Орындаңыз
|
BilimLand –тен Оптикалық құрал -көз тақырыбын ашып оқимыз, тапсырмаларын толық орындаймыз
Көздің оптикалық жүйесі қандай элементтерден тұрады, оның оптикалық центрі мен оптикалық өсі қайда және қалай орналасқан?
Аккомадация дегеніміз не және қалыпты сау көз деп қандай көзді айтады?
Көздің көру кемшіліктері не себепті туындайды және олар қандай түрлерге бөлінеді? Көздің көру кемшіліктерінен қалай арылуға болады?
|
1.астында
2. Көз оптикалық жүйесі мынадай элементтерден тұрады: мөлдір қабық, түсті қабық, қарашық, цилиндрлік дене, көз бұршағы, шыны тектес дене және т.б.
Көз жүйенің оптикалық центрі көзбұршағынан 5 мм-ге жуық
орналасқан. Жүйенің оптикалық центрі мен қарашық арқылы бас оптикалық өс өтеді.
3. Көзбұршағының оптикалық күшін өзгерту қасиеті аккомодация деп аталады.Аккомодация арқасында ғана көз алыстағы нәрсені де, жақындағы нәрсені де жақсы көре алады.
Қалыпты көз деп
күйінде торламада жатқан нүктеге параллель сәулелерді жинай алатын көзді айтады.
4. Көрудің нашарлауы көздің параллель торлы
қабықтағы F2 нүктеге дәл түсіріп жинай алмауы салдарынан орын алады. Оның басты себебі – көзбұршағының аккомодация қасиетін
жоғалта бастауы болып табылады.
Егер көз нәрсенің кескінін торлы қабыққа жеткізбей жинаса, онда алыстағы нәрсе бұлдыр көрінеді де, жақыннан көргіштік орын алады. Ал егер көз нәрсенің кескінін торлы қабықтан асырып, оның сыртында жинаса, онда жақындағы нәрсе көмескі көрінеді де, алыстан көргіштік орын алады.
Бақытымызға қарай, көздің мұндай ақаулары мен кемістіктерін шашыратқыш немесе жинағыш линзалар арқылы жоюға болады.
Жақыннан ғана көргіштік кемшілігінен арылып, қалыпты көруді қамтамасыз ету үшін шашыратқыш линзалар қолданылады. Ал алыстағыны ғана көре алатын шектеуден құтылу үшін жинағыш линзалар пайдаланылады.
|