10. Қазақстандағы ең алғашқы жоғарғы оқу орны жайлы???
Қазақ мемлекеттік университеті Қазақ АКСР Халық Комиссарлары Кеңесінің 1927 жылғы 23 наурызда қабылдаған қаулысы негізінде 1928 жылғы қазанда ашылды. Алғашқы кезде педагогикалық, ауыл шаруашылық және медициналық факультеттер құру жоспарланды.
Алайда кең байтақ қазақ сахарасындағы сауатсыздықты жою жөніндегі кезек күттірмес міндет бәрінен бұрын педагог кадрларын қарқынды түрде даярлауды талап еткендіктен, алғашқы университетті педагогикалық бағытта ашуды өмірдің өзі ұсынды. Тұңғыш жоғары оқу орнында әуелде физика-математика, жаратылыстану және лингвистика-педагогикалық бөлімдерден құрылған жалғыз ғана факультет болды. Тұңғыш жоғары оқу орны 1930 жылдан бастап Қазақ педагогикалық институты (ҚазПИ) деп аталып, оған 1935 жылы ұлы ойшыл, ақын Абайдың есімі берілді. Ол бүгінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |