ақпарат бере отырып, оқу сапасын арттырады;
2. Оқытудың көркемділігі артады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалдарды көрнекі түрде түсіндіруге қол жеткізеді;
3. Оқытудың тиімділігі жоғарлайды және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
4. Оқушылардың ғылыми-дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын, табиғи сұранысын қанағаттандырады;
5. Мұғалімдерді техникалық жұмыстан босата отырып, үнемдеген уақытта олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды;
6. Мұғалім мен оқушының жұмысын жеңілдетеді.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Ал бұл сауаттылықтың алғашқы баспалдағы мектептен басталады. Мектеп қабырғасынан теориялық біліммен қатар практикалық білімнің алғышарттарын меңгеру қажет. Ал теориялық білімді практикамен ұштастыру үшін компьютердің қажет екендігі даусыз. Түрлі елдерде болып жатқан жаңалықтармен танысуды, ақпараттар ағымынан қалыспауда интернет, электрондық пошта құралдарын пайдалануға болатындығы дәлелденді. Сондықтан білім беруді ақпараттандырудың тағы бір басты бағыттарының бірі оқушылардың интернет желісінде жұмыс істей білуіне жағдай жасау. Интернет желісінде жұмыс істеу оқушыларға әлемдік жаңалықтардан хабардар болып, білімін тереңдетуіне септігін тигізеді.
Орта білім берудің мақсаты – жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын анықтайтын, өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Математика пәнін оқытуда жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушыларға білім алу процесінде көмектесу. Оған жетуге оқыту бағдарламалары, оқытуда қолдануға арналған электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары мен тестік, өзіндік жұмыстар қызмет етеді.
Математика пәнін оқытудағы ақпараттық технологиялардың педагогикалық мақсаты:
-         қолдану мен ақпараттық және коммуникациялық құрылғылар арасындағы байланыс;
-          есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынға меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
-         Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Оқу процесінің тиімділігі ең алдымен оқушылардың белсенділігі мен танымдық ізденісіне қатысты. Сондықтан мен өзімнің педагогикалық жұмысымда сабақ жүргізудің негізгі тәсілі оқушылардың тікелей өзара қатынасынан туатын интерактивті әдістерді және профессор Ж.А.Қараев насихаттап жүрген жаңа оқыту технологиясын іс-тәжірибеме енгізіп жүрмін. Бұл технологияның ерекшелігі – терең білім алу арқылы баланың дамуын қолдау болып табылады. Саралап-деңгейлеп оқыту педагогикалық технологиясы мен оқушының белсенділігін арттыру әдісін қатар жүргізу арқылы әр оқушының өз бетінше жұмыс жасауына толық мүмкіндік беруге болады.
Алға қойған мақсатына жету үшін әр мұғалім сабақ өткізудің әр түрлі тәсілдерін қалай, қашан қолдану керектігін біледі. Сабақ кезінде оқушылардың өзара және оқушы мен мұғалімнің арасындағы қатынастың мейлінше көп болуын оқытудың немесе білім берудің интерактивті әдісі деп атайды. Оқытудың интерактивті әдісін қолданудағы негізгі мақсат:
-         әр деңгейлі есептер шығару;

-         тақырыптардағы ережелерді толық түсініп, оны есеп шығарғанда пайдалану;


-         өтілген тақырыптарды жүйелі түрде қайталап, еске түсіріп отыру.
Ал осындай өтілетін сабақтарға интерактивті тақтаны пайдаланса, оның мүмкіндіктері: сабақ уақыты үнемделеді, тақтада жазылған тапсырмалар бойынша оның шығарылуы және тақтада сақталған шешім қосымша сабақтарда, сабақтан қалып қойған оқушыларға немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға көмек ретінде көп септігін тигізеді.
Модульдік технологиямен сабақ өткізгенде бұл жүйені сүйемелдеу үшін:
1. “Презентациялар” технологиясын пайдалану ыңғайлы. Бұл біріншіден оқушыларға жаңа материалдарды көренкті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан мұғалімдерге материалды дайындауды және оны қолдану процесін жеңілдетеді. Сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етеді, уақытты қысқартады.
2. Үлгерімді тексеру мен оқушының білімін жетілдіру. Осы мақсатта пайдалану біріншіден мұғалімнің жұмыс өнімділігін арттырып,оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі, екіншіден қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады. Тексеру нәтижесінде толық ақпарат ала отырып, балалардың қатесіне коррекция жасау үшін басқа қағазға жазылған қосымша тапсырма бере алады.

3. Компьютерді жаңа сабақ өту кезінде де тиімді қолдануға болады.

Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.

Жаңа технологиясы меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізді.Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.


Білім беруді ақпараттандыру :

• Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;


• Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге ;
• Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
• Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар артықшылықтар басым болды.
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.

2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылыным, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .


3. Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.
Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды.

Бұдан қол жеткізетін жетістіктер:

1. Кроссворд, кестелерді құру үшін дербес компьютерді қолдану арқылы гром/қ және лексикалық оқу маралдарын өңдеу.
2. Ағылшын тіліндегі сөздерді сауатты жазу мен көркемдеп безендіруді үйретеді.
3. Дербес компьютерді пайдалану арқылы оқушылардың өзіндік және жұмыс жасауды игеру мен білім алуды кеңейту.
4. Интернет желісін пайдалану арқылы оқушылар электрондық пошта арқылы оқушылар хат-хабарлама алмасу, өзінің ойын еркін жеткізу.

Ақпараттық –коммуникативтік технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.

Ақпараттық – коммуникативтік технологиялардың келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.

Жедел дамып отырған ғылыми –техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналды. Ақпараттық технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады.


Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталды. Қазақстан Республикасы да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Қоғамды ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі.

Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:


- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- Тынымдық қабілетін қалыптастырады;
- Этнопедагогикалық тәрбие береді;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;

Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.
Қазіргі кезде белгілі бір білім көлемімен қамтамасыз ету жеткіліксіз. Оқушыны білім алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс.Оқушыларды кәсіптік білім алуымен қатар шешендік шеберлігі мен баяндау жүйелілігі қалыптасқан, өз пікірін ашық білдіретін саналы

.

« Теміртау қаласы № 9 мектеп-лицейі»КММ



Баяндама

«Оқыту мен оқуда ақпараттық -коммуникациялық технологияларды бастауыш сыныптарда пайдалану әдісі»



Баяндамашы: Искендерова Т.А
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет