Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеі Гуманитарлық ғылымдар факультеті
БӨЖ
Тақырыбы: Әлеуметтік өзгеріс. Құрылымдық функционализм мен қақтығыс теориясы.
Қабылдаған:Джаппарова Раушан
Орындаған: Тұрғанбек Маншук
Тобы:ПМД-811
Жоспар
1.Әлеуметтік өзгерістер
2. Әлеуметтік өзгерістер түрлері.
3. Жаңашыл процесс.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Әлеуметтік өзгеріс "әлеуметттік даму" ұғымымен шатастыруға болмайды. Өйткені, қоғам өміріндегі өзгерістер мен әлеуметтік қозғалыстардың барлығы бірдей оның сапалықдаму Деңгейін бейнелей алмайды; кейде олар әлеуметтік даму процесің тежеп, оның құрылымдарын тоқырата түсуі мүмкін. Сондықтан да әлеуметтану ғылымында Әлеуметтік өзгеріс және "Әлеуметтік қозғалыс" ұғымдары "әлеуметтік даму" ұғымымен салыстырғанда кең мағынада қарастырылады. Ал әлеуметтік даму дегеніміз - жаңа қоғамдық карым-қатынастардың, институттардың, нормалар мен құндылықтардың пайда болуына жетелейтін күрделі құрылымдық процесс. Әлеуметтік дамуды бағалаудың әртүрлі: экономикалық, құқықтық, мәдени, рухани, т.б. өлшемдері калыптаскан. Оның мән-мазмұнын жете, толыққанды түсіну үшін нақты әлеуметтік ортаны зерттейтін ғылым салаларының, әсіресе, әлеуметтік философияның жетістіктері пайдаланылады. Жалпы қоғамды, оның құрылымдық элементтерін дамытатын немесе тоқырататын Әлеуметтік өзгерістердің негізгі себептері мен факторлары туралы әлеуметтанушылар әлі ортақ бір пікірге келген жоқ Әлеуметтанулық ғылымында әлеуметтік жанжал деген ұғымның өзіне қатысты әр алуан пікір калыптасқан. Кей ғалымдар оны әлеуметтік қарама-қарсылықтар немесе белсенді адамдар мен топтар арасыңдағы шынайы күрес регіңде, ал басқа әлеуметтанушылар оны қоғамдағы қарама-қарсылықтың пісіп жетілуі мен дамуының жоғары сатысы ретінде түсіңдірді. Шын мәніңде, әлеуметгік қарама-қайшылық пен әлеуметтік жанжал бір-біріне астасып жататын ұқсас ұғымдар емес. Әлеуметтік қарамақарсылық бір-біріне қарсы тараптар күресі ашық та айқын сипат иеленіп, әлеуметтік шиеленіс әбден асқыну деңгейіне өткен кезде ғана әлеуметтік жанжалға ұласады. Ал, Т.Парсонс сияқты функционалдық бағыттағы ғалымдар Әлеуметтік өзгерістерді "қозғалмалы тепе-теңдік" ретінде карастырып, оны қоғамның әлдебір бөлігіне, не бүгіндей әлеуметтік жүйеге телиді. Адамзат қоғамы тарихыңда Әлеуметтік өзгерістердің, негізінен, эволюциялық жөне революциялық екі пішімі кеңінен мәлім. Жалпы кез келген әлеуметгік жүйедегі оң қабылдаған өзгерістер ретсіз, бейберекет түрде емес, белгілі бір бағдарлылықпен, қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай, яки прогрессивті, жүйелі түрде жүріп жатады.
Құрылымдық функционализм
Американ социологы Роберт Мертон (т.ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты.
Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады.
Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз байланыста болатын компоненттерден тұрады.
Мертон бойынша, функция деп берілген жүйенің реттелуі мен оның ортаға бейімделуіне қызмет ететін бақылауларды есептеу керек, ал дисфункция кері үрдіс.
Осы құрастырулар негізінде, ол өзінің атақты «орташа деңгей» идеясын қалыптастырды, ол кіші жұмыс гипотезалары мен кең теоретикалық спекуляциялар арасындағы делдалдық рөлін атқарды. Социологиялық зерттеудің қағидалық және эмпирикалық деңгейлерін байланыстырып, оның «таза» эмпиризм тенденциясына қарама-қайшылығын айқындады.
Американ әлеуметтанушы-теоретигі (1902-1979) Толкотт Парсонс американдық әлеуметтанудың және жалпы әлеуметтанудың дамуына тигізген еңбегі зор болды.
Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.
Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу).
Индустриялды социология – АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық – әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т.б. концепциялары құрайды.
Индустриялды социология шеңберінде өткізілетін, белгілі социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс орнында ғана емес, басқарудың бүкіл жүйесі – менеджментке де қатысты.
Американ социологы және психологы Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар» доктринасының негізін қалаушылардың бірі.
Мейонның теориялық концепциясының негізіне келесі принциптер жатыр:
1) адам «әлеуметтік жануар» ретінде, топтық тәртіптің контекстіне енгізілуін мен бағытталуын белгілейді;
2) бағынудың қатал иерархиясы мен бюрократтық ұйыдастыруы адам табиғаты мен оның бостандығымен сай келмейді;
3) өнеркәсіп жетекшілері өнімдерге емес, көбінесе адамдарға бағытталуы керек.
Мейо бойынша, бұл принциптер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын мен индивидтердің өз жұмыстарына қанағаттануын қамтамасыз етуі керек.
Питирим Александрович Сорокиннің (1889-1968) өмірі ерекше өтті. Дарынды ғалым сол кезде Ресейде тұрып-ақ эсерлер партиясының өкілі ретінде саяси күреске көп күш-жігер жұмсады. 1922 жылы ол Ресейден қуылып, АҚШ-та орнықты. Өзінің концепциясының негізгі бөлігін Ресейде жасады да, АҚШ-та өңдеп шығарды.
Сорокин АҚШ-тағы эмпирикалық тенденцияны сынға алып, мәдениет кең түсінігінің барлық социологиялық аспектілерін қамтитын «интегралды әлеуметтану» жөніндегі оқытуларын дамытты. Өз дүниетанымының басынан оған гуманитарлық білімді өз уақытындағы тұтас, унифициалды жүйемен байланыстыру талпынысы тән болды.
Социомәдениет жүйесі динамикасының маңызды факторы әрқайсысы меншікті көзқарасы бар доминантты мәдениетті жүйенің құлдырауы болды. Сорокин олардың ішінен келесілерді белгілейді:
1) «сезімді» супержүйе (шындық белгілі сезімдер негізінде қабылданады);
2) «ойша» (шындық интуиция көмегімен танылады);
3) «идеалистік» (екі алдыңғының комбинациясы ретінде қарастырылады).
Қазіргі батыс әлеуметтануының қазіргі социологиялық жағдайын түсіну және оның даму перспективасын айқындау үшін парадигма түсінігі қолданылады. «Парадигма» түсінігі белгілі уақыт барысында ғылыми қауымдастыққа мәселелерді айқындау мен оларды шешуде моделін ұсынады және бәрімен танылған ғылыми жетістіктерді білдіреді. Барлық ғылымдардың дамуы бұрынғы парадигмалардың жаңалармен алмастырудың революциялық үрдісін белгілейді.
Американ зерттеушісі Джордж Ритцер қазіргі батыс әлеуметтанудың үш негізгі парадигмасын белгілейді:
Құрамына құрылымдық функционализм мен әлеуметтік шиеленістердің концепциялары кіретін фактуалистік парадигма.
Дефиционистік парадигманы, оған символикалық интеракционизм, феноменологиялық социология, этнометодология.
Бихевиоризмнің әлеуметтік парадигмасын (әлеуметтік айырбас концепциясы және бихевиористік социология).
Бірінші парадигма («әлеуметтік фактілердің» парадигмасы) әлеуметтік шындықты әлеуметтік фактілердің екі тобына – әлеуметтік құрылымдарына және әлеуметтік институттарға түйістіреді.
Екінші парадигма – «әлеуметтік дифференциялардың» парадигмасы – әлеуметтік фактілерді оқуға емес, оларды анықтайтын тәсілдерді оқуға негізделген. Зерттеу объектісі болып ішкі және субъектаралық және әрекет нәтижесі ретінде болып табылады. .
Үшінші парадигма – «әлеуметтік тәртіп» парадигмасы. Әлеуметтік бихевиористер ойынша, алғашқы екі парадигмалар метафизикалық болып келеді. Өйткені олар жалғыз әлеуметтік шындықты көрсететін адам тәртібін байқамайды.
Екі кезеңнің келесі парадигмастикалық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады. Марксті, Дюркгеймді, Веберді және т.б. біріктірген классикалық социологиялық көзқарас, ол «экономикалық адам» түсінігіне, яғни еңбек адамына және тұтынушы адамға негізделген. Қазіргі батыстық социологиялық ойлау «ақпаратты адамды», «постиндустриялық қоғамды», яғни еңбек пен тұтыну құныдылықтары орнына, басты мәдениет құндылықтары болған адамдарды оқуға негізделген.
Достарыңызбен бөлісу: |