Оқытудың технологиялары
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүиесі жасалып, әлемдік білім беру кеңестігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмуны пайда болуда:
білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде;
баланыі жеке басын тәрбиелеуде, оныі жан дүниесінің рухани баюына, азамат тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
Оқыту технологиясын жетілдірудің психолгиялық –педагогикалық бағыттығы негізгі ой- тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы менгергендерді пайдалана отырып, ақыл ойды дамытатын оқуға көшу;
білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетәнің динамикалық құрылым жүйесіне кошу;
оқушыға орташа деңгеиде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына.
Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар,жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейнше саустты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгешілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами қаблетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
“Педагогикалық технология - бұл педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті”,- деп анықтайды.
Оқыту технологиясы мектепте оқу үрдісіне қажетті әдіс, тәсіл, амал, дидактикалық талап секілді психологиялық- педагогикалық іс- әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдалыналады. Ол оқушылардың тәртібіне, оқуға, ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі мұғалімдердің интелектуалдық, шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжірибесінің нәтижелілігінде ,жинақтылығына ұтымды әсер ететіндей ролін атқарады. Былайша айтқанда, педагогикалық технология-оқу- тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігі оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамассыз ететін жанды құрамдас бөлігі( компонент).
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі
ә) оқыту мазмұндық бөлімі
* оқытудың нақты және жалпы мақсаты
б) үрдістік бөлім- технолнгиялық процесс
оқу үрдісін үйымдастыру
оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары
мұғалім жұмысының әдістері мен формалары
мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті
оқу үрдісінің диагностикасы.
Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А.Коменскийдің, И.Гербарттың дәстүрлі объект-субъектілілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде,өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзіжүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға құрамы оқу ісіндегі субъектілер- оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған өзара әрекеті болып табылады.
Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Егер “жеке тұлға” ұғымының мазмұнын талдап, түсінік беретін болсақ, біздің ойымызша , төмендегідей анықтама неғұрлым дәл келеді:
“Жеке тұлға – бұл адамның психикалық, рухани мәні, ол әр түрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:
адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
өзіне және өзімен-өзінің, дүниеге және дүниемен қатынастарының жүйесі;
іс жүзіне асырылып жүрген әлеуметтік ролдер қызметінің жүйесі, мінез-құлық әрекетттерінің жиынтығы;
айналадағы қоршаған әлемді және онда өзін-өзі жете түсінуі;
қажеттілік жүйесі;
шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
сырттқы жағдайларға әсерінің жиынтығы және т.б.” (Г.К.Селевко)
Қазіргі ауқытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы.
Ғылымға мықтап енген “педагогикалық технология” ұғымына әртүрлі түсініктемелер берілген (В.П.Беспалько, В.М.Шепель, И.П.Волков, М.Чошанов. м.В.Кларин, Г.К.Селевко және т.б.). дегенмен, барлық анықтамалардың ортақ басты негізі бар, бұл, біздің ойымызша, келесі түсіндірмеден айқын көрінеді:
“ Педагокикалық технологиялар– бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды”.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтің дидактикалық біліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д.Б.Эльконин мен В.ВДавыдовтың дамыта оқыту технологиясы, Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материялдарының белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, П.И.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтың, В.П.Беспальконың және басқа да көптеген ғылымдарының технологиялары кеңінен танымал.
Қазақстанда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Әлемнің әртүрлі елдерінде (АҚШ-та , Ұлыбританияда, Бельгияда, Ресейде және т.б) жүргізілген зерттеулерде оқытудың технологиялық тәсілінің тиімділігі дәлелденген. М.Поташниктің (Ресей) пікірінше, бұл бір жағдайларда – технолог-ғалымдар жасаған “индустриалдық” нұсқасы, оның мәні бекітілген ережелер мен тәлісдерді қатаң сақтау болып табылады; ал басқа жағдайларда – құрылымның “жұмсақ” нұсқасы, ол өзгерістер мен түзетулерді қажеттілігіне қарай енгізуді ұсынады.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңына оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға,педагогикалық процесті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, оқытудың жаңа технологиялары өзіндік нұсқасымен жасалуда, мұның бірқатар ерешеліктері бар. Осы технологияның идеяларына тәжірибелік негіздеме беру мақсатында тоғыз жыл бойына (1992-2001 жж) оның ғылыми-теориялық әзірлемесі Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы білім мекелерінде сынақтан өтті.
Зерттеу нәтижелері мен тәжірибелік – эксперименталдық жұмыс оны орта мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, коледждерде, институттарда және т.б. қолдануға болатынын көрсетті.
Оқыту технологиясының бір ерекшелігі – оның білімді меңгеруге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық процестерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, көру, қимыл және т.б.), ойлауды, ынтаны, қабылдау қабілетін арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамытуға, сондай-ақ тұлғаның қауіпсіздігін, өзін-өзі бекіту, қарым-қатынас, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға;белсенді сөздік қорын (ауызша және жазба тілінде) дамытуға бағытталуы.
Ал базалық білім бұл технологияның алдына қойған мақсаттарына жетудегі басты құралдарының бірі болып қана табылады.
Зерттеулер көрсеткендей, жоғарыда аталған мақсаттарға бағытталуы оқу үрдісін мұқият құра білген жағдайда оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материялын барлық оқушылардың жүз пайызға меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Оқыту технологиясының өзіндік нұсқасын әзірлегенде біз оның жалпы құрылу қағидаларына (Дж.Блок, Л.Андерсен, Дж.Керрол, Б.Блум, т.б.), сондай-ақ тұлғаның даму ерекшеліктері туралы психологиялық ғылым мәліметтеріне, оның мүдделеріне, тұлғаның қызығушылық аясын дамытуға, тұлғаның танымдық құрылымын дамыту ерекшеліктеріне (Ж.Пиаже, Э.Эриксон, А.Маслоу, Л.С.Выготский, Л.М.Фридман және т.б.) сүйендік.
Деңгейлеп оқыту технологиясы
Педагогика ғылымының доктары, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар даиындауға болады.Өйткені қазіргі экономикалық жағдай оқушының жаңа үрдістерін талап етуде.Сондықтан ғылыми ізденіс барысында педагогика саласындағы оқытудың деңгейлік жүиесі оқушыларға ғылым негізін меңгертудің негізгі тиімді жолы болып табылады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі- оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында.
Оқытудың жаңа технологиясының бірі- жалпы білім беретін мектептерде әр пәнді деңгейлік тапсырма арқылы оқыту болып табылады.
Мектеп оқушыларының білім деңгейінің көрсеткішін төмендегідей бағалауға болады: 1 деңгей (төмен)- эпизодтық. Білімді жаңа жағдайға көшіру мұғалім көмегімен жүзеге асырылады; 2 деңгей – түсініктерді жүйелеу деңгейі.
70 пайыз ғылыми ұғымдарды саналы түрде анықтайды; 3 деңгей- (жоғары) бастапқы ғылыми ұғымға өту(ауысу) деңгейі деп белгілейді.
Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі.
Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері:
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту әр категориялардағы балаларға бірдей зейін адарып, олармен саралай жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Деңгейлеп - саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төмен (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
жеке тұлға ерекшеліктеріне;
психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоцияын басқара білуіне),
пән бойынша білімді игеру деңгейіне / оқушының білімімен іс- әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Деңгейлеп оқытудың маңыздылығы:
Сынып оқушыларының жаппай жұмыс істеуіне жетелейді;
Бос іспен айналысатын оқушы болмайды;
Әркім өзінің білім деңгейін біліп , оны дамытуға тырысады;
Қиындықтарды жеңе білуге дағдыланады және пәнді оқып үренуге тиянақты қызығушылығы пайда болады;
Ізденіс дағдысы қалыптасып, шығармашылық қабілеті дамиды.
Күтілетін нәтиже:
Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу;
Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігін, іскерлік біліп қана қоймай, оны дамытады;
Өз бетімен ізденіс дағдыларын, іскерлік қабілетін жетілдіртін шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Педагогикалық инновация туралы түсінік.
XXI ғасыр табалдырығында тұрған адамзат дамуының жаңа кезеңі- білім беру прогрестің ең маңызды факторларының бірі болып саналатын кезеңге келіп жетті.
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында қазіргі мектептер:
1. практиклық қызметте жинақталған барлық игіліктердің сақталуы;
2. қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіруі;
3. еліміздің материялдық – қаржылық әл-ауқатын әрі қарай дамыту;
4. орта білім беру жүйесін әрі қарай дамыту т.с.с. міндеттерді көздейді.
Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық қарым-қатынас жасаулары керек. Оқыту түрлерін, әдістері мен құралдарын одан әрі жетілдіріп, тиімді тәсілдерді нәтижелі қолданудың жолдарын іздестірілуі қажет.
Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көтеретін әдіс – тәсілдері, түрлері көбінде жаңашыл, инновациялық деп атайды.
Мектеп практикасымен танысу барысында мұғалімдердің инновациялық технологияларды біртіндеп қолдануға ұмтылғаны байқалады. Бірақта олар инновациялық әдіс – тәсілдердің жалпы әдістерден айырмашылығы, оларды қолданудың тиімді жолдары қандай деген мәселелерді анық – айқын біле алмайды.
Инновация ( латын сөзі in – в, novis – жаңа ) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді екен. С.И.Ожегов сөздігі бойынша: инновацияны бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық.
1957-1964 ж. он жылдық тарихқа американдық білім жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.
1. Ағылшын ғалымдарыныңпайымдауынша, жаңалық көзі арнайы қолданған деректерде дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеруді ұйымдастырушыларда т.с.с.
2. Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қортындыға келеді: “ Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс ” , - дейді.
3. Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагоктары да қарастырады.
90- жылардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В. И. Золвязинский, Лазареванның еңбектерінде “ инновация ” ұғымы пайда болады. Олар “инновация” ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс- әтректі деп сипаттайды. М. М. Поташник, А. С. Лоренсов “жаңалық” дегенді құрал ретінде ( яғни жаңа әдіс, жаңа технология ) ал, “инновацияны” осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.
Қазақстан мемлектінде “инновация” ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш “инновация” ұғымы қазақ тілінде анықталған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: “Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі” – деген анықтаманы ұсынады.
Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың “инновация” , “нововедение”, “ новшество” , “новое” қазақша аудармаларын жасаған , Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институты әдіскері К. Құдайбергенов болып табылады. Өз еңбектерінде “ инновацияны ” - нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған:
“Инновация” – жаңарту.
“Нововедение” – енген жаналық.
“Новое” - жаңа.
“Новшество” – жаңалық.
“Инноваионный процесс” – жаңарту үрдісі.
Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: “инновация” сөзі латын тіліне енген – новый, яғни аударғанда “ обновление-жаңарту”, “новинка – жаңалық”, “изменение - өзгеріс” деген мағына береді.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс – тәсілдерді, амалдарды, құралдары, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану леп анықталған.
Инновация ұғымын ғалымдар әртүрлі түсінеді:
1. жаңалық , жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.
2. өзгеріс.
3. құрал, әдіс.
Т. И. Шамова, П. И. Третьяковалардың еңбегінде “Инновация дегеніміз- жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалықенгізу дегеніміз- тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация ұрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал “ жаңаша” жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз” делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде “инновация” әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым “жаңаша білім беру” деп түсіндіріледі.
Ал А.И.Кочетов “ инновация” ұғымына төмендегідей анықтама береді: “ Көрсетілген деңгейге апаруды қамтамасыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс- әрекеттің біртұтас бағдарламасы”. Алайда Р. Масырова мен Т. Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, “ Егер баратын деңгей ” алдын – ала көрсетілгенболса, ол қандай инновация” делінген. В. Кваша мен В. Латинаның пікірлері бойынша “ инновация” – бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс- әрекеттің жаңа сапалы деңгейге көтерілуі болып табылады.
Тәжірбиелер көрсетіп жүргендей, кез келген инновация – мөлшерлі іс - әрекеттің шегіне ұмтылу және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық нновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі – “ Қуаныш үйі”, К.Д. Ушинский мен Л. Н. Толстойдың ғылыми идеялары және т.б.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикаалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді. “ Жаңару” дегенімізді былай деп түсіндіреді: “ Жаңару – белгілі бір адам үшін әділ тұрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақыттан бірінші қолданған уақтымен анықталатын жаңа идея” ( Масырва Р. Линчевская Т. Инновационные школы в Казахстане. РБК, Алматы).
Н. Нұрмағамбетов “ Инновация” білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1. Жеке түрі ( жеке- дара, бір-бірімен байланыспаған); 2. Модульдік түрі ( жеке дара кешені, бір-бірімен байланысқан); 3. Жүйелі түрі ( мектепті толық қамтитын).
Ал жалпы инновацияны модификациялық комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлуге болады:
Модефикациялық инновация- бұл қолда бард дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған В.Ф.Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектісі және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.
Комбинаторлық инновация- бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Радикалдық инновацияға білімге мемекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологины ендіруді міндеттейді. Ал жаңа педагогикалық технологияның түрі, қолдану ерекшелігі одан туындайтын ділгір мәселелер бүгінгі таңда әлі нақтыланып белгілі бір жүйеге түспеген дүние.
Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай мектептердегі бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субьективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай, ғалымдар жаңашыл- мұғалімдер бұл мәселелерді шешу бағытына біршама істер атқаруда. Инновация дегеніміз- белгілі бір жүйедегі ішкі өзгеріс. Педагогикалық инновация – педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.
Педагогикалық жүйе құрлымын кей ғалымдар оқушылар – тәрбие мақсаты – тәрбие мазмұны – тәрбие үрдісі – мұғалімдер – тәрбие жұмысын ұйымдастыру формалары түрінде қарастырады ( тәрбиелей отырып оқыту жағдайында). Білім беру үрдісінің негізгі бөліктері: мақсат – мазмұн – форма - әдіс – оқыту көрнекілігі тізбесі жаңа мазмұнға ие болғанда ғана педагогикалық жүйедегі жаңашылдыққа жол ашылады. Ал жаңа технологияны қолдану төмендегі кезеңдңр арқылы іске асады: оқып үйрену –меңгеру - өмірге ендіру – дамыту.
Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:
* ақу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;
* оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми - әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап , назарда ұстау;
* жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушылаға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу;
* оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.
Кез келген елдің экономиялық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгәзу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірбиесі білім беру жүйесін ақпараттандыру экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық және телекоммуникациялық технологиясын игеру міндетіміз.
Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. XVII ғасырды Я. А. Коменскийдің жасаған кластық сабақтық жүйесі А. С. Макаренко және В. А. Сухомлинскийдің іс – тәжірбиелері, сондай-ақ В. Ф. Шаталовтың қолданған тірек-конспектілері жаңалықтарды, ой-идеяларды өз уақытында да, қазірде де қолдануды тиімді деп тауып отыр.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүргенидеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып , инновацияны “жаңалық”, “жаңа әдіс”, “өзгеріс”, “әдістеме”, “жаңашылдық”, ал инновациялық үрдісті “ жаңа әдістеме енгізу құралы” деп ұғатын боламыз.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесін қарастырады. К. Ангеловский, М.Поташник, В.Я.Ляудие т.б.ғалымдар мұғалімінің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы – мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек дейді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу,түсіне білу және оның басқа әдістемелерімен қандай байланысты екенін білу керек.
Инновациялар классификациясы негізінде білім беру мекемелердің қызметіндегі туындайтын саналы педагогикалық ой-идея жүйесі жатыр.
Сонымен, мұғалімнің инновациялық әрекетке көшуі бірден бір көккейкесті мәселе. Білімінің ағартушылық жүйесінде мұғалым субъект деп танылады. Мектепке білім берудің динамикалық үрдісі мұғалімнен шығармашылықты, инновациялық әрекетті талап етеді. Мұндай талап етушілікте, байланыста мұғалімнің дәстүрлі деңгейі мен қазіргі мектеп, қоғам қажет ететін шығармашылықты, жаңашыл – мұғалім арасында қарама-қайшылық туындайды.
Мектеп өмірінде болып жатқан өзгерістер, олардың инновациялық бағытқа бет бұруы болашақ мұғалімді даярлаудағы әдістемелік өзгерістермен тығыз байланысты. Инновация көлемділігі оның жүйелігі мен класификациясын тудырады. Осындай мәселелердің шешімін іздеу жолында еңбектеніп жүрген ғалымның бірі – О.Т.Хонерин.
Драгомир Аранжинович мағынасына, мазмұнына, нәтижесіне қарай үш категорияға бөлді:
мектеп жүйесіндегі инновациялар.
оқыту тәрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.
оқыту құралдарымен байланысқан жұмыстың ұйымдасу түрі, әдіс- тәсілдеріне жататын инновациялар.
Белгілі бір бағдар берушілік пен мемлекеттік білім деңгейін қамтамасыз ететін оқушылар жұмысын ұйымдастыру: жеке бас қызығушылығы мен мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасау.
Сонымен, инновация жаңалық ашумен байланысты. Зерттеуші ғалымдардың айтуы бойынша кез келген жаңалық бірден жақсы нәтиже бере алмайды. Себебі, 1) жаңа тәжірибе әр уақытта көкейкесті мәселелерді шеше бермейді; 2) кез келген жаңалық белгілі бір педагогикалық мәселені шешу үшін пайдалынылады.
Қазіргі кезеңдегі педагогикалық инновация білім беру жүйесіндегі жаңалықтарды топтастырады.
Әдебиеттер:
Қ.Ж. Бұзаубақова – Жаңа педагогикалық технология-2004ж.
М. Валиева – Білім беру технологияларының нәтижеге бағдарланған білім берудегі ерекшеліктері- Алматы - 2006ж.
3. Керимбаева М.С. Инновационные процессы в школе: проблемы, перспективы, поиск. – Алматы.-1995г.
4. Бұзаубакова К. Ж. Жаңа педагогикалық технология – Алматы.-2004ж.
Ақмола облысы Зеренді ауданы
«№1Зеренді орта мектебі» КММ
Оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
Орындаған:А.С. Ергожина
2017-2018 жыл
Достарыңызбен бөлісу: |