Ойын түрінде оқытудың мақсаты:
Жеке – қызмет түрінде білімді ,біліктілікті ,дағдыны меңгеруді қамтамасыз етеді.
Мағынасы: Оқу материалын ізденуге ,өндеуге меңгеруге бағытталған танымдық жеке қызметтер.
Іске асыру құралы:Оқушыларды шығармашылық қызметіне ойын әдістері арқылы қызықтыру.
Міндеті - баланың қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар - балалардың білімдерін арттырудың құралы. Сабақта ойындарды қолданудың түрлі жолдары бар.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді.
Ойындарды дене ( қозғалыс ),ой-өрісі (ақыл-ой),еңбек ,әлеуметтік және психологиялық қызметтер түрлеріне бөлу керек.
Ойындар ерекшеліктеріне қарай мына топтпрға бөлінеді:
а/ оқыту,жаттығу,бақылау және қорытындылау;
б/ таным,тәрбие,даму:
в/ еске алу,өнімділік,шығармашылық;
г/ коммуникативтік,таным әдісі,кәсіпке бағдарлау және т.б.
Ойын әдістемесі пән бойынша сюжеттік, рөлдік, іскерлік, еліктеушілік және драмалық ойындар.
Пәндер бойынша ойындар барлық оқу пәндері саласына бөлінеді.Ойын ортасы ойындар технологиясының ерекшелігін анықтайды: затпен және затсыз ойындар үстел үстінде, көшеде, бөлмеде, компьютерде, оқу техникалық құралдармен және түрлі жүру техникасымен.
Дамыту ойындар технологиясы ( Б.П. Никитин).
Ойындар қызметінің бағдарламасы түрлі дамыту ойындарынан тұрады.Олар ортақ ойлардан шығады және сипаттамалық ерекшеліктерін игереді.
Әр ойын көптеген мақсаттардан тұрады, оларды балалар кубтар, квадраттар, ою-өрнектер, бұйым бөлшектер арқылы шешеді.
Пәндер бойынша дамыту ойындарына құрылыс, еңбек және техникалық ойындар жатады.
Тапсырмалар әр түрлі түрлерде беріледі: үлгілер түрінде, изометриядағы жайпақ сурет, сызба, жазбаша немесе ауызша нұсқаулар және т.б., сонымен оларды түрлі мәлімет беру әдістерімен таныстырады.
Тапсырмалардың қиындығы өте көлемді олар төменгі сынып оқушыларына лайықтыдан жоғарғы сынып оқушыларының шамасынан жоғары болып келеді. Сондықтан ойындар оқушының тұрақты қызығушылығын туғызады Ойындардағы тапсырмалардың бірте-бірте өсу қиындығы балалардың алға ұмтылуына көмектеседі ,сол арқылы шығармашылық қабілетін дамытады.
Оқушыларға тапсырмаларды шешу дерексіз түрдегі жауап сияқты емес,олар сурет ,геометриялық денелер бұйым бөлшектері көрінетін және сезінетін заттар түрінде беріледі.
Дамыту ойындарының негізгі ерекшелігі мынада:жеңілден ауырға деген ең бір негізгі көзқараспен қабілетіне қарай өз бетінше шығармашылықпен қызмет жасау көзқарасы біріктірілген ,сонда ғана бала өз мүмкіндігін пайдалана алады.
Бұл ойын кезінде бірнеше мәселелерді ,шығармашылық қабілеттерін дамытуға байланысты шешуді қамтамасыз етеді:
Жас кезден бастап дамыту ойындары шығармашылық қабілеттерін дамытуға маңызы зор;
Ойынның барлық кезеңдерінде баланың қабілеттерін дамытудың алдын алуға жағдай жасайды;
Өз деңгейіне өзінше көтеріле отырып,бала одан ары нәтижелі дамиды;
Мазмұнына қарай дамыту ойындары әртүрлі ,олар мәжбүрлікті көтермейді, бостандықтың және қуаныштықтың шығармашылыққа жағдай туғызады.
Іскерлік ойыны
Жаңа материалды меңгеру ,қорытындылау кешенді мәселелерін шешу ,шығармашылық қабілеттерін дамыту ,жалпы оқу іскерлігін қалыптастыру үшін іскерлік ойыны пайдаланады.Оқу материалдарын әртүрлі жағдайларда түсінуге мүмкіндік береді.
Оқыту барысында түрлі ойындардың үлгілері қолданылады::еліктеу,әрекеттік жылдамдық,рөлдік ойындар ;іскер театр,психологиялық және әлеуметтік драма.
Іскерлік ойынның әдіс - тәсілдері төмендегі кезеңдерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |