ОҚытудағы жаңА Әдіс-тәсілдер қоржынынан



бет11/13
Дата13.02.2020
өлшемі2,48 Mb.
#58016
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
zhaa-dis-tsilder


«Сингвейн»

1-жол: Тақырыптың атауы (зат есім).

2-жол: Тақырыпты сипаттайтын екі сөз (сын есім).

3-жол: Тақырып туралы қимылды білдіретін үш сөз (етістік).

4-жол: Тақырыпқа қатысты төрт сөзден тұратын сөз орамы.

5-жол: Тақырыптың мәнін ашатын синоним сөз.
«Синектика»

Ой қозғаудың жетілдірілген түрі. Егер ой қозғауда идеяларды топ құрамына кездейсоқ түрде жиналған оқушылар келтіретін болса, синектикада идеяларды сарапшылар (бұл мәселе бойынша хабардар, осы бағытта жұмыс жасап жүрген оқушылар) талқылап, қорытындылайды. Мұнда проблема құрастыру жұмысы бірнеше кезеңдерден өтеді: идеялар туындаудан- сараптауға қарай, сараптаудан қайтадан идеяларды келтіруге қарай.

Синектиканың мақсаты: ой қозғаудағыдай жаңа идеяларды келтіріп, бірлесе талқылау барысында оларды проблема шешетіндей деңгейге жеткізу.

«Смайликтер»

Оқушылар тақырыпқа қатысты өздерін қолайлы сезіну деңгейін білдіру үшін смайликтер салады.









Жалғастыруға дайынмын

Бір нәрсе түсінемін, бірақ бәрін емес

Түсінбеймін, қайталап қарау қажет


«SMART (ақылды мақсат)»
S - нақты, M - өлшемді, A - қолжетімді, R - шындыққа негізделген,T - уақытпен шектелген дегенді білдіреді. Әр сабақ осындай мақсатқа негізделіп жүргізілуі шарт.
«SMS – хабарлама»

Оқушыларға қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.

«Бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ... білдім, ақиқатына жеттім»;


  • «Бүгінгі сабақта мені қуантқаны....»;

  • «Мен өзімді....үшін мақтар едім»;

  • «Маған ерекше ұнағаны....»;

  • «Сабақтан соң мен... жасағым келді»;

  • «Мен... туралы армандаймын»;

  • «Бүгінгі сабақта мен....жасай алдым»;

  • «Мен... орындадым»;

  • «...қызықты болды»;

  • «...қиын болды»;

  • «...мен түсіндім»;

  • «Енді мен ...»;

  • «...сезіндім»;

  • «Мен үйрендім»;

  • «Мені... таңқалдырды» және т.б.


«Соңғы сөзді мен айтайын»

Жүзеге асыру қадамдары:

1-қадам: Мәтіннен үзінді оқу барысында оқушылар түсінік беруге лайықты бір немесе бірнеше дәйексөз табады.

2-қадам: Оқушылар дәйексөзді кеспеқағазға жазып, қай беттен, қайдан алғанын белгілеп қояды.

3-қадам: Кеспеқағаздың артқы жағына дәйексөзге берген өз түсінігін жазады. Оқушылар онымен келіспеуіне де болады, оны қалай өзгертем десе де өз еріктері.

4-қадам: Мұғалім дәйексөзді дауыстап оқуға оқушылардың бірін шақырады.

5-қадам: Ол оқып болған соң, мұғалім басқа оқушылардан осы дәйексөзге өз көзқарастарын білдіруін сұрайды. Ең бастысы – пікірталастың бағытын ұстап тұру және пікірге, ащы мысқылға жол бермеу. Сондай-ақ, бұл уақытта мұғалім де өз түсінігін беруіне болады.

6-қадам: Дәйексөз жайында пікірталасты аяқтау үшін мұғалім дәйексөзді оқыған оқушыны шақырады және ол өз түсінігін дауыстап оқиды. Міне, осы жерде пікірталас аяқталады.

7-қадам: Енді мұғалім басқа оқушыны дәйексөз оқуға шақырады, барлығы басынан қайта басталады.
«Соқыр паровоз»

Қатысушылар үштен бөлініп тұрады. Алдыңғы ойыншының көзі байланады. Ол үшінші ойыншының айтқанымен жүреді, ортадағы ойыншы кедергі, ол паровоздың дауысын салады. Бірнеше паровоз осылайша діттеген жерге жету керек. Мұнда көшбасшыға сенім, сенімсіздік, көшбасшының кедергіге қарамастан, топты алып жүруі сарапқа салынады.



«Социометрия»

Оқушыларды топқа бөлу үшін қолдануға болады. Қатысушылар көздерінің түстері, жұлдызнамалары, сүйікті түстері, тұрғылықты жерлері, аттарының бас әрпі т.с.с. арқылы бірін-бірі табады. Жүргізуші қандай белгі арқылы топқа бөлінетіндігін айтып отырады.

Бұл әдіс сыныптастардың бір-бірін жақыннан тануына мүмкіндік туғызады.

«Сөзден – сөйлем, сөйлемнен - мәтін»

Шашылған түрлі сөздердің ішінен бір-біріне мағыналық қабыспайтын 3 сөз суырылады. Мысалы, «өзен, қарындаш, аю» деген секілді. Осы үш сөзді кіріктіре отырып, сөйлемдер құрастыру керек. Кімнің сөйлемі қызықты әрі ерекше болатынына көңіл аудару. Былай құрастырылуы мүмкін: «Бала қолына қарындаш алып, өзенде шомылып жүрген аюдың суретін салды.» Немесе шығармашыл: «Қарындаштай ап-арық бала өзен жағасында тұрып, аюдай ақырып, өгіздей өкіріп жылады.»

Бірнеше нұсқаның ішінен біреуін таңдап алып, тақтаға жазып қояды да, келесі 3 сөзді суырып, сөйлем құрайды. Одан да бір сөйлем жазып қояды. Соңында тақтада жазылған сөйлемдерді құрастырып, мәтін жазу керек. Мәтінді әрқайсысы өз дәптерлеріне жазуларына болады.
«Сөздерден әңгіме құрастыру»
Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушылардың шағын топтарына осы сөздерді қолданып, 2 минут ішінде оқушылар өмірін суреттейтін ауызша әңгіме құрастыруды ұсыну керек. Әңгімеде топ оқушыларының және мұғалімдердің есімдері міндетті түрде аталуы керек.
«Сөздік қорды байытуға арналған әдіс-тәсілдер»

1. Тірек сөздерді олардың қолданылу шамасына қарай тақтаға жазу

2. Жұмыс парақшаларында, жазбаларда және мәтіндерде тірек сөздерді белгілеу

3. Оқушылар сөздерді тыңдап, қайталауы үшін, сөздерді тізім бойынша оқу

4. Бөлмеде тірек сөздерді/терминдерді жазып іліп қою

5. Сөйлем құрастыру – оқушылар каточкадағы сөздердің мағынасын көрсететіндей етіп пайдалана отырып, сөйлем құрайды

6. «Сөзді тап» – оқушы бір сөзді алады, сосын сөздің өзін атамастан, ол туралы басқа сөздерді айтады. Топтағы қалған оқушылар неғұрлым жылдамырақ сол сөзді табулары тиіс

7. Сөздерді іздеу – анықтамасымен бірге

8. «Блокбастер» – телевизиялық ойынның нұсқасы, онда оқушылар немесе оқушылардан құралған топтар анықтамасы берілген пәнге қатысты терминдердің бастапқы әріптерден тұратын құрылым құрудан жарысады

9. Пәнге қатысты сөздіктер

10.Интерактивті глоссарийлер – пәнге қатысты лексикадан алынған тізімдер, оқушылар оларға сабақ аяқталысымен, сол сабақта өтілген жаңа сөздерге қатысты анықтамаларды қосады

11.Постерлер – сөздердің мағынасын көрсететін визуалды суреттер

12.Сөздердің жанындағы белгілер – пәнге қатысы бар сөздердің жанындағы белгілер немесе нышандар

13.Пәнге қатысты сөздері түсіріліп жазылған тестілер

14.Жеке сөздіктер, онда оқушылар өздері танысқан жаңа сөздерді жазып отырады

15.«Джигсо карточкалары» – оқушылар сөздерді анықтамаларымен қосады

16.«Лотерея барабаны» – оқушы сөзді суырып алып шығады да, ол туралы не білетінін айтады

17.Сөздерді/тұжырымдарды топтастыру – тұтас топ сөздер мен олардың анықтамаларын тақырыптар мен тұжырымдар бойынша бөледі

18.«Бір минут» – оқушылар жәшіктен сөз таңдап алады да, ол жайында бір минут бойы сөйлейді

19.«Сөзді бейнеле» – «Суреті __________бойынша анықта» ойынының нұсқасы. Қатысушылар жәшіктен сөзді алып шығады да, 30 секунд бойы топтың басқа мүшелері үшін оның суретін салады

20.«Сөздік бинго», мұнда мұғалім анықтаманы оқиды, ал оқушылар өз карточкаларынан сол анықтаманы білдіретін сөзді белгілейді

21.Анаграммалар

22.Жазба құрылымдарына салынған пәнге қатысты терминдер сөздігі (сөздер банкі, топтамасы)

23.Сөзжұмбақтар

24.Оқушылармен пәнге қатысты терминдер бойынша мнемоника құрастырады

25.Сөз кластерлері жазылған постерлер



«Сөзді тап»

Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады.



«Сөз ойыны»

Ойынның мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларын арттыру.


Ойынның шарты: Өлеңдегі әріптерді пайдаланып, басқа сөз жасап шығару.
Балаға да,
Ағаға да –
Пайдасы мол аңдағанға.
Қызықты бұл ойын түрі,
Қызықтайық біз де мұны.
Бұрын ойнап көріп пе едің?
Жеке бір сөз әріптерін
Алды – артына таратамыз,
Жаңа сөзге жаратамыз:
“Балмұздақтан” пәлен сөзді,
“Тоқылдақтан” түген сөзді,
“Оспақшылдан” он бес сөзді,
“Жүзтаныстан” жүз бес сөзді,
Құрастырып, тіл ұштаймыз,
Сөз ойынын қызықтаймыз.

«Сөйлеу арқылы ойлану»

Сөйлеу оқушыларға өз пікірін білдіріп, сол арқылы білім алуға көмектеседі. Төмендегідей жаттығулардың көмегімен сөйлеу арқылы ойлануды ынталандырыңыз:



  • -  талқылауға арналған жаттығу;

  • -  құрылымдалған топтық/жұптық жұмыс;

  • -  мұғалім мен оқушының модельдеуі (шағын топтық тапсырмалар бүкіл сыныппен талқылауға қарағанда, сыныптағы әңгімелесудің санын арттырады).

«Стикер»

Стикерлерді оқу үдерісін талдау үшін қолданыңыз. Оқушылар топтарда, жұппен немесе дербес түрде мынадай сұрақтарға жауап бере алады:



  • Мен нені үйрендім?

  • Маған не қиын болып көрінді?

  • Не күрделі болды?

  • Мен енді нені үйренгім келеді?


«Стикерлермен диалог»
Түрлі әдістері көп – қант қағазын алып және онда сұрақтар немесе мақұлдауларды жазып қоюға болады, ал оқушылар оқып түсіндірулерін жазады; 3/4/5 адамнан құралған топтар стикердегі сұрақтарға жауап беріп немесе түсіндіріп, кейін бөлісіп, талқылап және таныстырулары керек; «Қабырғадағы роль» қолдануға болады және оқушылар өз пікірлер мен эмоцияларын стикерлерде білдіре алады.

«Стоп кадр»

Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді.


«Stop-кадр»

Stop-кадр — видеофильмнің бір сәтімен (кадр) жұмыс. Кадрды экранда

тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын беру арқылы көмектесуіне болады.



«Сурет сал»

Мұғалім тақырыпты атайды. Фишкалардың көмегімен оқушыларды әртүрлі төрт топқа бөледі. Әр топқа 7 минутта аталған тақырыпқа сәйкес бірлесе отырып сурет салу ұсынылады. Жұмысқа берілген қысқа уақыт шағын топтардың тез және үйлесімді жұмыс жүргізіп, кенеттен пайда болған ойларын суретке түсіруге жұмылдырады. Шағын топтардың салған суреттері бойынша ортада жалпы пікір алысады, оларды түсіндіреді. Топтық талқылаудың негізгі сөздерін мұғалім тақтаға жазады. Бұл сөздер келешекте жаңа сабақ мазмұнының жоспарын жасауда пайдаланылады.

«Суреттер: Не болды?»

Оқушыларға сурет көрсетіңіз. Оқушылар суретте не болып жатқанын

жəне оның себебін түсіндірулері қажет.

«Сұрақ – жауапқа құрылған хат»

Бұл ойынды итальян жазушысы Дж. Родари ойлап тапқан.


Ойынның шарты: Алты оқушыға алты түрлі сұрақ беріледі.
Бірінші сұрақ: “Кім? Не?” (яғни бір оқушы зат есімнен сөз жазады)
Екінші сұрақ: “Қай жерде?” (яғни жатыс септігіндегі тұрған кез келген сөзді жазады)
Үшінші сұрақ: “Не істеді?” (оны үшінші оқушы жазады)
Төртінші сұрақ: “Ол не айтты?” (бұл сөйлем төл сөз арқылы жазылады)
Бесінші сұрақ: “Адамдар не деді?” (бұл сөйлем де төл сөз арқылы жазылады)
Алтыншы сұрақ: “Оқиға немен тынды?” (1-оқушының зат есімін көріп, қорытынды жазады)

Бір қызығы әр оқушы қандай сұрақ берілгенін білсе де, басқалардың сұрағы мен жауабын білмейді. Сондықтан қызықты мәтін құрастырылады.


Мысалы:
а) Құмырсқа
Қонақта
Топырақ жеді
Ол айтты: “Мен бақыттымын”
Адамдар: “Ғұмырың ұзақ болсын”, – деді.
Құмырсқа жарылып өлді.
ә) Шегіртке
Мектепте
Доп тепті.
Ол айтты: “Мен кетемін”
Адамдар: “Біз де кетеміз”, – деді.
Шегіртке сылқ – сылқ күлді.


«Сұрақ-жауаппен қатынас»

Әр оқушыға сұрақ дайындап, сабақ уақытында параққа жазу керектігі туралы тапсырма беріледі. Содан соң осы парақтар бір оқушыдан екіншісіне кезекпен беріліп отырады. Сұраққа жауап бергісі келгендер жауапты алдыңғы оқушының жазған жауабының астына жазады. Егер сұраққа жауап бергісі келмесе, парақты жауапсыз келесі оқушыға береді.



«Сұрақтар шеңбері»

Бұл әдіс бойынша оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек.



«Сұрақты төңкеріңіз»

Фактінің қайталануын көздейтін сұрақты қоюдың орнына, ол оқушыны ойлануға мәжбүрлейтіндей етіп құрыңыз. Мысалы, «Франция – демократиялық ел ме?» деген сұрақ. «Демократиялық ел дегеніміз не?» деген сұраққа айналады.



«Сұрақты ұстап ал!»
Мұғалім сұрақ қойған кезде фасоль салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық сипат береді және оқушыларды өз еркімен жауап беру үшін ниет білдіруге итермелейді. Сіз оқушыларға жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік бере аласыз. Сонымен қатар, бұл тапсырманы командамен шешуге де болады. Мұғалім кезек-кезекпен фасольды қапшықты әр командаға лақтырады. Егер де қапшықты қағып алған адам сұраққа жауап берсе, онда команда 3 балл алады. Егер де ол жауабын білмесе, қапшықты басқа командаға 2 балға лақтырады. Егер де қапшық тағы да кері лақтырылатын болса, онда дұрыс жауаптың құны 1 балға дейін төмендейді.

«Сүйікті адамыңызға тілегенді - өзгелерге тіле!»
Мұнда оқушылар тек алдымен сүйікті адамды көз алдында елестетіп, оған бір немесе бірнеше ізгі тілек тілейді. Содан кейін оқушылар тілектерін жұп немесе топ ішінде өзгелерге айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны орынды.
«Сыныптағы заттар»
Оқушылар сыныптан қандай да болмасын бір затты таңдап, бір минут ішінде оны өзіне немесе өзінің көңіл-күйіне ұқсастығын ойластырып, топ ішінде бір-біріне айтып беруі керек. Мысалы, «Мына төбедегі шам маған ұқсас екен: менің де көңілім қазір жарқырап тұр!».

Қалауы бойынша кейбір оқушылардың әңгімесін (немесе әр топтан бір оқушының) бүкіл сыныпқа да жариялауды сұрау керек.


«Сыныптан шығу билеті»

Оқушыларға олардың оқуына қатысты сұрақтар жазылған қағаз беріңіз, олар сұрақтарға жауап беріп, оны сыныптан шығуға рұқсат етілген уақытқа дейін мұғалімге беруі керек.


«Сынып ішінде жүру»

Əртүрлі жағдайларға бейімдеуге болады: 1) сыныптың əр бұрышы «толықтай келісемін», «келісемін», «келіспеймін, «толықтай келіспеймін» деген көзқарастарды көрсетуі мүмкін; 2) сіздің көзқарасыңызға анағұрлым сай келетін суреттің жанына тұрыңыз; 3)дұрыс мысал/анықтаманың жанына тұрыңыз.



«Сіз кімсіз?»

Қатысушылар өздері жауабын қалаған 3 сұрақ жазулары керек. Содан соң шеңбер арқылы айнала жүріп, өз сұрақтарына жауап алады. Мұнан соң әрқайсысы өздері жайлы айта бастайды, қалғандары сұрақтары арқылы білген мәліметтері арқылы оны толықтырып отырады.



«Табыс ағашы»

Әрбір жапырақтың өзіне тән түсі бар: жасыл – «барлығын дұрыс істедің», сары – «қиындықтар болды», қызыл – «қателер көп болды». Әр оқушы өз ағашын сәйкес жапырақтармен безендіреді. Қалаулары бойынша жапырақтарға өздерін толғандырған мәселе мен қиындықтарын жазуларына болады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет