«Былғары қолғап» Ойын шарты: үш адамнан тұратын топтарға бөлініңдер: екі ойыншы, бір төреші. Мұғалім нұсқаған уақытта берілген тақырып бойынша сұрақ-жауап сағатын ұйымдастырасыңдар. Ол қарсыласың тоқтап қалғанша жалғаса береді. Төреші есеп жүргізіп отырады. Рөлдермен ауысып жүргізуге болады.
«Біз де» Ойынның шарты: Әңгімені зейін сала тыңдап, бұрыс пікірге қосылмау керек.
1. Мен өзенге бардым. «Біз де!»
2. Онда үйрек ұстап алдым. «Біз де!»
3. Үйректің жартысын итім жеп қойды. «Біз де!» Осыны айтып қалған оқушылар ойыннан шығады.