ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
БӨЖ
Тақырыбы: Сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар тарихына қатысты жазба деректер, археологиялық ескерткіштері, оранлауы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы
Орындаған: Сәулебекова Жанерке
Қабылдаған: Рустамбекова М
Тобы: ЭҚЖ-111F
Түркістан, 2022
Жоспар
Кіріспе:
Сақтардың жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Үйсіндердің жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Қаңлылардың жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Ғұндардың жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Қорытынды
Пайдалынылған әдебиеттер тізімі
Сақтар, Үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар тарихына қатысты жазба деректер, археологиялық ескерткіштері, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы
Сақтардың жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандарын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді. Тарих атасы Геродот сақтарды «азиаттық скифтер», парсылар «құдіретті еркектер», Иран жазбалары «жүйрік атты турлар» деп атаған. Сақтарды «Әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық» деп есептегендер – гректер
Сақтар туралы олар «Садақпен, қылышпен және қола балталармен қаруланған, сауыт киген» деп жазған – СтрабонСақтар туралы «киімі мен өмір сүру дағдысы скифтерге ұқсас» деп жазған – Герадот Герадот жазбаларындағы сақтардың қыс кезіндегі мекені – Ағаш үйлерСақтардың негізгі шаруашылығы – мал шаруашылығы Сақтар өмірінде аз өсірлетін мал түрі – ірі қараҚызылорда облысы жеріндегі б.з.б. IV- б.з.-дың XIII ғасырларына жататын ежелгі қалашық – Шырық-Рабат
Ертедегі темірді өндірудің қарапайым тәсілі – Пеш көрікпен Сақтар туралы «Құдай деп олар күнді есептейді және оған жылқыны құрбандықққа шалады» деп жазған – СтрабонСақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлерінің басып кірген уақыты – б.з.б. 530ж.Томирис туралы «Әйел болса да қорыққан» деп жазған – Рим тарихшысы Помпей Трог Сақ жерінде Кирдің өлтірілгенін жазған – Герадот Дарий бастаған парсы әскерелері жорығының мерзімі – б.з.б. 519ж.Сақ малшысы «Шырақ» туралы суреттейтін герк тарихшысы – ПолиэнСақ патшайымы Томиристің өмір сүрген мерзімі – б.з.б. 570-520жж.Сақтардың парсы патшасы Кирге қарсы күресін басқарған – Томирис Сақтардың парсы әскері құрамында Марафон шайқасына қатысқан уақыты – б.з.б. 490ж.Б.з.б. IV ғасырда сақ жеріне қауіп төндірген – МакедонскийГрек-македон басқыншыларына қарсы күресті басқарған – сақ жауынгері СпитаА.Македонскийдің Сырдариядан өтіп сақтарға қалай щабуыл жасағаны туралы жазған – Арриан Сақтардың А.Македонскийға қарсы ерлік күресі туралы жазған – Арриан Томирис пен Кир шайқасы туралы жазған – Рим тарихшысы Помпей ТоргҚызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны – Шірік-РабатШірік-Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы – ЦитаделҚыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы – Бәбіш-МолдаБ.з.б. VII ғасырдан бастап далалы аймақтарда пайда болған өнер – аңдық стильСақтарға Ираннан «Өмір ағашы» дейтін аңдық стильдегі бейне – арыстан бейнесіАңдық стиль пайда болған ғасыр – б.з.б. VIIғ.Іле өзенінің оң жағалауындағы сақ қорымы – БесшатырБесшатыр қорымындағы обалар жиынтығы – 71 обаБесшатыр обасының мерзімі – б.з.б. V-IV ғғ.Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы – Есік обасыЕсік обасынан табылған бұйымдар саны – 4мыңнан астамЕсік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар зат – күміс табақшаАнтропололтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы – 17-18«Аң стилі» дәстүрімен сақтар жорықтар кезінде танысқан ел – алдынғы Азия мен ИранСақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырп жасаған табыты – Соркофаг.
Сақ тайпаларының археологиялық ескерткіштері
Оңтүстік Қазақстан және Жетісу: Жуантөбе, Түгіскен, Ұйғырақ, Қарашоқы, Берікқара, Есік. Қарғалы, Бесшатыр, Алтын-эмель-2, Қадірбай-2, Қызылауыл. Шығыс Қазақстан: Берел, Катон, Күрті, Маяэмир, Құлажорға, Бать, Шілікті, Бұқтырма, Жолқұдық, Чернореченск, Боброво, Ертіс, Мнотьевка. Солтүстік Қазақстан: Берлік-2, Покровка, Бектекіс, Карлуга, Каноткел, Боғанаты. Орталық Қазақстан: Тасмола, Қарамұрын, Нұрмамбет, Жыланды. Батыс Қазақстан: Целинный 1, Сынтас, Бесоба, Нагорненский, Алебастрова 2, Лебедовка, Байте. Арал маңы: Шірік-Рабат, Баланды, Бобыш-мола.
Сақтардың орналасуы:
Сақтар-б.з.б 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстанды мекен еткен тайпа.Б.з.д. I мың жылдықтан Қазақстан территориясын мекендеген көшпелі тайпалар «сақ» этнонимі арқылы белгілі. Жазба деректер олардың қазіргі Қазақстан территориясының барлық аудандар ын қоныстануы және олардың 3 топқа бөлінгендігі туралы хабарлайды: сақтар тиграхаудтар(шошақ бөріктілер), сақтар-хаомоваргалар ( хаома сусын дайындайтындар), сақтар-парадарайлар (теңіздің арғы бетіндегілер). Сонымен қатар, оңтүстікте – массагеттер мен даилер, солтүстікте – аргипеилер, шығыста – аримаспылар, орталық аудандарда – исседондар, батыста – савроматтар, оңтүстік-батыста – каспылар өмір сүрді. Бұл тайралардың барлығы жақын этникалық-мәдени бірлестік құрап сақ тайпаларының одағының құрамына кірді.
Саяси тарихы:
ақтардың саяси тарихы жайында грек тарихшысы Геродот ескі бір аңызды еске түсіреді. Ол сақтармен парсы Кир әскері арасындағы соғысты баяндайды. Б.з.д. VI ғасырда сақ-массагеттердің әйел патшасы Томирис бастаған сақ әскері парсылармен қиян-кескі соғыстар жүргізеді. Нәтижесінде парсыларды жеңгеннен кейін, ол тері қапты қанмен толтырыңдар деп бұйырды, соған Кир патшаның басын салып тұрып былай дейді: «Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді тойып іш!». Міне, осы аңыздан сақтардың ержүрек жауынгер тайпалар болғанын көруге болады. Парсы патшасы Дарий I б.з.д. 519-518 ж. Жорықтарында кейбір сақ тайпаларын бағындыра алды және оларды алым — салық төлеуге мәжбүр болған жоқ. Кейін сақтардың бір бөлігі парсы әскері құрамына атты әскер ретінде қызмет етіп, грек — парсы соғыстарына қатысты. Грек тарихшысы Полиен, массагет — сақтардың парсыларға қарсы күресінің көңіл қоярлық бір оқиғасы туралы әңгімені келтіреді. Шырақ есімді бір сақ өзінің денесін пышақпен тілгілейді де, сөйтіп өзін сақ көсемдерінен жәбір көрген адам ретінде көрсетеді. Өзімнің руластарымнан кегімді аламын деп мәлімдеп, Шырақ жауларды сусыз шөлге апарып адастырады, осында олардың көбі қырылып қалады. Б.з.д. IV ғасырдың басында Александр Македонскийдің(Ескендір Зұлқарнайын) басшылығымен македондық — гректер Орта Азияға баса — көктеп кірді. Оларға қарсы Орта Азия мен Қазақстан тайпалары табан тіресе қарсылық көрсетті. 3 жыл бойы дерлік болған кескілескен күрестен кейін ғана македондық-гректердің Орта Азяның кейбір тайпалары мен халықтарын уақытша бағындыруға шамасы келді, бірақ Сырдария сыртында өмір сүрген сақ тайпалары болса, өздерінің тәуелсіздігін сақтап қалды. Аңыздардың айтуынша Александр Македонскийдің өзі сақ жебесі тиіп жаралы болыпты. Александрдің бұйрығымен Сырдария жағасында Александрия Эсхата(шеткі Александрия) деген қала салынды. Мемлекеттің шекаралық тірегі есебінде салынған бұл қала б.з.д. III ғасырда селевкиттер көтерілісінен қиратылды. Сонымен қатар, сақтар өздерінің солтүтік, шығыс және батысындағы көршілерімен туыстық, саяси, шаруашылық қарым-қатынаста болды. Археологиялық қазба жұмыстары сақтардың ежелгі дүние өркениеттері – Ассирия, Бактрия, Хорезм, Қытай, Үндістанмен сауда және мәдени байланыстарының болғанын дәлелдейді.
Қоғамдық құрылысы
Алғашқы рулық қатынастардың ыдырауы процесі сақ қоғамында одан әрі жүрді. Жеке және отбасылық меншік шыға бастады. Үлкен патриархалдық отбасылар шағын туыс отбасыларға бөлшектенеді. Патриархалдық қатынастар одан әрі дамып, таптық құрылысқа өту процесі байқалды. Б.э.д. VII – III ғғ. сақ тайпалары одақтарға біріге бастады. Одақты сақ көсемдеріні кеңесі сайлаған патшалар билейді.Тайпа көсемдерін тайпа мүшелері сайлайды. Сақ қоғамы үш топқа бөлінді- әскерлер, абыздар, ру мүшелері (малшылар, егіншілер. Әр топтың өз түсі болды: әскерлер- қызыл, абыздар- ақ, ру мүшелері- сары және көк. Патша мен тайпа көсемдерін тек қана әскер тобынан сайлады. Адамзат қоғамының дамуының бұл кезеңін «әскери демократия» деп атайды. Сақ қоғамында мүлік теңсіздігі таптың айырмашылықтарға ұласа бастайтын деңгейге жетті.
Үәсіндер жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады.
Үйсіндер Жетісу мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Бұлар қазақ халқының қалыптасуына негіз болған тайпалар қатарына жатады.
Үйсін атауы Қытай жазбаларында біздің заманымыздан бұрынғы екінші ғасырдан бастап кездеседі. Олар «ат жақты, аққұбаша, сары шашты» болып бейнеленеді.
Үйсіндердің шығыс шегі бір кездерде Қытайдың солтүстік-батысындағы Бесбалық ауданы арқылы батысында Шу және Талас өзендерінің бойымен өтіп, Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып жатса керек. Ал солтүстікте шегара Балқаш көліне дейін жетті. Олардың ордасы Қызыл Аңғар (Чигучен не Чигу) қаласы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік жағалауы аралығында орналасты. Олардың басқа да көптеген қалалары, сауда орталықтары болған. Олар Шығыс Жетісу жеріндегі – Сүмбе, Лепсі, Батыс далалық аймақтарындағы – Суяб, Құлан, Ақтөбе және тағы басқа қалалар.
Біздің заманымыздан бұрынғы 138 жылы ғұндарға қарсы одақ құру жөнінде «Батыс өңірге» келген Қытай елшісі Чжан Цянь «Қазір үйсіндер күшті елге айналыпты, халқы 630 мың адам, әскері бір мың сегіз жүз сексен сегіз мың сегіз жүз жауынгерден құралған» деп жазады. Үйсін мемлекеті шығыс, батыс және орталық болып үшке бөлінген.
Қытай деректерінде «Шығысында ғұндармен, батыс жағында қаңлы елімен шектеседі. Жері ұлан-байтақ, кең әрі жазық, жауын-шашыны көп. Ауа-райы суық. Тауларында қалың қарағай өседі» деп суреттейді. Үйсіндердің малдарының құрамында жылқыдан басқа қой және сиыр, қос өркеш түйе, есек, ешкі де болған. Үйсіндер жануарлардың терісін илеп, аяқ киім, тері шалбар мен атәбзелдерін дайындаған.
Таптық қоғамда байлықты жылжымалы және жылжымайтын мүлік деп бөлуге болатыны мәлім. Олардың біріншісіне – мал, қол өнер бұйымдары, тұрғын үй тағы басқалар, ал екіншісіне – жер, жатқызылады. Жылжымалы мүлік ертерек жекеменшік түрлеріне айналды, өйткені ол айырбас жасауға мүмкіндік берді. Мұның өзі, әсіресе, көшпелі тайпаларда, соның ішінде Жетісудағы үйсіндердің белгілі бір топтарында мал түріндегі байлықтың жинақталып, мүлік теңсіздігінің дамуына себепші болды.
Үйсіндерде жекеменшіктің кеңінен тарауына байланысты бөлінбейтін байлық болып есептелетін жерді пайдалану ісінде де теңсіздік орын алды, тіпті оны мұрагерлік жолымен пайдалану да көрініс тапты. «Менің ата-бабаларымның сүйегі жатқан жер немесе менің қыстауым тұрған жер, менің жерім» деген белгілі қағида орын алды. Бұл көшпелі қоғамның бәріне тән жазылмаған заң – кімнің малы көп болса, іс жүзінде жердің де қожасы сол болуы керек деген қағида үйсіндердің де нақты әлеуметтік өмірін бейнелегенін көрсетеді. Мысалы, бай үйсіндердің төрт-бес мыңнан жылқысы болса (ал қыс кезінде бір жылқыны асырау үшін шамамен 8-10 гектар жайылым керек), мұншама жылқыны бағу үшін шамамен алғанда 30-50 мың гектар жайылым қажет екенін есептеп шығару қиын емес.
Сондықтан мұның өзі ежелгі үйсін қоғамында біздің заманымыздан бұрынғы І ғасырдан бастап малы көп байлардың шұрайлы жайылымдарды басып алу үрдісі басталғанын айтуға негіз бола алады.
Чжан Цян үйсіндер туралы алғашқы мәліметтерді жеткізді.
Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Олар ғұндарға тәуелділікті мойындады. Кейін ғұндардан бөлініп, Қытаймен достық қарым-қатынас орнатады.
Үйсін мемлекетінің патшасын гуньмо деп атаған.
Біздің заманымыздан бұрынғы 53-інші жылы мемлекет екі бөлікке бөлінді: ұлы гуньмо және кіші гуньмо. Үлкен гуньмодан кейінгі мемлекеттік лауазым кіші гуньмо болды. Бұл бас уәзір еді. Одан кейінгі лауазым – тулы (дулы), бұл Қытай мемлекетіндегі үлкен уәзірмен дәрежелес болды. Мемлекет әскері оң және сол қанатқа бөлінді, оларды екі қолбасшы басқарды. Әскери қолбасшылардың көмекшілері «Дарту» атағын алып отырды. Елдің жоғарғы сотының қызметін оңқа билер, діни басшылықты абыздар жүргізді.
Үйсіндердің кейбір әскербасылары мен шенеуіктерінде және сарай жанындағы басқа да лауазымды адамдардың алтын және мыс мөрлері болған. Сол кездегі қалыптасқан тарихи ахуалға байланысты үйсіндердің көрші ғұндармен, Хан империясымен, қаңлылармен қарым-қатынасы өзгеріп отырды.
Біздің заманымыздан бесінші ғасырға дейін Жетісуда өмір сүрген Үйсін мемлекетін аварлар (жужандар) құлатты.
Қаңлылар:
Б.з.б. II ғасырдың екінші жартысындағы Халықтардың ұлы қоныс аударуы нәтижесінде Еуразияның, соның ішінде Қазақстанның саяси картасында үлкен өзгерістер болды.Тайпалар мен халықтардың шығыстан батысқа қарай орын ауыстыруынан Қазақстанның оңтүстігінде б.з.б. II ғасырда Қаңлы мемлекеті бой көтерді.Ол қытай деректерінде Кангюй деп аталады. ХХ ғасырдың ортасына қарай Қаңлы мемлекетінің орналасу мәелелері жөнінде екі көзқарас орын алды.Бұл тарихи дәуірді зерттеген К. Ақышев, К. Байпақов «Кангюй мемлекетінің аумағына Сырдың төменгі ағысынан Отырарға дейінгі аймақтар енген, орталығы Отырар болды» деп көрсетеді. Ал қытай жылнамаларына сүйенген С.П. Толстов болса, оның шығыста Ферғана, оңтүстікте Парфия, батысында Хорезм, Бұхарамен шектесіп жатқанын айтады. Айтылған аймақта археологтар кангюй мәдениетіне тән Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениетін бөліп көрсетедіОлардың орналасуының осындай географиялық қолайлы жағдайы Сырдария арқылы Еділ бойына қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отыруға мүмкіндік берді. Қаңлылардың солтүстүк-батысындағы көршілері – сарматтар мен аландар қытай деректері бойынша қаңлылар күшейіп тұрған кезде оларға тәуелді болған.
Қытай өкілінің императорға хабарында «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшіліктерімізге басын имейді. Орталық билік атынан келген өкілдерімізді үйсін елшілерінен төмен отырғызады. Олардың билеушілері мен ақсақалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады» делінеді.Қытай деректері бойынша қаңлы тайпалар одағының шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгері болған. Олардың жазғы және қысқы екі астанасыболғанын жазады. Қытай деректері «Олардың арғы тегі юэчжиден шыққан. Ғұндар олардың тас-талқанын шығарғанда батысқа ауып, Памир асып кеткен. Содан өз мемлекетін құрған» деп көрсетеді.Үйсіндер ғұндардың көмегімен юечжилерді Іле-Жетісу өңірінен ығыстырған еді. Ауыр жеңілістерден кейін юэчжилердің бір тобы Ферғананың солтүстік-батысына кетсе, екінші тобы Талас өзенінің бойында Қаңлы мемлекетінің іргесін қалады. Бұл шамамен б.з.б. 150-жыл деп көрсетіледі.Қытай елшісі Чжан Чянь б.з.б. 138-125 жылдары қаңлылардың арасына келгенде мемлекеттің толық қалыптасқан кезі болатын. Қаңлы елін хан билеген. Оның үш орыбасары – уәзірі елді билеуде көмектесіп отырған. Елдің астанасы Битянь қаласы болған. Қаңлы елі өз ішінен бес иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандар Ұлы ханға бағынған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Билік әкеден балаға мұра ретінде беріліп отырды.Қаңлылар мемлекеті б.з.б. I ғасырда гүлденді. Өзінің тәуелсіздігін сақтап, Қытайға аманат ретінде адам жіберуден бас тарқан.Қаңлылар ғұндармен жақындасы,п одақ құрды. Ғұндар солтүстік және оңтүстік болып бөлінгенде, олар солтүстік ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді қолдады. Чжи-Чжи бастаған елге өз жеріне қоныстануға жағдай жасайды. Ал Чжи-Чжи өз кезегінде күш жинап, қаңлылардан сырт айнала бастады. Орталық Азиядағы үстемдікке ұмтылды. Қаңлылар мен үйсіндер арасындағы соғысқа араласты. Ал үйсіндерді Хан империясы қолдап отырды.Б.з.б. 42-жылы ғұндар мен қаңлылардың біріккен күштері үйсіндердің астанасын талқандайды, Ферғаналықтарға жорық жасайды. Чжи-Чжи Талас өзенінің жоғары ағысына қорған салдырып, оған қаңлылар, ферғаналықтар, бактриялықтарды шақырды. Қытайға қарсы күресте көмек іздестіре бастайды. Бұл Қытайдың сыртқы саясатына қарама-қайшы келді. Осылайша жалпы саны 40 мыңдай біріккен қытай және үйсін әскері Чжи-Чжиге қарсы жорыққа шықты.
Б.з.б. 36-жылы Чжи-Чжи мен Қытай әскерлерінің арасындағы шайқас Талас қорғанында екі күнге созылды. Қаңлылар Қытай басқыншылығына қарсы тұруға ұмтылды. Олар өз жерін қорғап, ғұндарға көмекке келгенімен, бұл ұмтылыс сәтсіз аяқталды.Қаңлы мемлекеті б.з. III ғасырына дейін өмір сүрді.
Қорытынды
Ғұндар жазба деректері, археологиялық ескерткіштері, орналасуы, саяси тарихы, қоғамдық-әлеуметтік құрылымы.
Біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың екінші жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпаларының рөлі өсті. Солардың бірі ғұндар еді. Ғұн тайпаларының аты тарихта олардың жауынгерлік даңқымен, қаталдығымен және халықтардың Ұлы қоныс аударуының басталуына негіз болған көшиенділігімен мәлім. Еуразияның кең байтақ даласын мекендеген ғұндардың әлем Қаңлылардың астанасы – Битянь. Кейбір жазба деректерде бұл қала қазіргі Түркістан маңында болған деп көрсетеді. Ал екінші бір деректе қазіргі Таразға жақын жерде болған деп жазылған.
Қаңлы елін хан билеген. Елді басқаруға оның үш орынбасары – уәзірі көмектескен. Қаңлы елі 5 иелікке бөлініп, әр иелікті кіші хандар басқарған. Кіші хандарға бағынатын ру, тайпаларды көсемдер басқарған. Көсемдердің лауазымы мұрагерлік жолмен әкеден балаға берілген.Құл еңбегі ұсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеуде қолданылды. Бұдан басқа қолөнер кәсібімен, егін егумен шұғылданды. Қаңлылар арасында құлдық кең өріс алған жоқ. Өйткені көшпелі мал шаруашылығы жағдайында бір жерде жұмыс күшінің көп болуы қажетсіз еді.Арыстың сол жағалауында 100 шаршы шақырым аумақта 20 шақты төбе жатыр. Соның бірі – Көк-Мардан қаласының орны. Бұл жерден табылған үй балшықтан соғылып, пешпен жылытылған. Үйдің екінші бөлмесі – қоймада құмандар және тары, күріш, бидай, арпа, асбұршақ сақталған балшық кеспектер орналасқан. Ошақ қасынан дәнүккіштер мен диірмен табылды.
Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған. Ал қытайдың “Цянь Ханьшу” дерегінде Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты мен шекарасы туралы мәліметтер көрсетілген.
Археологтар қаңлылар мекендеген аудандарда қазба жұмыстарын жүргізіп, көптеген қорымдар менқоныстар тапты. Оларды ғалымдар Қауыншы, Отырар-Қаратау, Жетіасар мәдениеттері деп атады.
Ғалымдар қаңлылар туралы жазғанда археологиялық қазба жұмыстарының қорытындысына сүйенеді. Сондай қазба жұмыстарының бірі – Жетіасар ескерткіштерінің таралу аймағы Жаңадария мен Қуаңдария аңғарларын алып жатыр.
Б.з.б. 46-36 жылдары қаңлылар Қытайға қарсы тұрған ғұндарға көмектескен.
Отырар-Қаратау мәдениеті Сырдарияның орта ағысы тұсындағы Қаратау-Талас аралығын алып жатыр.Ал Қауыншы мәдениетінің аумағы Ташкент төңірегіндегі аймақ болып табылады.
Пұшық-Мардан қаласы маңындағы Қостөбе қонысынан б.з. I мыңжылдығының алғашқы жартысына жататын қала орны табылды. Ғалымдардың пайымдауынша, қаңлы дәуірінде пайда болған қоныстарды орта ғасырлардағы қала құрылыстарының түп-бастауына жатқызуға болады.Қаңлылардың негізгі атамекені – Сырдарияның орта ағысы. Жазба деректерде қаңлылардың Арыс, Талас және Сырдарияның төменгі ағысында өмір сүргені айтылады. Қаңлы мемлекетінің шекарасы осы күнгі Ташкент қаласы тұрған жерден асып, Қаратау бөктерлерінен басталып, Талас өзеніне дейін созылған.
Қаңлылар оңтүстігінде Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Ал солтүстігіндегі көршілері сарматтар мен аландар болды. Қаңлылар күшейіп тұрған кезде сарматтар, аландар оларға тәуелді болған.
Қаңлылар Сырдария арқылы Еділге қарай өтетін Ұлы Жібек жолын бақылап отырды. Олар Қытай, Рим, Кушан мемлекеттерімен саяси, экономикалық және мәдени байланыста болған.
Қаңлылар туралы қытай деректерінен білеміз. Осыдан 2 мың жыл бұрын Қытай билеушісі батысындағы елдерге елшілік жібереді. Елшілік 13 жылдан кейін қайтып оралып, жазғандарын Қытай билеушісіне береді. Бұл жазбада көптеген қалалары бар өркениетті елдер мен көшпелі тайпа одақтары баяндалып сипатталған. Арасында қаңлы елі де аталады. Қаңлылар б.з.б. 3-2 ғасырлар – б.з. 5 ғасыры аралығында өмір сүрген.
Қытай тарихшысы Сыма Цянь “Тарих жазбаларында” көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған.
Қаңлы мемлекетінде жазу болған. Қытайдан барған елшілер хан сарайында Заң жарғыларын көрген.Қаңлы тайпалар одағында 120 мың түтін, 600 мың адам, 120 мыңға дейін әскері болған. Ежелгі қытай хроникасында қаңлылардың екі астанасы (жазғы және қысқы) болған деп көрсетілген.Б.з.б. 6 ғасырда жазылған ежелгі Иранның қасиетті кітабы “Авестада”: “Вэсаканың ер жүрек ұлдары ең биік, бәрінен жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді” - деп жазылған. “Канха”, “кангүй” сөздері Қаңлы атауына ұқсас.дік өркениеттегі орны да ерекше.
Ғұндардың шығуы туралы мәлімет.
Ғұндардың этникалық тегі туралы мәселе әлі анықталып біткен жоқ. Зерттеушілердің көпшілігі оларды түріктердің арғы аталары деп болжайды. Шаруашылықтың біртіндеп дамуы, тұрмыстың біршама ортақтығы, этникалық жақындық, саяси тәртіп факторы Орталық Азияда, ертедегі таптық ірі бірлестіктердің құрылуына әкеп соқты. Олардың уақыты жағынан алғашқылары сюнну болды. Б.з.б. III ғасырдың аяғында қытай деректемелерінде пайда болған сюнну атауы тегі әртүрлі тайпаларды біріктірген және Тынық мұхит пен Солтүстік Қытайдан Алтай мен Жетісуға дейінгі аумақта, ал кейіннен одан әрі батысқа да ары-тұра таралып отырған саяси құрылымға қатысты болды. Ғұндардың құдіреті тасып тұрған кезде, олардың бірлестігіне басқа бірнеше тайпалар қосылған, сондықтан «Ғұн» атауы этникалық болудан гөрі саяси одақ атауына қарай айналыңқыраған. Ғұн тайпаларының бір одаққа бірігуіне негізгі себеп қытайлықтардың бұларға қарсы төрт ғасырға созылған кескілескен соғысы болуы керек. Ғұндар туралы алғашқы деректер б.з.б. 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігіндегі көшпелі тайпалардың топтасуы нәтижесінде екі тайпалық бірлестік сюнну және дунху тайпалары қалыптасты. Мұндағы сюнну тайпалары өз заманындағы тарихи оқиғаларға белсене қатысып, көршілес елдердің тарихына ықпал жасады және олардың кейінгі дамуында да айтарлықтай роль атқарды.
Сюнну этнонимінің мазмұны мен нақты қалай айтылатыны әзірше айқын емес. Зерттеулердің көрсетіп отырғандай, оның ежелгі қытайлық транскрипциясы гректер иен ертедегі орыс шежірелерінің фруна (труна) деген түріне тіреліп жатыр. Орыс шежіресі Еділ мен Дунайдағы өздерінің сюннуларға сабақтастығын сақтап қалған ғұн- болғар қсүйектерін сипаттай келіп, оларды трунове, яғни трундар деп атаған. Егер осылайша, «трун» деген сөз бастапқы «ғұн» тайпаларының ақсүйектеріне арналып айтылса, сюнну(хунну), яғни трундар ғұндар деп саналмағанын білдірмейді. Трун және ғұн терминдері бір ғана этникалық-саяси қауым жөнінде қолданылған, олардың таралған аудандарын әр түрлі болғанымен ғұн термині әлдеқайда мол қауымды білдіреді.
Ғұндар Саяси тарихы.
Ғұндар бір кезде Азия мен Шығыс Еуропаны мекендеген ең ежелгі халықтардың бірі болды. Әртүрлі тарихи деректерде ғұндардың рулық және тайпалық бірлестіктері әрқилы аталды. Тарихта ғұндар құрған ірілі –ұсақты мемлекеттер белгілі. Осыған орай олардың ішінде ғұндардың ең үлкен, ең танымал екі империясы зор тарихи із қалдырды.Бұлардың біріншісі – қытайлықтар Томан шаньюй (б. з. б. 209 жылы қайтыс болған) деп атаған Тұман (Тумань, Теоман жабғу) мемлекеті. Ол өмір сүрген кезеңде ғұндар мемлекеті әжептәуір әлсіреді, бірақ оның мұрагері Құдіретті Мөде (Мете) мемлекетті айтарлықтай нығайтты, ел шекарасын империя деңгейіне дейін кеңейтіп, сапалық өзгерістерді жүзеге асырды. Ол ғұндардың үлкен мемлекетін б. з. б. 209 – 176 жылдар аралығында биледі. Бұл «Ғұндардың шығыс империясы» еді.Екінші империя — Еділ (Еділ патша) мемлекеті. Оның заманында ғұндар Дунайдан бастап Сырдарияға дейін шығыс Еуропаны мекендеген аумақ пен халықтарды иеленді. Бұл мемлекет «Ғұндардың батыс империясы» деп аталды.Түркі халықтарының арғы тегі саналатын ғұн тайпалары бастапқы кезде Солтүстік Қытайда, Монғолияда, Байкал өңірінде қоныстанған. Ежелгі Қытай жылнамаларында ғұндар «гуй фаң», «гун руң», «хун ю», «шиан ю», «шиұң ну» секілді атаулармен берілген.
Б. з. басында Қазақстан аумағын мекен еткен тайпалардың ең жауынгер халқы ғұндар болды. Ғұндардың жауынгер билеушілерінің бірі Атилланың есімі ерекше. Оның Еуропа халықтарына басқыншылық жорығы бізге белгілі. Тіпті әлемнің сұлу шаһарларының бірі Венецияның салынуына Атилла бастаған ғұндардың шапқыншылық соғысы себеп болған. Сонымен бірге ғұндар Еуразияда б. з. б. болған «халықтардың ұлы қоныс аударуымен» тығыз байланысты. Қазақстан жеріне б. з. I ғ. басында қоныстанды. Ғұндар бірлестігінің негізін салушы Мөде болды. Ол деректер бойынша б. з. б. 230 – 174 жылдары өмір сүрген. Б. з. б. III ғ. Ғұндардың билеушісі Мөде үйсіндерге және Қытай аумағының біраз бөлігіне билік жүргізеді. I ғ. яғни 55 жылы ғұндар екіге бөлінеді:
1. Оңтүстік ғұн мемлекеті қытайлардың қол астына кіреді.
2. Солтүстік ғұн мемлекеті қазіргі солтүстік-батыс Моңғолия жерін мекен еткен.
Билеушілері Чжи-чжи шаньюй болады. Чжи-чжи бастаған ғұндар Ыстықкөл маңында қытай әскерлерінен жеңіліп, қолға түседі (1518). Ғұндар б. з. 93 жылдан бастап екінші рет Мажарстан жеріне (Венгрия) қоныс тебеді.
Мәдениеті.
Ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушы, одан әрі дамытушысы болды. Ғұн қоғамында сауда қатынасының, темірден жасалған бұйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, қолөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениет пен әскери істе қамал бұзудың техникасы мәлім болды. Жойқын соғыстардың кезінде ғұн жауынгерлері ысқырғыш жебелерді қолданды. Олар жауларының үстіне қардай борап үрейін алатын.
Б. з. б. I мыңжылдықта ғұндарда көшпелі мал шаруашылығы үстемдік етті. Ғұндардың тастағы суреттерінде бұқа, бұғы, аққудың бейнелері салынған. Олардың ойынша бұқа күш пен биліктің, бұғы бақыт пен жақсылықтың, ал аққу үй ошағының сақтаушы символдары. Ғұндардың бейнелеу өнері сақтардың көркемдік (аңдық стиль) дәстүрімен байланысты келеді.
Ғұндардың қоғамдық құрылысы.
Мемлекет билеушісінің титулы – шаньюй. Шаньюйге түменбасы, жүзбасы, онбасылар бағынышты болды. Ғұндар 24 рудан құрылды. Әр руды ақсақалдар басқарды. Ақсақалдар мемлекет ісін талқылау үшін бір жылда 3 рет құрылтай өткізіп отырды.
Қорытынды.
Монғол нәсілдес және түркі тілдес ғұндар Қазақстан аумағында тайпалардың антропологиялық тұрпатын да өзгертті. Зерттеуші ғалымдардың көпшілігінің пікірінше ғұндардың көпшілігі түріктердің арғы ата-бабалары. Ғұндардың қоғамдық құрылымында патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері сақталды. Бізге жеткен мәліметтер бойынша ғұндар 24 руға бөлінген. Оларды ақсақалдар басқарды. Мемлекетті шексіз билігі бар шаньюй биледі. Ғұндар арасында мал және жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық құрылуы, қанаудың бір түрі ретінде алым-салықты енгізу, жазу-сызудың таралуы сияқты құбылыстар өзімен бірге жаңа кезеңге –таптық қоғам мен мемлекеттке өту кезеңін ала келді.
Артына терең мұра мен айтулы оқиғалар қалдырған, өзіндік мәдениетті қалыптасқан ғұндар түркі тілдес тайпалар мен халықтардың одан кейінгі тарихи дамуына да айтарлықтай үлес қосты.
Пайдаланылғн әдебиеттер тізімі:
Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Оқулық-хрестоматия. Астана, 2000.
Әбдәкімұлы Ә. Қазақстан тарихы (ерте дәуірден бүгінге дейін). Оқу құралы. Алматы, 2005.
Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан. Алматы, 1995.
История Казахстана. Пособие для студентов. Автор-составитель: Кан Г.В. Алматы, Издательская группа «Казинтерграф», 2004. – 80 с.
Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы. Алматы: «Алматыкітап», 2007. – 264 б.
Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. Бес томдық. 1-5 томдар. Алматы: «Атамұра», 1996, 1998, 2002, 2010.
Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы: «Дәуір», 1994. – 446 б.
Қазақстан тарихы. Құрастырған Ермұханова Х.К. Алматы «Шыңкітап», 2010. – 360 б.
Достарыңызбен бөлісу: |