58
«Әкімші» тіркеу жазбасының атынан сеансты аяқтаңыз. Құрылған тіркелгі
жазбасымен кірген кезде қате парольді үш рет енгізіңіз. Келесі кіру әрекеті жасалған тіркеу
жазбасын бұғаттау туралы хабарлама береді (32-сурет).
«Әкімші» атынан тіркеу жазбасына кіріңіз. Жасалған тіркеу жазбасының құлпын
ашыңыз. Мұны істеу үшін осы есептік жазбаның "Сипаттар" («Свойства») терезесінде
"Тіркеу жазбасы бұғаттау" параметрін өшіріңіз.
Пәрмен жолын (командная строка)шақырыңыз. Net accounts тіркеу жазбаларының
дерекқорын жаңарту және желіге кіру параметрлерін (LOGON) және барлық тіркеу
жазбаларына пароль талаптарын өзгерту үшін қолданылады. Осы пәрменді параметрлерді
көрсетпей пайдаланған кезде парольге қойылатын талаптарды және басқа параметрлерді
анықтайтын параметрлердің ағымдағы мәндері көрсетіледі. Ағымдағы кіру параметрлерін
шығарыңыз ( 33-сурет).
Парольге келесі талаптарды қойыңыз:
•
минималды ұзындық - 6 таңба;
•
парольдің максималды мерзімі-40 күн;
•
пайдаланушының соңғы 3 паролін пайдалануға тыйым салу.
33-сурет. Пароль сапасына қойылатын талаптар туралы ақпаратты қарау
Осы талаптарды қолдану (34-сурет) Net accounts командасының келесі параметрлері
арқылы жасалады:
/MINPWLEN:ұзындық
/MAXPWAGE:күндер
/UNIQUEPW:сан
34-сурет. Пароль сапасына қойылатын талаптарды өзгерту
Достарыңызбен бөлісу: