Бағдарламалап оқытудың үш принципі бар: сызықты, тармақты және аралас.
Сызықты бағдарламада оқу материалы бірізділікпен беріледі. Тармақты бағдарламада әр оқушы мақсатқа өз жолымен келеді. Қате жауап берген кезде оқушы керекті тармаққа өтіп, қайтадан оқып, қосымша түсініктеме алып, қатені жойып, негізгі сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негізгі сызықпен жүрсе, әлсіз оқушылар тармақтарға кіру арқылы нәтижеге жетеді. Аралас бағдарламада қиын тақырыптар тармақтарға бөлінеді, басқалары сызық бойынша орналасады.
Бағдарламалап оқытудың күшті жақтары
Оқу материалының бөлшектелінуі,
Оқушының белсенді өзіндік жұмысы,
Тұрақты тексеру,
Оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемінің даралануы,
Техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
Бағдарламалап оқытудың кемшіліктері:
Бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектігінен ол өте тиімді,
Мектептегі компьютерлердің саны мен сапасы жеткіліксіз.