Конференция - кейбір тақырыптарды тереңірек меңгеру үшін, оның ғылыми дәрежесін көтеру мақсатында ұйымдастырылатын оқыту формасы.
Пәндік үйірме - мазмұны, ұйымдастыру тәсілі мен уақыт өлшемі тұрғысынан өзіндік ерекшелігі бар, оқушылардың қызығушылығы мен пәндік бейімділігін дамытуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру формасы.
Сынақ - бағдарламыдағы теориялық білімдерді күшейту, бекіту және оқыту процесінде оқушылардың жоғары белсенділіктерін, жауапкершілігін, дербестігін орнықтыру мақсатында жүргізілетін оқыту формасы.
Үй жұмысы - сыныптағы өткен сабақтың үйдегі жалғасы, оқушылардың өз бетінше орындайтын оқыту формасы. Оқушылардың үй жұмысы сыныптағы оқу жұмысымен жалғасып, толықтырылып отыруы керек, бұл оқушылардың білімдерінің терең және берік болуын қамтамасыз етеді. Үй жұмысын күнделікті орындау барысында оқушының дербестігі, ойлау қабілеті артып, өздігінен жүйелі білім алуға дағдыланады. Сабақта алған білімдерін өзіндік еңбекте қодана білуге, өзін- өзі бақылау және кітаппен жұмыс істей білу тәсілдерін меңгереді.
Үй жұмысын дұрыс ұйымдастырудың шарттары: 1) тиімді орындау туралы нұсқау беру;
2) үй тапсырмасы оқушының қызығушылығын оятуы тиіс, ол өмірмен, тәжірибемен байланысты болуы ьтиіс;
3) үй жұмысы шығармашылық сипатта болуы тиіс;
4) үй жұмысын орындау жолын түсіндіру керек;
5) үй тапсырмалары оқушының жас және дербес ерекшеліктеріне, ойлау қабілетіне сәйкес болуы тиіс;
6) үй тапсырмасын тексеру және бағалау барысында оның жақсы жәәне нашар жақтарына назар аударту керек;
7) тапсырмаға әділетті баға қою керек;
8) мұғалімнің бағалауы мен өзін өзі бағалауды ұштастырып отыру қажет.
Үй жұмысын орындаудың ұзақтығы оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі болып келеді: 1,2 сыныптарда - 1 сағат; 3, 4 сыныптарда - 1,5 сағат; 5 - 8 сыныптарда - 2 сағат; 9 -11 сыныптарда 3 сағат болуы тиіс.