«Сөздерден әңгіме құрастыру»
Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну керек. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек.
«Сөз ойыны»
Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру.
Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз жасап шығару.
Балаға да,
Ағаға да –
Пайдасы мол аңдағанға.
Қызықты бұл ойын түрі,
Қызықтайық біз де мұны.
Бұрын ойнап көріп пе едің?
Жеке бір сөз әріптерін
Алды – артына таратамыз,
Жаңа сөзге жаратамыз:
“Балмұздақтан” пәлен сөзді,
“Тоқылдақтан” түген сөзді,
“Оспақшылдан” он бес сөзді,
“Жүзтаныстан” жүз бес сөзді,
Құрастырып, тіл ұштаймыз,
Сөз ойынын қызықтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |