оқушылар басқалармен қарым-қатынас жасай біледі; басқаларды тыңдай білуге, кез келген жауапқа сыйластықпен және түсіністікпен қарауға үйретеді; өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; керек кезде өз көзқарасын дұрыс өзгерте білуге үйретеді, оның дамуын қамтамасыз етеді; ең бастысы – оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады, сабаққа қызығушылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту Қазіргі болып жатқан саяси – экономикалық, мәдени - әлеуметтік өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім беру ісін жаңа сатыға көтеруді талап етіп отыр.Осыған орай жаңа кезеңдегі озық педагогикалық және әдістемелік идеяларды ой елегінен өткізіп, бүгінгі заман талабына сай, біршама өзгерген және жаңа жағдайларды қолдану ерекше маңызға ие болып отыр. Сол себепті болып жатқан білім беру саласындағыөзгерістерге, қоғам сұранысына байланысты жоғары мәдениетті білімді де білікті жеке тұлға қалыптастыру бүгінгі күнде өзекті мәселе.
Достарыңызбен бөлісу: |