Оқытушымен студенттің өздік жұмысы Пәні: Философия Тақырыбы



Дата30.11.2022
өлшемі19,41 Kb.
#160552
Байланысты:
СРСП 13 АПТА


Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Оқытушымен студенттің өздік жұмысы
Пәні: Философия
Тақырыбы: "Гегельдің тарих философиясы"

Орындаған:ВТ-21-1 группасының


Студенті:
Қабылдаған: Омавов Талгат Диншеевич

Қарағанды 2022


Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) шығармашылығы классикалық неміс философиясының шыңы болып есептеледі. Ол алғаш рет барлық табиғи, тарихи және рухани дүниенің ұдайы дамуын көрсетті. Ол объективті идеализм тұрғысынан диалектиканың негізгі заңдары мен категорияларын ашты және дәлелдеді.
Гегель философиясы ойлау (сана) мен болмыстың тепе-теңдігінен басталады. Заттар және олар туралы ойлар сайма-сай, сол себептен өзінің имманенттік анықтамаларында ойлау және заттардың нағыз табиғаты тепе-тең, бір.
Болмыс пен ойлаудың тепе-тендігі Гегелдің ойынша, әлемнің субстанционалдық бірлігі болып табылады. Бірақ тепе-теңдік абстракты емес, нақтылы, яғни айырмашылықты қажет етеді, Тепе-тендік және айырмашылық — қарама-қарсылықтардың бірлігі. Ойлау және болмыс екеуі де бір заңға бағынышты. Гегель, объективті абсолютті ойлауды, тек қана алғашқы басталым және барлық бардың дамуының қозғаушы күші, деп ойлайды. Әр алуан құбылыстарда көріне отырып, ол абсолюттік идея тұрғысында болады
Абсолютті идея дегеніміз:

  • жалғыз бар болатын нағыз нақтылық (ақиқат);

  • барлық қоршаған әлемнің және оның заттары мен құбылыстарының басқы себебі;

  • сана-сезімге иелі Дүниежүзілік рух жаратуға да қабілетті.

Абсолютті идея орнында тұрмайды. Ол бір сатыдан екінші сатыға, нақтылыққа және маңыздылыққа өтіп толассыз дамуда болады. Абстрактылықтан нақтылыққа өту — дамудың жалпы принципі. Дамудың ең жоғары сатысы — «абсолютті рух». Абсолютті идея бұл сатыда адамдық теория өрісінен көрінеді және өзін өзі ойлау пәніне айналдырады.
Енді Гегелдің осы философиялық жүйесін толығырақ қарастыралық. Ол негізінен үш кезеңнен тұрады: 1) логика, 2) табиғат философиясы, 3) рух философиясы.
Кисын (логика) «Абсолюттік идеяның» өзін өзі ашуының бірінші кезеңі. Логика, оның ойынша кұдайлық ойлыақылмен сай келетін «таза ойлыақылдың» жүйесі. Логика, «абсолюттік идеяны» ғылыми — теориялық түрде ұғу.
Логика арқылы «Абсолюттік идея» категориялар жүйесі түрінде танымның қарапайым — болмыс, бейболмыс, нақтылы болмыс, сапа, сан, категорияларынан бастап әр алуан — химизм, биологизм сияқты анықтайтын ұғымдармен бүткіл жалпылық мазмұны ашылады. Гегель категорияларды ағымдағы, толассыз өздігінен пайда болатын қозғалыс күй-жағдайындағы таза ой деп сипаттады. Қандай түрде, немесе мазмұнына байланысты категориялар сезіммен қабылданатын материалға мұқтаж емес. Таза ақыл, ой және ойлардың даму сатылары ретінде олар өзінен өзі мазмұнды сол себептен заттардың мәнін құрайды.
Табиғат философиясы. Гегель абсолюттік идеяның дамуының екінші сатысы деп, табиғатты есептейді. Табиғат абсолютті ойдың туындысы, оның өзге болмысы. Рухтан болғандықтан, табиғат оларға байланыссыз бар бола алмайды. Гегель мұндай айтылуды қолданбағанмен, философияның ең басты сұрағын дәл осылайша шешеді. Гегель әлемнің жаратылысы туралы дәстүрлі діни түсініктерден алшақтау тұруға тырысады. Оның сөзі бойынша абсолюттік идея логика сатысында кеңістік пен уақыттан тыс бар болады. Оның логикасында бүл категориялардың жоқ болуы кездейсоқ емес. Гегельдің айтуы бойынша ең алғашқы не еді, содан соң не болды деу орынсыз. Дәл бұл сұраққа «ең алғашқы» және «сонан соң» айтыльшдары сай келмейді. Олар «таза логкалықтың» біріншілік және екіншілігін білдіреді. Бірақ Құдай Гегелде мүлдем дәстүрлі түрінде болмайды, ол — әлемдік ақыл-парасаттың абстрактылы ойы болғанмен, ол, әлемнің жаратылысы туралы христиандық догмалардан бас тартпайды.
Рух философиясы. Бұл гегелдік жүйенің алғашқы екеуінің жинақталған үшінші сатысы. Бұл жерде абсолюттік ой бейне бір оянатындай, осында қалай табиғи тегінен азат болып, өзінің әлпетін абсолюттік рухтан табады. Адам- табиғаттың бөлігі.Бірақ адамдық рух — табиғаттың емес, абсолютті рухтың өнімі. Табиғаттың өзі рухтан туындаған. «Біз үшін рух өзінің алғы шарты ретінде табиғатқа ие болады, ол оның ақиқаты, және сол себептен оған қатысында абсолютті. Бұл ақиқатында табиғат жоқ болып кетті, және рух онда идея ретінде анықталды, өзіне — өзі үшін — болмысқа қол жеткізді».

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет