бағдарламалары мен оқу жоспарлары
Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
7. Білім беру бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
8. Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:
1) үлгілік оқу жоспарлары;
2) оқу жұмыс жоспарлары;
3) жеке оқу жоспарлары.
9. Оқу жоспарларының барлық нысандарында әрбір оқу пәніне әріптік және сандық белгілердегі тиісті кодты беруді қарастыратын пәндерін кодтаудың бірыңғай жүйесі пайдаланылады.
10. ҮОЖ-ны білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҮОЖ-да міндетті компоненттегі әрбір оқу пәнінің еңбексыйымдылығы кредиттермен анықталады, ал таңдау бойынша компонент кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі.
11. ОЖЖ-да әрбір оқу пәнінің тізбесі және міндетті компонент пен таңдау бойынша компоненттегі еңбексыйымдылығы кредиттермен, оларды оқыту тәртібімен, оқу сабақтарының түрі және бақылау нысандарымен анықталады.
12. ОЖЖ-ны оқу жылына әзірленеді және ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді.
ОЖЖ оқытушының оқу жұмысының еңбексыйымдылығын есептеу үшін негіз болып табылады.
13. ОЖЖ-ның және ЖОЖ-ның нысанын, құрылымын және әзірлеу тәртібін білім беру ұйымы дербес айқындайды.
14. ЖОЖ әрбір білім алушының жеке білім траекториясын бөлек айқындайды.
15. ЖОЖ-ды үш данада факультет деканы (бөлім басшысы) бекітеді: бірі - деканатта (бөлімде) сақталады және ол білім алушының білім беру бағдарламасын орындауына және меңгеруіне бақылауды жүзеге асыру үшін негіз болады, екіншісі - аралық аттестаттауды ұйымдастыру үшін офис Регистраторға, үшіншісі - білім алушыға тапсырылады.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16. Үлгілік оқу жоспарын толықтыру үшін таңдау бойынша енетін барлық оқу пәндерінің жүйелі қысқаша сипатталған тізбесін көрсететін элективті пәндердің каталогы (ЭПК) әзірленеді, оның ішінде оқытудың мақсаты, қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) және күтілетін нәтижелері (білім алушылрдың алған білімдері, іскерліктері, дағдылары, және біліктіліктері) көрсетілген пәнді сипаттайтын қысқаша суреттемесі беріледі.
Аталған каталогта әрбір оқу пәндерінің пререквизиттері мен постреквизиттерін көрсетіледі. ЭОК білім алушыларға элективті оқу пәндерді баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
17. Білім беру ұйымы оқу үдерісін ақпараттық көздермен толық көлемде қамтамасыз етеді: оқулықтар, оқу құралдары, оқу пәндері бойынша әдістемелік құралдар және әзірленімдер, көп таратылатын материалдар және өзіндік жұмыстар жөніндегі нұсқаулықтар, электронды оқулықтар, желілік білім ресурстарына қолжетімдік.
Әрбір білім алушы оқудың барлық кезеңінде анықтамалық-жолсілтегіштермен қамтамасыз етіледі.
3. Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру
18. Кредиттік оқыту технологиясын пайдалану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
1) білім көлемін біріздендіру;
2) оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу;
3) білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту;
4) білім алушының оқудағы шынайы жетістіктерін оларды тиімді бақылау рәсімдері негізінде анықтау болып табылады.
19. Кредиттік оқыту технологиясы мыналарды көздейді:
1) білім алушылар мен оқытушылардың әрбір пән бойынша еңбек шығынын бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу;
2) білім алушылардың жеке оқу жоспарын қалыптастыруға тікелей қатысуын қамтамасыз ететін элективтік пәндердің каталогына енгізілген таңдауы бойынша пәндерді олардың таңдау еркіндігі;
3) білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі;
4) білім алушылардың білім траекториясын таңдауына ықпал ететін эдвайзерлерді оқу үдерісіне тарту;
5) оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану;
6) білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру;
7) оқу үдерісін ұйымдастыруда факультетке (бөлімге) және кафедраларға академиялық еркіндік беру, білім беру бағдарламаларын қалыптастыру;
8) оқу үдерісін қағазды және электронды тасымалдағыштардағы барлық қажетті оқу және әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
9) білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылаудың тиімді әдістері;
10) әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
20. Бір оқу жылының шеңберіндегі оқу үдерісін ұйымдастыру білім беру ұйымының басшысы бекітетін, академиялық күнтізбе ғылыми (педагогикалық) кеңестің шешімі негізінде іске асырылады.
21. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және практикалардан тұрады.
Академиялық кезең нысанына байланысты ұзақтығы семестр үшін 15 апта, триместр үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8 апта.
Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта.
Білім алушыларға әр бір академиялық кезеңнен каникулдар беріледі, оқу жылындағы каникул уақытының ұзақтығы 7 аптадан кем болмауы керек.
22. Ұзақтығы кемінде 6 аптаны құрайтын қосымша оқыту қажеттіліктерін қанағаттандыру, академиялық қарызды немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықты жою, оқу пәндерін оқу және студенттердің өз жоғары оқу орнында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруымен басқа жоғары оқу орындарында несиелерді игеру, үлгерімнің орта балын (GPA) көтеру үшін жазғы семестрді (бітірушілер курсын есепке алмағанда) енгізуге жол беріледі.
Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23. Профессорлық-оқытушылық құрамның педагогикалық жүктемесін жоспарлау академиялық сағат немесе кредит көлемінде жүзеге асырылады. Бұл ретте аудиториялық сабақтардағы педагогикалық жүктеме оқытушының лекпен, топпен, кіші топпен байланысты жұмыс уақыты бойынша есептеледі. Әрбір білім алушымен жеке жұмыс түрлеріне жұмсалатын уақыт шығыны (СӨЖ тапсырмаларын, курстық жұмыстарды (жобаларды), емтихан қабылдау, оның ішінде МАК құрамында, бітіруші курс жұмыстарына жетекшілік ету) ЖОО-ның дербес бекіткен уақыт нормасы негізінде есептеледі.
Бір академиялық сағат дәрісханалық сағаттың 50 минутына тең. Студиялық және зертханалық сабақтар, сондай-ақ дене тәрбиесінің сабақтары, студиялық сабақтар үшін академиялық сағат тиісінше 75 минутқа тең, немесе зертханалық сабақтар мен дене тәрбиесі сабақтары үшін 100 минут.
Білім алушылардың практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу жұмыстарының бір академиялық сағаты, қорытынды мемлекеттік аттестаттау 50 минутқа тең.
Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
24. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит төмендегідей оқу жұмыстарының 15 академиялық сағатына тең:
аптасына 1 сағат бойынша тең бөлінген семестр түріндегі академиялық кезең бойында білім алушының дәрісханалық жұмысы;
білім алушылардың кәсiби және зерттеу практикасы кезеңдерінде оқытушымен жұмыстары;
білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары кезеңдерінде оқытушымен жұмыстары;
білім алушылардың дипломдық (жобалар), магистрлік немесе докторлық диссертация жұмыстарын жазу және қорғау жұмыстары;
білім алушылардың дайындық және мамандық бойынша мемлекеттік емтихандарын (кешендік емтихан) дайындау және тапсыру жұмыстары.
25. Білім алушылардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының әр түрлері үшін академиялық сағатпен жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттан) анықталады.
Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болғандықтан, білім алушылардың аудиториялық жұмысының академиялық сағаттары тиісінше БӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша білім алушының семестр түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы бір кредит жиынтық оқу жүктемесі бакалавриатта 3 сағатқа тең болады.
БӨЖ-дің дене тәрбие жұмыстарына қосымша сағат берілмейді.
Әрбір практиканың академиялық сағаты (оқудан басқа) білім алушылардың қосымша жұмыстарының оқу сағаттарына сәйкес жүргізіледі: педагогикалық практикаға – 1 сағат, өндірістік практикаға – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін – 7 сағат.
Әрбір академиялық сағат білім алушылардың (магистранттың, доктаранттың) ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмыстарының, магистрлік және докторлық диссертациялардың орындалуын қоса алғанда, БӨЖ-ы 7 сағатқа жүргізіледі.
Қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты білім алушының диплом жұмысы (жобасы), магистрлік немесе докторлық диссертация кезіндегі оқытушымен байланысу жұмыстарын немесе білім алушы мен оқытушының мемлекеттік емтихан тапсыруға дайындығы не тапсыру кезіндегі оқытушымен жұмысының оқу сағаттарын білдіреді. Білім алушының қорытынды аттестаттаудың әр бір академиялық сағаты БӨЖ 6 сағатқа жүргізіледі.
Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
26. Кәсіби практика жоғары білімнің міндетті кешендік оқу бағдарламасы болып табылады. Олар оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алдындағы болып бөлінеді. Кәсіби пратиканың барлық түрлерінің жалпы көлемінің құрылуы 6 кредит құрайды.
27. Магистратура мен докторантурада зерттеу практикасы жүргізіледі.
28. Практиканың ұзақтықтығы жұмысы білім алушының аптадағы нормативтік уақыты практикаға бір апта ішінде 30 сағатқа (жұмыс аптасының 5 күнінде 6 сағаттан) тең екендігі бойынша анықталады. Апта санын есептеу үшін кредиттегі практика көлемі оқу сағаттарындағы пратиканың тиiстi түрiнiң еңбек сыйымдылығына көбейтіледі және білім алушының апта iшiндегі практика жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлінеді.
Практиканың 1 кредитінің ұзақтығы 15 сағатты құрайтын болғандықтан (50 минуттан), оқу практикасына 30 сағат (50 минуттан) педагогикалық практикаға 75 сағат (50 минуттан) өндірістік практикаға және зерттеу практикасына 120 сағат (50 минуттан), онда практика ұзақтығына сәйкес аптасына 1 кредитті: 0,5 апта оқу практикасына, педагогикалық практикаға – 1 апта, 2,5 апта өндірістік практикаға және зерттеу практикасына 4 апта.
29. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауды жоспарлау және магистранттар мен докторанттардың аптадағы ғылыми-зерттеу (зерттеу-тәжірибе) жұмысы білім алушылардың 54 сағатқа (күніне 9 сағат, БӨЖ-ді қосқанда жұмыс аптасының 6 күні) тең апта ішіндегі нормативтік жұмыс уақытына байланысты анықталды.
30. Білім алушылардың 120 (15x8) сағаты магистранттың ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МҒЗЖ), магистранттың эксперименттік зерттеу жұмысы (бұдан әрі – МЭЗЖ), докторанттың ғылыми зерттеу жұмысы (бұдан әрі – ДҒЗЖ) бір кредитіне, яғни 2,2 аптаға сәйкес келеді.
Қорытынды аттестаттаудың 1 кредиті 105 (15х7) сағатқа, яғни 2 аптаға сәйкес келеді. Олардың ішінде білім алушылардың оқытушымен жұмысы 15 байланыс сағаты және БӨЖ-дің 90 сағаты.
Мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға (кешендік емтиханға) дайындыққа және тапсыруға 2 апта (1 кредит) беріледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) магистрлік немесе докторлық диссертацияны қорғауға және жазуға 2, 3 және 4 кредит, тиісінше 4, 6 және 8 апта беріледі.
31. Оқу сабақтары басым түрде белсенді шығармашылық нысандарда жүргізіледі (кейс-стади, іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар).
32. Кредиттік технологияны оқыту кезінде оқу сабақтарының кестесін, оқу пәнін оқытушы құрайды, жеке бiлiм беру траекториясын қамтамасыз етуде және оқытушыларды таңдауды мақсаттардағы қорытынды жасайды.
Оқу сабақтары төмендегідей ұйымдастырылады:
1) күндізгі бөлімде білім алушылар үшін – бір немесе екі ауысымда сағат 8.00-ден 18.30-ға дейін;
2) кешкі білім алушылар үшін – бір ауысымда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін;
3) сырттай білім алушылар үшін – бос дәрісханаға байланысты бір күн ішінде сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін.
33. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
34. Академиялық лектер және топтар аталған пәнге және аталған оқытушысына жазылған білім алушылардың саны жеткілікті және жеткілікті деңгейге жетістіктер оның табыстылығының болу қағидасы бойынша қалыптасады.
Академиялық лектердің және топтардың толығуы білім беру ұйымдарымен дербес анықталады.
35. Білім алушылардың кредиттік технологиядағы өзіндік жұмысы екі бөлімге бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен орындалатын өзіндік жұмыс (ОБӨЖ) және бірыңғай өзі орындайтын жұмыс (ӨБӨЖ – БӨЖ).
БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнделікті өзіндік жұмысты талап ететін тапсырмалармен расталады.
36. Жалпы көлемде БОӨЖ (СОӨЖ, МОӨЖ, ДОӨЖ) БӨЖ-дің үлесі ұйымның өзіндік білім беруі арқылы анықталады.
ОБӨЖ білім алушылардың оқытушымен байланыстылығы дәрісханадан тыс жұмыс түрі болып табылады. ОБӨЖ оқу сабақтарының жалпы кестесіне кірмей, жеке графика бойынша орындалады.
Оқу бағдарламаларына ең қиын сұрақтар, үй тапсырмаларының орындалуы, курстық жобалар (жұмыс), семестрлік жұмысты бақылау, есептер және БӨЖ-дің басқа да тапсырмалары ОБӨЖ кеңесіне кіреді.
37. Пәнді оқуға білім алушыларды тіркеуді (Еnrоllmеnt) офис Регистратор ұйымдастырады. Сонымен қатар, әдістемелік-ұйымдастыру және консультациялық жұмыстарды өткізу үшін құрылымдық бөлімшелер мен эдвайзерлер тартылады.
38. Кредиттік технология бойынша оқу білім алушылардың білім беру бағдарламасын дербес жоспарлауына, оқудың жеке траекториясын таңдауына, өздігінен білім алу деңгейін арттыру уәждемесіне негізделген.
Білім алушылар өздерінің ЖОЖ-ын құру барысында:
1) кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерімен танысуы;
2) оқу пәндеріне тіркелудің және ЖОЖ-ға өзгерістер енгізудің белгіленген мерзімдерін сақтауы;
3) осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, тиісті деңгейдегі білім беру бағдарламасын меңгеру үшін оқу жылында белгіленген кредиттердің кем түспейтін санына жазылуы тиіс.
Ескерту. 38-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
39. Ақылы негізде білім алушы төлем қабілеттілігіне, оқу түріне тәуелді, тиісті деңгейдегі оқу бағдарламаларын игеру үшін жеке қабілеттілігін өзінің ЖОЖ-да аз мөлшеріндегі кредиттермен қалыптастыруға болады, сонымен қатар оқу мерзімін ұзартуға болады.
40. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз ету үшін жекелеген оқу пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады.
Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа білім беру ұйымдарында оқу үшін кредиттер санының жоғарғы шегін айқындайды.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында жекелеген пәндерді оқыған жағдайда, білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады.
41. Егерде білім алушы жеке пәндерді басқа білім беру ұйымдарында пән бойынша аралық аттестаттаудан өткен соң өзінің білім беру ұйымына емтихан ведомосын (немесе транскрипт) емтихан бойынша бағалау нұсқаулығымен қоса, пән бойынша және игерген кредиттер санының қорытынды бағаларын деканатқа (бөлімшеге) көрсетеді.
42. Шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестікте бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыратын жоғары оқу орындары қазақстандық кредиттерге және ЕСТS-ке барабар әріптес жоғары оқу орындарында игерілген кредиттерді қайта сынақтан өткізуді жүзеге асырады.
43. Білім беру бағдарламаларын іске асырудың сапасын арттыру және білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісіне және қорытынды бақылауға бөлінеді.
44. Білім алушылардың оқудағы жетістіктері (білімі, іскерлігі, дағдылары мен құзыреті) осы қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес 100 балдық шкала бойынша және төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес әріптік жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F).
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
45. Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру оқу жұмысы жөніндегі білім беру ұйымы басшысының орынбасарына бағынатын, офис Регистраторы жүзеге асырады.
Офис регистратор білім алушылардың оқудағы жетістіктерінің тарихын оқу кезеңі бойы жүргізеді, ол осы Қағидаларға 2-қосымшаға сай транскрипте айқындалады.
Транскрипт білім алушының кез-келген оқу кезеңінде сұрауы бойынша беріледі.
Ескерту. 45-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
46. Оқытушы ағымдық және аралық бақылау және білім алушының ағымдағы бағасына сәйкес үлгерімінің барлық түрлерін жүргізеді (ағымдағы орташа арифметикалық бағасы және аралық бақылау). Сонымен қатар білім алушының оқудағы жетістіктері, орындаған тапсырмалары ережеге 100 балдық көрсеткішпен бағаланады.
47. Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім және қорытынды бақылау бағасына кіреді (емтихан бағасы). Ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 пайыздан кем құраса қорытынды баға дәрежесі білім алушының оқу пәні бағдарламасын меңгергендігі. Қорытынды бақылау бағасы аталған оқу пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын құрайды.
Ескерту. 47-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
48. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады.
Білім алушылар қорытынды бақылаудан (емтиханнан) "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
49. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында осы аралық аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
50. Оң бағаны алу үшін білім алушылар келесі академиялық кезеңдердің бірінде немесе жазғы семестрде ақылы түрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
51. Бір кредиттің құны оқудың бекітілген құны арасындағы қатынаспен және оқытудың барлық бағдарламаларын игеру үшін білім беру ұйымының орнатылған кредиттер санымен есептелінеді.
Оқу жылына арналған оқу құны білім алушының академиялық кезеңімен немесе оқу жылы ЖОЖ болып табылады. Сонымен қатар оқыту құны білім алушыға жоспарланған ЖОЖ-дың орнатылған бір кредиттің бірдей құнын белгілеуді ұсынады.
52. Білім беру ұйымдарына даярлық жүргізілетін барлық мамандықтар бойынша оқыту құнынан орташа арифметика ретінде есептелінетін мамандықтарға қарамастан, бір кредитке бірдей құнды белгілеу ұсынылады.
53. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
54. Аралық аттестаттаудың қорытындылары бойынша барлық емтихандарын "А", "А-", "В+", "В-" бағаға тапсырған жағдайда, мемлекеттік білім беру гранты бойынша білім алушыларға стипендия тағайындалады.
55. Офис регистратор оқу жылының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын орташа балын есептейді.
56. Курстан курсқа көшіру үшін өту балын – білім алушыны келесі курсқа көшіруге рұқсат беретін өту балын курстар бөлінісінде жоғары оқу орындары дербес белгілейді.
57. Толық көлемде курс бағдарламасынан өткен, өту балының жинай алмаған білім алушыларға өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын "Қазақстан тарихы" пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.
58. Оқу жылының қорытындылары бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып өту балын жинай алмаған білім алушылар оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
Оқу курсына қайта қалдырылған білім алушылар бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады немесе жаңа жеке оқу жоспарын жасайды.
59. Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын білім алушы әрі қарай оқу кезеңіне білім беру грантынан айрылады.
60. Білім алушыны көшіру, қайта оқуға қабылдау және академиялық демалыстан шығу кезінде оқыту курсы пререквизиттер ескеріле отырып анықталады.
61. Бакалаврларды даярлау бойынша білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы студенттің теориялық оқытудың кемінде 129 кредитін игеруі, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін, диплом жұмысын дайындауға, жазуға және қорғауға кемінде 2 кредитті (жоба) және мамандық бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредитті игеруі болып табылады.
Жекелеген мамандықтардың ерекшеліктерін ескере отырып, (арнайы жоғары білім бағдарламасын қоса алғанда) білім беру үдерісін аяқтаудың негізгі критериясы мыналарды студенттің меңгеруі болып табылады:
"Өнер" тобы бойынша – теориялық оқу 160-180 кредит;
"Әскери іс және қауіпсіздік" – 170-190 кредит;
"Ветеринарлық" – кемінде 161 кредит;
"Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту (медицина) – 190-224 кредит.
Сонымен қатар, жоғары оқу орны игеру үшін қажетті кредиттер көлемін көбейтуі мүмкін, білім беру бағдарламасын іске асыру олардың ерекшеліктеріне байланысты.
Ескерту. 61-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
62. Магистрлерді даярлау бойынша білім беру үдерісі аяқталғандығының негізгі критерийлері магистранттың:
1) ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде кемінде 59 кредитті, оның ішінде теориялық оқудың кемінде 42 кредитін, практиканың кемінде 6 кредитін, ғылыми-зерттеу жұмыстарының кемінде 7 кредитін;
2) бейіндік дайындық кезінде - кемінде 28 кредитті (1 жыл оқу мерзімімен) және кемінде 48 кредитті (1,5 жыл оқу мерзімімен), оның ішінде теориялық оқуға сәйкес кемінде 18 және 36 кредитті, практика бойынша кемінде 2 және 4 кредитті, эксперименттік-зерттеу жұмыстарының кемінде 4 және 4 кредитін меңгеруі болып табылады.
Ескерту. 62-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
63. (PhD) философия докторын немесе бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру үдерісі аяқталғандығының негізгі критерийлері докторанттың кемінде 75 кредиттті, оның ішінде теориялық оқудың кемінде 36 кредитін, сондай-ақ практиканың кемінде 6 кредитін және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кемінде 28 кредитін меңгеруі болып табылады.
Ескерту. 63-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
64. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламасын меңгерген және қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға «бакалавр» дәрежесі, және (немесе) «магистр» біліктілігі және философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесі және мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен (транскрипт) беріледі.
Ескерту. 64-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 28.01.2016 № 90 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
65. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А-, В-, В, В+ деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орташа балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) "А", "А-" деген бағаға тапсырған бакалавриат және арнайы жоғары білім беру бағдарламалары бойынша оқыған білім алушыға, барлық оқу кезенде қайта тапсырылған емтихандар болмағанда үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
66. Жоғары оқу орнына кейінгі білім беру бағдарламасының толық теориялық курсын игерген бірақ ғылыми-зерттеу компоненттерін орындамаған білім алушыға, келесі оқу жылында ақылы негізде зерттеу компоненттері кредитін қайта игеруге және диссертация қорғауға қайта мүмкіндік беріледі.
4. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта санаудың қазақстандық жүйесі
67. Теориялық оқудың бір қазақстандық кредитінің еңбек сыйымдылығы шығыны аудиторлық сабақтар мен оқушылардың дербес жұмыстарын есепке алғанда бакалавриатта 45 сағат жұмысты құрайды.
Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
68. Білім алушылардың академиялық ұтымдылығын және білім беру бағдарламасын тануды (жоғары және жоғарыдан кейінгі білім берудің барлық деңгейі мен нысандарында) қамтамасыз ету үшін европалық білім беру кеңістігінде қазақстандық кредит ECTS кредитте қайта есептеу қажет.
69. ECTS шеңберіндегі академиялық кредит – бұл пәнді зерделеудегі жұмыс көлемінің өлшем бірлігі, яғни дәрісханалық сабақ пен өзіндік жұмыс уақытындағы жұмыс көлемі. ECTS-тің бір кредиті 25-30 академиялық сағаттарға тең.
70. Жалпы оқу жүктемесіне дәрісханалықтан бөлек эссе, рефераттар, курстық жұмыстар (жобалар) жазу, зертханалық сабақтарды орындау, практикадан және стажировкадан өту, ағымдық, аралық және қорытынды бақылау әр түрлі дайындалу, материалдар жинау және дипломдық жұмыс (жоба) жазу сияқты студенттің өзіндік жұмыстарының түрлері де кіреді.
71. ECTS бір оқу жылындағы оқу жұмысының жиынтық еңбек сыйымдылығын 60 кредитпен (оқушы бір семестрде 30 кредит жинайды, ал триместрде – 20 кредит) бағалайды. Оқу жылының ұзақтығы емтихан тапсыруға 30 аптаны және 6 аптаны құрайды.
72. Еуропа елдерінде бакалавриат дәрежесін алу үшін оқудың ұзақтығы үш жылдан төрт жылға дейінгі мерзімді құрайды және тиісінше 180-240 есептік кредиттік бірлік алуы қажет.
73. Кредиттерді қайта есептеу Қазақстан Республикасында ECTS кредиттері және ауыстыру коэффициенті негізінде қайта іске асрылады.
74. ECTS кредиттерін Қазақстан Республикасының кредитіне қайта есептеу әрбір пән бойынша 1,5-тен 1,8 шегінде ECTS-тің 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентіне ECTS кредиттерін бөлу арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар кредиттер толық бірлікпен құрылады.
Курстық жобалардың (жұмыстардың) еңбек сыйымдылығы жалпы пәннің еңбек сыйымдылығына кіреді.
Ескерту. 74-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
75. Қазақстан Республикасының кредиттерін ECTS кредиттеріне қайта есептеу әрбір пән бойынша Қазақстан Республикасының 1 кредитін толтыруға байланысты ауыстыру коэффицентін 74-тармақта көрсетілген Қазақстан Республикасының кредиттеріне көбейту арқылы жүзеге асырылады.
Аталған ауыстыру коэффиценттері теориялық оқыту (аудиториялық сабақтар мен өздік жұмыстарды ескере отырып) кредиттерін қайта есептеу үшін қолданылады.
Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
76. Оқу жұмыстарының басқа түрлерінің кредиттерін қайта есепте мынадай ауыстыру коэффиценттерінің көмегі арқылы 74-тармаққа ұқсас түрде жүзеге асырылады:
Практика: оқу – 0,5-тен 0,6 дейінгі шекте, педагогикалық – 1-ден 1,2-ге дейінгі шекте, өндірістік – 2,5-тен 3-ке дейінгі шекте, зерттеу – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;
магистранттың (докторанттың) ғылыми (эксперименттік) - зерттеу жұмысы – 4-тен 4,8-ге дейінгі шекте;
білім алушыларды қорытынды аттестаттау – 3,2-ден 4,5-ке дейінгі шекте.
77. Жоғары оқу орындары оқу орны бойынша және факультеттегі ECTS-ті үйлестірушіні тағайындайды.
ECTS жоғары оқу орнының үйлестіруші ECTS-тің принциптері мен тетіктерінің сақталуын қамтамасыз етеді, сонымен қатар жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелеріндегі барлық үйлестірушілердің жұмыстарын бақылайды және үйлестіреді.
ECTS үйлестірушілері оқушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамға ECTS-тің практикалық және оқу аспектілері бойынша кеңес береді.
78. ECTS-тің бағалау бағаны бес санатқа бөлінген оң бағадан ("А"-"Е"), дұрыстауға болатын FX бағасынан) және кредитті ұсынбайтын F бағаларынан тұрады.
Қазақстан Республикасының білімін бағалау жүйесі білімалушының оқу жетістігін балдық-рейтинг әріппен бағалау жүйесіне негізделген, кредиттерді тағайындауды қарастыратын он оң нәтижелі бағадан ("A"-дан "D"-ге дейін), сонымен қатар кредитті ұсынбайтын бір қанағаттанарлықсыз "F" бағадан тұрады.
79. Бағаны ауыстыру ECTS бойынша балдық-рейтингтік әріптік жүйе бағасы білім алушының жетістігі және осы Қағидаларға 3-4-қосымшаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
5. ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсырудың Қазақстандық үлгісі шеңберіндегі академиялық ұтқырлық
80. Қазақстанның жоғары оқу орындарында академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде қолдануға қажет төмендегідей нормативтік құжаттар көрсетілген:
ұтқырлық бағдарламалары бойынша кететін студенттің өтініші;
ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу туралы келісім;
оқу туралы транскрипт;
ақпараттық пакет (курстар тізімдемесі).
81. Жоғары оқу орны ECTS түрі бойынша кредиттерді қайта тапсыру туралы ереже әзірлейді, ол ECTS-ті қолдану бойынша жоғары оқу орнындағы негізгі құжат болып табылады.
82. Академиялық ұтқырлықты кеңейту үшін ЖОО Ақпараттық пакет (бұдан әрі – АП) әзірлейді. АП формасы, құрылымы, мазмұны және форматын ЖОО дербес анықтайды.
Ескерту. 82-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
83. АП мемлекеттік, ағылшын немесе орыс тілдерінде дайындалады.
84. АП жоғары оқу орнының академиялық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми тәрізді едәуір маңызды қызмет салаларын сипаттайды және қосымша ақпаратты (спорттық-көпшілік іс-шаралар, мәдени-бос уақыт қызметтері, материалдық-техникалық база және тағы басқа) қамтиды.
85. АП-да жоғары оқу орнының төмендегі негізгі бөлімдер бойынша сипаттамалары бар:
1) жоғары оқу орны туралы жалпы ақпарат;
2) оқу бағдарламалары туралы ақпарат (курстар тізімдемесі);
3) білім алушыларға арналған қосымша ақпарат.
86. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
87. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
88. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
89. Алынып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
90. Білім алушының өтінішінде студентті жіберетін жоғары оқу орнының атауы және толық мекен-жайы, факультеттің/департаменттің және жалпы алғанда, жоғары оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын үйлестірушісінің аты-жөні, сондай-ақ студенттің жеке ақпараты. (аты-жөні, тегі, туған күні, айы, жылы, мекен-жайы) көрсетілуі тиіс.
Өтініште ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін білім алушының уәжділігі туралы ақпарат, білім алушылардың шетелдегі оқу тілі бойынша біліктілік деңгейі, еңбек тәжірибесі және алдағы шетелде білім алуы туралы мәліметтер жазылады, шетелде оқу грантына ие болу мүмкіндігіне белгі осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес жүргізіледі.
Ескерту. 90-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
91. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқу келісімі студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқыту процесін реттейтін негізгі құжат болып табылады және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ағылшын тілінде толтырылады.
Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
92. Қабылдаушы жоғары оқу орны студенттің академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуы туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қабылдайтын жоғары оқу орны, студент және жіберетін жоғары оқу орны – үш тарап келісімге қол қояды.
93. Ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушының оқығанын растайтын соңғы құжат осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – ағылшын тілінде, ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алған студенттер үшін – орыс және/немесе қазақ тілдерінде толтырылатын білім туралы трансткрипт болып табылады.
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
94. Білім алу туралы транскриптке оқу бағдарламасы (курс (пән) коды), пәннің атауы, пәннің оқыту ұзақтығы (жыл, семестр, триместр), оқу бағасы (ұлттық шкалада (егер болған жағдайда) және ECTS шкалада), ECTS-тегі берілген кредиттер саны туралы мәліметтер енгізіледі.
Оқудың толық бағдарламасында ойдағыдай оқыған жағдайда берілген дәреже/диплом туралы белгі жасалады.
95. Білім алу туралы транскриптте оқу бағдарламасының ерекшелігі туралы мынадай (қосымша) мәліметтер көрсетіледі: бағалаудың жоғары оқу орындық жүйесін сипаттау; ECTS бағалау жүйесі, оқу жылы, семестр, триместрдегі ECTS кредиттер санын бағалау жүйесі.
6. Модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу тәртібі
Ескерту. 6-тарау жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 02.06.2014 № 198 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
96. Модульдік оқытудың әдіснамалық негізі ретінде модульдік білім беру бағдарламаларын әзірлеу принциптері, әдістемесі және тәртібі саналады.
Оқыту нәтижелерінің тиімділігіне кешенді тәсілдерді сақтау арқылы қол жеткізуге болады. Модульдік принцип бойынша білім беру бағдарламалары да, оқу жоспарлары мен оқу пәндері де құрастырылады.
97. Оқыту нәтижелері білім берудің деңгейіне сәйкес Дублин дескрипторлары негізінде анықталады және құзыреттілік арқылы көрінеді. Бұл ретте оқытудың бес негізгі нәтижесі көрсетіледі:
білім және түсіну;
білім мен түсінгенін қолдану;
пікір айтуды қалыптастыру;
коммуникативтік мүмкіндіктер;
оқу дағдылары немесе оқуға деген қабілеттілік.
Оқыту нәтижелері барлық бағдарлама бойынша да, жеке модуль мен жеке пән бойынша да анықталады.
98. Модульдік оқытудың мазмұны дегеніміз оқытудың мазмұнын жеке ұйымдастыру-әдістемелік модульдерге айналдыру болып табылады. Олардың мазмұны мен көлемі дидактикалық мақсаттарға, білім алушылардың бейіндік және деңгейлік саралануына қарай өзгеріп отыруы мүмкін.
Модульдердің бірігуі білім алушылардың белгілі санаттарының оқуы (және өздігінен оқуы) үшін және арнайы дидактикалық, кәсіби мақсаттарда іске асуы үшін талап етілетін нақты оқу материалын таңдау және құрастыру еркіндігі мен икемділігінің қажетті деңгейін қамтамасыз етеді.
99. Модульдік оқытудың негізгі принциптері мыналар:
1) білім беру бағдарламаларын, нақты пәндерді құрастырудың және олардың мазмұнын анықтаудың жүйелі тәсілдері;
2) білімді жеке элементтерге бөлшектеу және білім берушілер мен білім алушылар ынтымақтастығының нақты көрінуі;
3) әр модуль ішінде және олардың арасында оқу сабақтары түрлерінің әдістемелік тұрғыдан дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету;
4) модульдік курс пен білім беру бағдарламалары құрылымының икемділігі;
5) білім алушылардың білімін бақылаудың тиімділігі мен бақылау іс-шараларының семестр барысында дұрыс бөлінуі;
6) студенттердің шығармашылық қызметі үшін алғышарттар құрылатын дамыта оқытудың әдістемелік принциптерін іске асыру мүмкіндіктері болып табылады.
100. Білім беру бағдарламасының әрбір модулі оқытудың белгілі нәтижелеріне, яғни құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте модульдер пәндердің мазмұндық бірлігі негізінде «көлденең» немесе «тік» сызба бойынша құрастырылуы мүмкін.
101. «Көлденең» модульде барлық құрамдас пәндер параллель оқытылуы мүмкін білім беру нәтижелеріне тең дәрежеде және біршама тәуелсіз қызмет етеді.
«Тік» модуль іргелі және жалпы кәсіби деңгейден арнайы тар қолданбалы деңгейге дейін белгілі бір білім беру нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған бірінен кейін бірі (ретімен) оқытылатын пәндерді қамтиды.
102. Модульдік білім беру бағдарламалары мамандарды даярлаудың құзыреттілік моделінің контексінде әзірленеді. Бұл жағдайда жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру барысында қалыптастырылатын құзыреттіліктер пән саласына қатысты және әмбебап (жалпы және пәннен тыс) құзыреттіліктерге бөлінеді.
Құзыреттіліктер білім мен түсінікті (академия саласындағы теориялық білім, білу және түсіну қабілеті), қалай әрекет етуді білуді (нақты жағдайларға білім мен дағдыларды практикалық және жедел қолдану) және қалай болатынын білуді (әлеуметтік контексте өзгелермен өмірдің ажырамас бөлігі ретіндегі бағалық аспект) қамтиды.
103. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мыналарды көздейді:
1) оқу пәндерінен қайталау фрагменттерін алып тастау мақсатында қолданыстағы білім беру бағдарламаларының мазмұнын алдын ала терең пәнаралық тексеру;
2) МББ кіретін оқу модульдерінің тізбесін анықтау;
3) бір МББ аясында ықтимал білім беру траекторияларын белгілеу (бағыттарды, магистрлік бағдарламаларды, элективті пәндер мен қосымша білім беру бағдарламаларын есепке ала отырып);
4) профессорлық-оқытушылық құрамның еңбек шығынын және ЖОО-ның материалдық-техникалық, ақпараттық-кітапханалық және баспа-полиграфиялық базасының сапалы жаңартылуын талап ететін оқу модульдерін іске асыру жүйесін әзірлеу;
5) оқу үдерісінің қазіргі заманға сай жаңаруына жауап беретін жаңа қағидаттарда әкімшілік-басқару қызметін іске асыру.
104. Білім беру бағдарламаларының модульдері нақты салалар немесе пәндер бойынша оқыту бағдарламаларының логикалық өзара байланыстағы компоненттерін білдіреді.
105. Бір модульдің көлемі 5 және одан да көп қазақстандық кредитті немесе 8 және одан да көп ECTS кредиттерін құрайды және екі немесе одан да көп оқу пәндерін қамтиды.
106. Кәсіптік практикалардың түрлері, дипломдық жұмыстар және магистрлік/докторлық диссертациялар өзара байланысына және оқу пәндерімен мақсаттарының бірлігіне қарай білім беру бағдарламаларының тиісті модуліне қосылады. Сонымен қатар, кәсіптік практиканың әрбір түрі әртүрлі модульдерге жатуы мүмкін.
107. Модульдің құрамында кредиттегі әрбір құрамдас компоненттің модульдің жалпы еңбек көлеміндегі оның тікелей пропорционалдық үлесі анықталады.
108. Модульдік қағидаттарға сәйкес білім беру бағдарламасын және оқыту пәндерін өзге нұсқалық бөліктерден (міндетті оқыту үшін модельдер) және вариативті, яғни еңбек нарығының, жұмыс берушілердің және студенттердің қажеттілігін есепке алатын ауыспалы модульдерден құрау мақсатты болып табылады.
Сонымен бірге білім беру бағдарламасының оқу пәндері үш топқа бөлінеді:
А тобы - міндетті пәндер, олар қатаң берілген бірізділікпен оқытылады;
В тобы - міндетті пәндер, олар еркін бірізділікпен оқытылады;
С тобы таңдау бойынша пәндер, кез келген академиялық мерзімде оқытылады.
109. Модульдер мынадай түрлерге бөлінеді:
1) жалпы модульдер – мамандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-этикалық, мәдени құзыреттілікпен (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық), экономикалық (кәсіпкерлік) және ұйымдастыру-басқару құзыреттілігіне тікелей байланысы жоқ жалпы білім беретін құзыреттіліктерді қалыптастыратын жалпы білім пәндері (бұдан әрі – ЖБП) және базалық пәндер (бұдан әрі – БП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;
2) мамандық модульдері – мамандықтың негізін құрайтын және нақты жалпы білім беру бағдарламасының, сондай-ақ жалпы құзыреттіліктердің (сын тұрғысынан ойлау, креативті, шығармашылық), белсенді өмірлік ұстаным, инновациялылық) шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағытталған БП және кәсіптік пәндер (бұдан әрі – ПП) кезеңдерінің пәндерін қамтиды;
3) біліктілік шеңберінен шығатын қосымша модульдер – мамандығына қатысы жоқ және қосымша құзыреттіліктерді (ақпараттық технологиялар, шетел тілдері және т.б.) қалыптастыруға бағытталған пәндер кезеңдерін қамтиды;
110. Модульді білім беру бағдарламасының құрылымы мынадай компоненттерді қамтиды:
1) білім беру бағдарламасының атауы;
2) білім беру бағдарламасының деңгейі: (бакалавриат/магистратура/PhD докторантура);
3) білім беру бағдарламасының паспорты, сондай-ақ білім беру бағдарламасының бітірушілері меңгеруі тиіс негізгі құзыреттер:
ана тілі саласында;
шет тілдері саласында;
іргелі математикалық, жаратылыстану-ғылыми және техникалық дайындық;
компьютерлік;
оқу;
әлеуметтік (тұлғааралық, мәдениетаралық, азаматтық);
кәсіпкерлік, экономикалық;
мәдени, сондай-ақ қосымша қабілеттер: сын тұрғысынан ойлау, креативті, (шығармашылық), инновациялық өлшем, белсенді өмірлік ұстаным);
4) әрбір модуль бөлінісінде қалыптасатын құзыреттіліктерді, қазақстандық кредиттердегі және ECTS кредиттердегі көлемін, оқыту кезеңін, модуль компоненттерін (құрамдас модульдің (пәндер, практикалар және т.б.) коды және атауы), пәндер топтамасын (ДБП, БП, ПП), міндетті компонентке немесе таңдау бойынша компонентке тиістілігін, кредиттердің санын және әрбір құрамдас модульге қатысты бақылау формасы) көрсете отырып, модуль түрлерінің шеңберінде білім беру бағдарламасының мазмұны;
5) білім беру бағдарламасының модульдері бөлінісінде игерілген кредиттердің көлемін көрсететін жиынтық кестесі осы ереженің 9-қосымшасына сәйкес.
111. Оқу пәндеріне модуль құруда оның бағдарламасы білім алушылардың қажетті білім, іскерлік, дағды және құзыреттілік алуына бағытталған модульге (кіші модульдер, бөлімдер) құрылады.
Сонымен қатар, оқыту пәндерінің модульдік бағдарламасы білім алушылардың дәрісханалық пен өзіндік жұмысы ретінде оқытылады және оқытушыларды ақпараттық функциялардан босатады.
112. Модульдік оқу бағдарламасы мыналарды қамтиды:
1) оқу пәндерінің мақсаты мен міндеттерінің тізбесі;
2) білім алушылардың «түсу алдындағы» және пәндерді меңгергеннен кейінгі (пререквизиттер және постреквизиттер) дағдыларына (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар;
3) пәндердің әрбір модуліне сипаттама (модульдік бірліктер тізбесі, яғни олардың қысқаша мазмұны, семинарлық және зертханалық-практикалық сабақтардың жоспарлары, студенттердің өзіндік жұмысының тақырыптары мен сұрақтары, оның ішінде оқытушының жетекшілігімен, тапсырманы орындау және тапсыру кестесі);
4) қысқаша ұйымдастыру-әдістемелік сипаттама (оқыту мен оқу жетістіктерін бақылаудың негізгі формалары мен әдістері, оқытушының талаптары, курстың саясаты мен рәсімі);
5) білім алушылардың оқу жетістіктері нәтижелерін бағалау жүйесі.
113. Білім бағдарламалары жалпы білім беру және қосымша құзыреттіліктер қалыптастыруға бағытталған өзіндік оқыту модульдерінен (кіші модульдер, бөлімдер, тақырыптар) тұратын пәнаралық модульдерді қамтиды. Бұл ретте мақсаттары бір болған жағдайда бірнеше пәндер бір модульге бірігуі мүмкін.
114. Модульдік тәртіппен жасалған оқу жоспары: ЖББП, БП, ПП кезеңдерінің пәндерінде қалыптасатын, жалпы мамандықтардан, қосымша және пәнаралық модульдерден, қосымша оқыту модульдерінен тұратын білім беру мазмұнының моделін көрсетеді және міндетті компонент пен таңдау бойынша компонент пәндерін қамтиды.
115. Модульді зерделеп аяқтаған соң қорытынды бақылау модуль бойынша кешенді емтихан нысанында не әрбір компонент – оқу пәні бойынша өзіндік емтихан нысанында өткізіледі.
Егер кешенді емтихан өткізілген жағдайда қорытынды бақылау бағдарламасына негізгі компонент бойынша сұрақтар кіреді, ал басқа компоненттер бойынша қорытынды бақылау нысаны реферат, эссе немесе курстық жұмыс (жоба) болып табылады.
Кешенді емтихан кезінде баға тұтас модуль бойынша да, оның әрбір компоненті – оқу пәні бойынша да жеке қойылады.
116. Модуль бойынша кредиттер алудың шарты әрбір компоненттегі жұмыстың барлық түрлерін орындау және қорытынды бақылау бойынша оң баға болып табылады.
Егер тұтас бір модуль бойынша қорытынды бақылаудан қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда, білім алушылардың оның жеке компоненттері – оқу пәндері бойынша оң бағасы, онда олар қайта есептеледі. Келесіде білім алушылар бұл пәнді оқымайды.
Достарыңызбен бөлісу: |