Дидактика деген не?
Дидактика-білім беру,тәрбиелеу,оқыту теориясы! Балаларды және үлкендерді оқытудың міндеттері мен мазмұнын ашатын педагогиканың мазмұндас бөлігі.
Нені оқытамын?
Кімді оқытамын?
Қалай оқытуым керек?
ҚР қашан жаңартылған білім беру мазмұнына көшті? - Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2017-2018оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады.
Элективті курс-оқушылардың әртүрлі танымдық қызығушылығын қанағаттандыратын, профильдің мазмұнын толықтыратын, оқу жоспарының жаңа элементі. Элективті курс кез келген тақырыпта болуы мүмкін, яғни жалпы білім бағдарламасының шекарасында жататын және одан тыс аймақта.
«Педагогикалық процесс» ұғымын ғылымға алғаш рет 1904 жылы П.Ф.Каптерев ендірді.
«Педагогикалық процесс» деген термин ғылыми айналымға XIX ғасырдың екінші жартысында енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.
Педагогикалық процесс - білім беру, тəрбиелеу жəне дамыту міндеттерін шешуге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған мұғалім мен оқушы арасындағы өзара ықпалды қызметті атқарады, яғни педагогикалық процесс – бұл арнайы оқу мен тəрбиенің бірлігін қамтамасыз ету жолымен кең мəндегі тəрбиені іске асыруды көздеген біртұтас процесс.
1. Тәрбие дегенімізді қалай түсінесің? тәлім-тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Достарыңызбен бөлісу: |