|
Тезистер
Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы деректер 542 жылдан бастап кездеседі
|
бет | 3/4 | Дата | 14.10.2023 | өлшемі | 37,41 Kb. | | #185377 |
| Байланысты: ТмтТезистер
Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы деректер 542 жылдан бастап кездеседі.
Ғұндар империясы ыдыраған соң Орхон аймағында түркітекті теле тайпалар одағы ұйымдасты.
V ғасырдың ортасында билік басында ашына бастаған Алтайдағы түркілер руы тұрды. Бұл атау «киелі қасқыр» деген мағынаны білдірген.
Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды.
Түркілер 545 жылдан бастап сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады.
552 жылы түркілер Солтүстік Моңғолия жерінде Түркі қағанатын құрады.
Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланды.
Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті.
Қаған мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді.
Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты – яғбу, шад т.б. құрылды.
Түркі мемлекетінде қарапайым халық бұдун деп аталды.
Бумын қайтыс болғаннан кейін билікке Мұқан қаған (553-572 жж.) келді.
Мұқан қаған Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірді, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандарды, қарақытайларды, Тува жері мен Енисей қырғыздарын бағындырды.
Иштеми (Истеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орта Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты.
Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған «Шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды».
VI ғасырдың 60 жылдары Түркі қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер – Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады.
Түркі қағанаты нығайған кезінде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсы еліне (Иран) дейінгі жерді алып жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|