Сондықтан, оқытушы кейсологтың алдына қойылатын бірінші міндет, догматтар мен амбицияларды жоюға бағытталуы, сонан соң өз тұлғасын прогрессивті өзгертуді алдымен қалауы, соңынан соған ұмтылуы болмақ. Жастар аудиториясында жеңіл жетістікке қол жеткізуге болатын нәрселер, ересектер аудиториясында қосымша , кей жағдайда ерекше күш жұмсаумен жүзеге асырылады. Үшіншіден, кейс-әдіс оқытудың басқа әдістермен, соның ішінде дәстүрлі түрлерімен де органикалық үйлесімде қолданылуы тиіс, өйткені, бұл студенттер бойында міндеттті, нормативті білімді қалыптастырады. Ситуативті оқыту болса динамикалық ситуация жағдайында білімді іздену мен пайдалануға үйретеді, иілгіштік пен ойлау диалеккалығын жетілдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |