Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің «Диалогтік оқыту» саласы



Дата21.10.2022
өлшемі99 Kb.
#154422
Байланысты:
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің «Диалогтік оқыту» саласы.


Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулінің «Диалогтік оқыту» саласы.
Қазіргі заман талабына сай жас ұрпаққа білім беру саласында көптеген өзгерістер болып жатыр. Оқушылapды жан-жақты дaмытып, жаңа талaпқа сай білім беру, жаңа замaнның азаматы етіп тәрбиелеу, дaмыған елдің ұрпaғы етіп шығару, әрбір жаңашыл ұстaздың басты міндеті болып тaбылады. Жaңа талапқa сай әдіс-тәсілдерді меңгерген, білім саласына оқыту мен оқудың қажетті үдерістерін терең меңгерген мұғaлім оқушылардың білімін сапaлық тұрғыдан өзгерте aлaтынын көрсетіп отыр. Хaлқымыздың аса көрнекті ақыны Ілияс Жансүгіров: «Жас мұраты, білім, тәлім-талабы. Өнер, оқу-жастың қару жарағы»-деп жырлағандай, жастарға Талапқа сай білім беру, әрбір ұстаздың басты мақсaты деп білемін.Жақсы ұстаз ата-анадан кейінгі бала бойына ақыл-ойды, ұлттық сана сезімді сіңіруші тұлға. Жазушы, қоғам қайраткері Ғабиден Мұстафин «Заман талабы деңгейінде болу үшін біздер-өмірге барынша терең бойлап, оны жан-жақты тануымыз керек, ең жоғарғы шеберлікке жетіп, ерінбей-жалықпай еңбектенуіміз қажет» деген.Кембридж бағдарламaсының жаңaшыл әдіс-тәсілдерін меңгеруге қызығушылығым оянды. Осы бағдaрлaмада қамтылaтын жеті модуль өзара байланыста болады. 7 модульді негізге ала отырып, оқу үдірісіне диалогті оқытуды енгізу арқылы, оқушылaрды сын тұрғысынан ойлауын дамыту тақырыбын алу себебім, білім алу диалог арқылы беріледі және оқушылaрдың сыныптық жұмыстағы өзара байланыс дамиды, сабаққа қызыушылықтары артып, білім деңгейлері көтеріліп, сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
«Тіл қаруы сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғарғы қасиеті.Ғабиден Мустафин). Диалогты оқытуда мұғалім мен оқушы арасында тығыз қарым-қатынас қалыптaсады. Бірлесе отырып ақпаратты тауып, талдап, талқыға салады. Бала еркін сөйлей алады, сөздік қоры артады және тіл мәдениеті қалыптасады.Александер(2008) диалог түріндегі оқыту оқушылaрды ынталандыру және дамыту үшін әңгіме күшін қолдануға мүмкіндік береді деп санайды. Алексaндердің бұл дәлелдемесіне толық қосыламын, себебі оқушыларды зерттеу арысында диалогті қолдана отырып, ашық сұрақтар қою кезінде, балaлардың жан-жақты ойлануына берер әсері мол. Мерсердің (2000)зерттеуіне сәйкес, әңгіме оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады. Ол субъекті қарым қатынасқа тартылатын әңгіменің үш түрін ажыратып, сипаттама берген:

  • Әңгіме дебат;

  • Кумулятивтік әңгіме;

  • Зерттеушілік әңгіме;

Бұл әңгіме түрлерін, сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады. Диалог оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін,алған білімдерін дамытуға, қолдануға көмектеседі. Оқушылaрға тапсырма беру арқыл сұхбаттары пікірталастар, зерттеушілік әңгімелер құрылaды. Мұғалімнің дәстүрлі сабақтарда оқушылардың қысқа Жауап беретін сұрақтарына қарағанда, диалогті әңгіме білім aлудағы іс-әректке көп үлес қосатын тиімді әдіс болып табылады.Тиімді ұйымдaстырылған әрекеттер aрқылы диалогті қолдану-оқушыларды қызықтырады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесінде дайын білімге негізделгеноқыту басым болып тұр.Ал, «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың еркін ойлануына, өзіндік шешім қабылдауына, сапалы білім алып, өмірде қолдана алатын дағдылар игеруіне кедергі болады. Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 33 бет). Осы жағдайда заман талабына сай педагог оқушыны қалай және неге оқыту керек? Бұл мәселені шешуде ең алдымен мұғалімнің кәсіби дамуына аса маңызды көңіл аударуды қажет етеді. Осыған қатысты маңызды түйіндер Кембридж бағдарламасының мазмұнындағы 7 модуль идеясында ашылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеялары білім алушылардың өзінің түсінігі қалыптасуына, белсенді білім алуына, әлеуметтік серіктестікте білім алуға, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамытып, өзара тілдік қарым-қатынас орнатуын дамытуға негізделген. Негізгі идеяларды іске асыру үшін мұғалім тұлғаның бойында еркін ойлап, өз ойын тілдік қарым-қатынас барысында еркін ашық айта білу қабілеттерін қалыптастыру керек.Д. Дьюи бойынша оқушы егер «өзімен өзінің айналасындағы кернеуді табыстыра» алса, белсенді болады (S.M.Fishman, L.McCarty, 1998). Бұған қалай жетуге болады? Бағдарламаның идеялары тұлғаның өзіндік ізденуіне, сыни ойлап, сұрақ қоюдан және сол шешімін талап ететін проблемаларды айқындауында, шешім қабылдау үшін талапқа сай өлшемдерді қолдану сияқты дағдыларды қалыптастыруда диалогтік оқыту арқылы нәтижеге қол жеткізуге болатыны мәлім.Кей жағдайда білім беру үрдісі барысында кездесетін мәселе, оқушылардың көпшілігі еркін ойлауда, ойларын жеткізуде біршама қиналатындығы байқалады. Мысалы, мұғалімнің қойған сұрақтарына оқушылар мәтіннің үзіндісімен ғана жауап береді. Кіші жастан бастап диалогтік оқытудың өзіндік негізі қалыптаспаса жоғары сыныптарда қиыншылықтарға тап болатыны белгілі. Бұл жағдай әсіресе оқушылардың бастауыштан орта буынға ауысуы тұсында байқалады.Балалардың қажеттіліктерін ескере отыра дағды және қасиеттермен қаруландыру – мұғалімдер үшін ынталандырушы күш болып табылады.
Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды. Ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасын тек оқушылар үшін ғана емес қоғам үшін тиімді болуына бағыттау керек екенін мойындатты.
«Диалогтік оқыту» модулі бір жағынан қызықты болса, екінші жағынан барлық мән-жайын түсінуді қажет ететін модульдердің бірі. Оқу үрдісіне оқушылардың барлығы белсенді жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін белсенді оқыту әдістерін кеңінен қолдану керек. Мысалы: рөлдік ойындар, қадамды сұхбат, постер т.б.. Бұл әдістер сыныптағы барлық оқушыларды әрекетке тартып, ұжымда жұмыс жасауға үйретіп, тілдік қарым-қатынас орнатуға септігін тигізеді. Осы орайда кейбір ұстанымдарға сүйену маңызды болып табылады.
«Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою» әдісінің негізгі мақсаты – бір-бірімен ой бөлісу арқылы өз білімдерін жетілдіру жұмысымен айналысу. Жаттығу барысында оқушылар кез келген сұрақ қоя отырып, менде осы тақырып бойынша қандай ойлар мен ұстанымдар бар? Бұл жұмыс мен және менің құрбыларым үшін қаншалықты маңызды? т.б. сұрақтарға жауап бере отыра қандай мәселелерді игергенін, игеру жолында қандай қиындықтар туындады, оларды қалай мен шешу керекпін? деген сұрақтар төңірегінде берілген уақыт ішінде жекелей ой қозғап өзара ой бөлісу арқылы тілдік қарым-қатынас орнатады. Сондай –ақ осы жұмыс арқылы оқушыларды өздігінен, жұппен және ұжыммен жұмыс атқаруға үлкен септігін тигізіп, жұмысқа белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Постер құрып, оны қорғау арқылы диалогке қатысушылардың мысалы, сөйлеуші әрбір сөзін түсінікті етіп, мәнерімен сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу, ал тыңдаушы – айтуға мүмкіндік беру, жақсы тыңдаушы бола білу керектігі мен шыдамдылықпен таныту керектігін жайында түсініп, ой қозғауға жетелейді. Диалогтік оқыту барысында әңгімелесудің оқу-танымдық, тілдік-дамытушылық, әлеуметтік-бағдарлаушы міндеттері қамтылуы маңызды болып табылады.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалімдер қолданылатын сұрақтардың екі түрі: «төмен дәрежелі» және «жоғары дәрежелі» сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, өзіндік көзқарастарын білдіріп, бағалауға және талдауға тиіс болады. Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады. Себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда ғана танымдық сұрақ сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың ізденуіне қолдау көрсетіп, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттерін жақсартады және білім, ақпарат алу көкжиектерін кеңейте түседі. Сондықтан да өткізілген сабақтар барысында қойылған сұрақтар баланың санасына қойылатын талаптар тұрғысынан ойластырылса нұр үстіне нұр болады. Жоғары дәрежелі сұрақтар балалардан ақпаратты белгілі дәрежеде қолдануды, қайта ұйымдастыруды, дамытуды, бағалауды, талдауды, яғни, ойлау операцияларына дайын болуды талап ететін сұрақтар. Ашық сұрақтарды көбірек пайдалану оқушыларға әлдеқайда жоғарырақ деңгейде ойлануға көмектеседі.
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу — қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдылыққа ие болады.
Білім беру үрдісінде оқушыларға білім беруде тиімді әдістерді пайдалану арқылы оқушының білімге деген ынтасын дамытып, ойын еркін жеткізе білу қабілетінің белсенділігін қалыптастыруға негіз болады деуге болады. Сондай-ақ мұғалімдер осы бағытта жұмыстар атқарса оқушы мен мұғалім арасында өзара серіктестік пайда болады. Сонымен қатар еркін тілде сөйлеп өзінің сыни көзқарасын білдіріп, басқаларға жеткізе алатын, бәсекеге қабілетті тұлғаға айналады.Диалогтік оқыту – мұғалімнің жан-жақты жұмысын талап етеді.Білім беру барысында диалогтік оқытуды дамыту үшін мұғалімнің тәжірибесінде не қажет? Әрине, оқытудың әдіс-тәсілдерінің сынып жағдайында дұрыс таңдалуы нәтижеге жетудің бастамасы болып табылады. Бұл мұғалімнен біліктілік пен шеберлікті қажет етеді.
Кембридж әзірлеген Бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясына басым назар бөледі. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген.
Оқу үрдісі барысында келесі жайларды ескерген жөн:
оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ету;
әр оқушы өз деңгейінде жұмыс жасап, кейбір болжамдар бойынша ойларын білдіре алуларына жағдай жасау;
көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым-түсініктерін өрістеуіне мүмкіндік беру;
оқушылардың бастапқы білімдерін жаңа біліммен өзара байланыстыруға мүмкіндік тудыратын жағдай жасау;
Сондай-ақ диалогтік оқыту барысында оқушылардың өз ойларын айтуға мүмкіндік туғызу, оқытуда мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүргізу дағдысы қай денгейде екенін үнемі назарда ұстау маңызды болып табылады.
Диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамытудың негізгі ерекшелігі — ұстаздар мен оқушыларға өз еріктерімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс істеуге жағдай жасайды. Қазіргі оқытудың талаптарына сай мұғалім де, оқушы да жаңаша көзқарасты, терең ойлы болуды керек етеді. Сондықтан қазіргі заман талабына сай жас ұрпақтың көкірегі ояу, ізденімпаз, отаншыл, шығармашылық жұмыспен айналыса алатын дәрежеге жеткізуіміз керек деп ойлаймын. Оқушыларға жаңа тақырыптарды қызықты, түсінікті етіп түсіндіру үшін керекті тәсілдердің бірі ретінде диалогтік оқыту арқылы сыни тұрғыдан ойлауға үйрету деп ойлаймын. Осы жаңа әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, жаңа сабақтың аясында қосымша қызықты деректерді ұсынуға, қиын тақырыптарды әр түрлі жұмыс түрлері арқылы жеткізуге, жаңа идеяларды әсерлі етіп көрсетуге болады. Бағдарламаның жеті модулін білім беру үрдісіне енгізе отырып мұғалім мен оқушылар арасындағы белсенді қарым-қатынасты қалыптастырып, келешек өмірге жол ашамыз.
Диалогтік оқыту және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету негізінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша оқушылардың сөйлеу қабілеті, сұраққа жауап беру қабілеті, мәтінді сипаттау қабілеті, сұрақ қоя білуі, таныс материалды меңгеру қабілеті біршама жақсы нәтижелерге көтеріледі деуге болады.
Бұрынғы оқушылар тек қана тыңдаушы болса, қазіргі оқушы — өздігінен білім іздейтін қалай оқу керектігін түсінетін жеке тұлға екендігіне ерекше мән бергеніміз жөн. Тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа тәсілдерін қолдануымыз керек деп ойлаймын. Бұл заман талабы. Көштен қалуға болмайтындығын бәріміз де түсінеміз.Алдағы уақытта да білім беру үрдісінде осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыратын болсақ:
барлық оқушылар сабаққа белсенді қатысады;
барлық оқушылар өздерін еркін сезінеді;
олар бір нәрсені қате айтамыз деген қорқыныштан арылады;
жауапты бірлесіп іздейді, жолдастық көмек, бір- біріне деген жауапкершілік сезімі пайда болады;
сабақ оқушы үшін, мүғалім үшін де пайдалы болады;
ең бастысы олар бір- біріне қатты әсер етеді, бір-бірінен үйренеді және бірін-бірі үйретеді.
Білім беруде жақсы істер жалғасын тапса оқушы қалай оқу керектігін түсініп, өзін-өзі реттеп, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күйде болары анық. Мен үшін ең тиімді сабақ ол — нәтижелі сабақ. Ал, сабақтың нәтижесі оқушылардың іс-әрекетінен көрінеді.
Механикалық есте сақтау (үнемі қайталап отыру арқылы фактілерді , ойларды және күнделікті іс – әрекеттерді жаттау);
— Декламация (тестілеу үшін дайындалған сұрақтар арқылы немесе бұрын өткендерді еске түсіруге ынталандыру үшін сұрақта берілген сілтемелерге сүйене отырып, жауапты ойлауға жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарды толықтыру);
— Нұсқаулық / мазмұндама (оқушыға не істеу керектігін түсіндіру немесе ақпаратты жеткізу, сонымен бірге фактілерді,қағидаттар мен рәсімдерді түсіндіру);
— Талқылау )ақпараттарды тарату және мәселерді шешу мақсатында ой бөлісу);
— Диалог(қателіктер мен тәуекелдерді азайта отырып, таңдауды қысқартуға және түсініктермен қағидаттарды «жеткізуді» тездетуге ықпал ететін сауалнама мен талқылаудың жиынтығы арқылы өзара түсіністікке қол жеткізу) (Нұсқаулық ІІІ, 51 бет)
Оқушыларды диалогпен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынын өткізген сабақтарымда көзім жетті.
Сұрақ қоя білу де — маңызды дағдылардың бірі болып табылады, сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады, оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады.
Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізу үшін мұғалім қолданатын сұрақтардың 2 түрі :
— Төмен дәрежелі «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап «дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп бағаланады .
— Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Диалогтік әңгімеде мұғалім сұрақтарымен оларға берілген жауаптар, сонымен қатар оқушылардың да сұрақтары маңызды.
Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейлерін тексеру үшін ғана емес, оларға өз ойларын анық жеткізуге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін пайдаланады.
Оқушылардың жауаптары мен түсініктемелеріне қарай әрекет етудегі менің түсінігім:
-жауапты мойындап, оны келесі сұхбатқа негіз ету;
— оқушыларға ойлануға уақыт беру (сұрақ қойылғаннан кейінгі кідіріс 2 секундтан болу қажет) ;
орынсыз сұрақтар қоймау ;
— проблемалық сұрақтар пайдалану.
Диалогтік сұхбаттасудың тиімділігі:
— оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
— басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
— өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
— мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында оларлың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Қорыта айтқанда , оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға зор үлес қосатын өзара іс – қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі.
Диалогтік оқыту –ұжымдық түсінуді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сындарлы қарым-қатынас жасауына ықпал ететДиалогтік оқытуды сабақ барысында пайдаланудың тиімділігі
Мерсер мен Литлтон өз еңбектерінде сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетті. Ал Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. (МАН, 38 бет)
Мен осы ойларды негізге алдым, себебі бұл адамдардың қолданған әдістерінің барысы менің сабағымда да көрініс тапқандай болды. Сабағымда диалогтік оқытуды пайдаланудың маңызды екенін білдім.
Диалогтік оқыту білім сапасын арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Яғни диалогтік оқыту баланың білімін жетілдіруде көбірек қолданылады. Біз көбінесе диалогтік оқытуды сұрақ – жауап ретінде қолданамыз. Диалогтік оқыту тек қана қазақ тілі мен әдебиеті саласында емес барлық пәндер үшін тиімді оқыту түрі болып табылады. Әсіресе тіл дамыту кезінде немесе басқа тілді үйрену барысында көп көмегі тиеді. Ал сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде ,кез-келген жағдайда тиімді пайдалануын қамтамасыз ету.
Ендеше, мұғалімдердің міндеті-жаңаша ізденіс, жаңаша көзқараста жас ұрпақты білім алудағы үлкен жетістіктерге жетелейтіндей сабақтар ұйымдастыру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет