«Физика 1» пәні инженерлік-техникалық бағыттағы бакалаврлерді жалпы теориялық дайындаудың негізін құраушылардың бірі ретінде жалпы физика курсы туралы біртұтас түсінік қалыптастырады. «Физика 1» курсының мазмұны дәрісте, тәжірибелік және зертханалық сабақтарда ұсынылған материалдармен анықталады.
«Физика 1» пәнін оқытудың негізгі мақсаты:
- әлемнің заманауи физикалық бейнесі және ғылыми дүниеге көзқарасын қалыптастыру;
- классикалық және заманауи физиканың теориясын, іргелі заңдар білімін қолдана білу, сонымен қатар физикалық зерттеу әдістерін кәсіптік қызмет жүйесінің негізгі ретінде қолдана білуге үйрету