Қожабек қанат мұратұлы қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу


Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды құқықтық реттеу



бет9/18
Дата30.09.2022
өлшемі1,29 Mb.
#151317
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
Байланысты:
treatise175770 (1)

2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды құқықтық реттеу
«Тазалық – денсаулық кепілі» дейді халық даналығы! Азаматтардың денсаулығын қорғау және қолайлы қоршаған ортаға конституциялық құқықтарын жүзеге асыруының негізгі шарттарының бірі халықтың қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық қал-ахуалын қамтамасыз ету. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін мемлекет халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметтер кешенін іске асырады. Бұл қызметтер кешені мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының азамтаттардың денсаулығын сақтауға бағытталған, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды, санитарлық-карантиндік бақылауды, радиациялық бақылауды, эпидемиологиялық бақылауды, санитарлық-эпидемиологиялық нормалауды, тамақ өнімін және адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеуді, санитарлық-эпидемиологиялық мониторингті, санитарлық-эпидемиологиялық сараптаманы, гигеналық оқытуды, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалауды қамтиды.
Алайда, аталған қызметтерді мемлекеттік реттеуде заңнамалық тұрғыда шешімін таппай отырған түйінді мәселелер бар. О.А. Мухамеджанов пен П.Ю. Конотоповтың пікірлерінше: «санитарлық заңнамадағы теориялық негіздемелердің болмауы мынадай іргелі проблемаларды туындатып отыр: санитарлық заңнама негізді реформаланбай отыр; эпидемиологиялық бақылау жеткіліксіз және тиімді емес, өйткені бұл термин тек ескі кеңестік түсінік ретінде, эпидемияға қарсы іс-шараларды іске асыру ретінде ғана түсініледі; эпидемиологиялық қадағалау тиімсіз болып отыр, өйткені, санитарлық заңнама толықтай жүзеге аспай отыр (санитарлық қадағалау тек заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің қызметін қадағалаумен шектеліп, халықтың көпшілік бөлігі назардан тыс қалуда)» дейді [92]. Бұл пікірмен біз толық келісе отырып, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау ғылымға негізделген, нақтылы іске асатын және үнемі моноиторинг жасалып отыратын нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүргізілуі тиіс деп ойлаймыз.
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау әкімшілік қадағалаудың бір түрі бола отырып, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес: «мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасын және өнімнің, процестерді, көрсетілген қызметтердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің сақталуын бақылауға бағытталады» [11, 21-бап, 1-тармақ]. Ал, «жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылыстар, өнім, жабдық, көлік құралдары, топырақ, су, ауа, тамақ өнімдері және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады» [11, 21-бап, 3-тармақ]. Өз кезегінде тәуекелдерді бағалау жүйесінің негізінде бұл объектілер эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер және эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер болып бөлінеді де, олардың нақтылы тізбесін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік орган өз құзіреті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісе отырып бекітеді Бұл объектілердің тізімі ҚР денсаулық сақтау министрінің «Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдердің тізбесін және эпидемиологиялық маңызы бар объектілердің тізбесін бекіту туралы» 2013 жылғы 12 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген [93].
Қазіргі таңда, бұл объектілерге санитарлық–эпидемиологиялық қадағалау мен бақылау жүргізуді мемлекет тарапынан реттеу мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілер мен өнімдерге белгіленетін санитарлық қағидалар мен гигеналық нормативтердің негізінде жүргізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейтін халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілер санитарлық қағидалар ретінде танылады да, оларды сақтамау адамның өміріне немесе денсаулығына, сондай-ақ аурулардың пайда болуы мен таралуына қауіп төндіретін фактор ретінде танылады. Бұл санитарлық қағидалар мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды белгілейді. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекстің 145-бабының 2-тармағына сәйкес ол талаптар төмендегілерге қолданылады:

  • «объект салынатын жер учаскесін таңдауға;

  • объектілерді жобалауға, салуға, реконструкциялауға, жөндеуге және пайдалануға беруге;

  • өндірістік, қоғамдық, тұрғын үй және басқа да үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, көлік құралдарын күтіп ұстау мен пайдалануға;

  • объектілерді сумен жабдықтауға, су бұруға, жылумен жабдықтауға, жарықтандыруға, желдетуге, кондиценерлеуге;

  • шикізатты қабылдауға, сақтауға, қайта өндеуге (өңдеуге);

  • тамақ өнімін өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына;

  • тағамдық ас тұзын йодтауға және тамақ өнімдерін байытуға (фортификациялауға);

  • медициналық иммундық-биологиялық преператтарды өндіру, өлшеп-орау, тасымалдау, сақтау, өткізу, кәдеге жарату және жою шарттарына;

  • ықтимал қауіпті химиялық және биологиялық заттарды (оның ішінде уытты, радиоактивті, биологиялық және химиялық заттарды, улар мен улы заттарды, биологиялық және микробиологиялық организмдер мен олардың уыттарын, биологиялық заттар мен материалдарды) қолдану мен пайдалануға, кәдеге жаратуға, тасымалдауға, сақтауға, көмуге және олармен жұмыс істеу шарттарына;

  • адамға әсер ететін физикалық факторлардың көздерімен жұмыс істеу шарттарына;

  • дәрілік заттарды өнеркәсіптік өндіру шарттарына;

  • өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерге,

  • шаруашылық-тұрмыстық және гигеналық мақсаттағы тауарларға және оларды өндіру технологияларына;

  • халықтың әртүрлі топтарын тәрбиелу, оқыту, олардың өмір сүруі және өндірістік практикасы, дене бітімінің дамуы, еңбек етуі, демалуы, тамақтануы, сумен жабдықталуы мен медициналық қызмет көрсетілуі шарттарына;

  • білім беру ұйымдарындағы еңбек жүктемесіне және сабақ режиміне;

  • медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерилизациялау мен дизенфекциялауды жүргізу шарттарына;

  • халықтың бейімделген (балалар тағамы, диеталық емдік және диеталық профилактикалық), емдеу-профилактикалық, қоғамдық тамақтануын ұйымдастыруға;

  • су көздеріне (шаруашылық мақсаттағы су жинау орындарына), шаруашылық ауызсумен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындарына және су объектілерінің қауіпсіздігіне;

  • өндіріс пен тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге;

  • дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, жабдықтарды, материалдарды әзірлеуді, сынауды, дайындауды, өндіруді, сақтауды, тасымалдауды, өткізуді, қолдануды, дезинфекция қызметі объектілерін күтіп ұстау мен пайдалануды, сондай-ақ жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің тиімділігін және қауіпсіздігін бақылауды қамтитын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыруға және жүзеге асыруға;

  • жолаушыларды тасымалдау шарттарына;

  • объектілерді жоюға, консервациялауға, қайта бейіндеуге;

  • өндірістік бақылауды жүзеге асыруға;

  • еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету, медициналық қамтамасыз ету, бейімделген диеталық емдік және диеталық тамақтану шарттарына;

  • халықты гигеналық тәрбиелеуге және оқытуға;

  • санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық- профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағын санитарлық қорғауды жүзеге асыруға, шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізуге, инфекциялық және паразиттік аурулармен ауыратын науқастарға қатысты халықты медициналық қарап тексеруді, профилактикалық егулерді жүргізуге;

  • санитарлық қорғау аймақтары мен санитарлық-қорғаныш аймақтарына» [11, 145-бап, 2-тармақ].

Енді гигеналық нормативтердің мазмұнын ашып өтсек. Гигиеналық норматив - зерттеулерде белгіленген, мекендеу ортасының белгілі бір факторын сипаттайтын көрсеткіштің адам үшін оның қауіпсіздігі және (немесе) зиянсыздығы тұрғысынан алғанда, жол берілетін ең жоғарғы немесе ең төменгі сандық және (немесе) сапалық мәні. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте, «гигеналық нормативтер зиянды (химиялық, биологиялық) заттардың рұқсат етілетін шекті концентрацияларының, физикалық әсер етулердің; радиациялық әсер етудің рұқсат етілетін деңгейлерінің нормативтерін белгілейді, оларды сақтау адамға өмірі үшін қолайлы және денсаулығы үшін қауіпсіз тыныш-тіршілігі жағдайларын қамтамасыз етеді», деп анықтама беріп, гигеналық нормативтерді мына жағдайларға белгіленетіндігін бекітеді: жұмыс аймағының микроклиматына, ауа алмасуына, ауасына, өндірістік, тұрғын үй және басқа да үй-жайлардың физикалық факторларына, тұрғын үй құрылысын салу аумағына; өнімнің (тауарлардың) және қоршаған ортаның радиациялық, химиялық, бикробиологиялық, таксикологиялық, паразитологиялық қауіпсіздігіне; қалалық және ауылдық елді мекендердегі, өнеркәсіп ұйымдары аумақтарындағы атмосфералық ауаға; қоршаған ортаға зиянды заттардың физикалық факторларына рұқсат етілетін шекті төгінділеріне; өнімнің, технологиялық жабдықтың, процестің жаңа түрлеріне [11, 145-бап, 3-тармақ].
Мемлекет тарапынан мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау тексеру нысанында және заңдармен белгіленген өзге де нысандарды жүргізіледі (мысалы: өнім қауіпсіздігінің мониторингі, жеке тұлғалардың инфекциялық және паразиттік аурулары, тамақтан улануы жағдайларында). Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте тексерулердің қандай жағдайларда жүргізілетіндігі мен олардың негіздері белгіленсе, оларды жүргізудің тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады. Айта өтерлік маңызды жайт, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген мерзімділікпен ерекше тәртіппен жүргізілсе, ал эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілерге қатысты тексеру тек жоспардан тыс жағдайларда жүргізіледі.
Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау арнайы санитарлық-эпидемиологиялық қызметпен жүзеге асырылады да, бұл қызмет ол үшін басты функциясы болып табылады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің өзіне тән мынадай белгілерін атауға болады:

  • қадағалау саниталық заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету үшін жүргізіледі;

  • қадағалау жүйелі түрде жүргізіледі;

  • санитарлық қадағалау әкімшілік мәжбүрлеуді қолданумен байланысты;

  • мемлекеттік санитарлық қадағалаудың субъектілері арнайы мемлекеттік органдар, мамандандырылған мекемелер, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер және азаматтар болады;

Өз кезегінде мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген «санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері мен оның орынбасарлары; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік органның басшылары, олардың басшылыары мен орынбасарлары мен мамандары; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары; ҚР Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсыздік және ішкі істер органдарының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдылық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары):
1) «халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді: егер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген; халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті орган беретін, қауіпсіздікті куәландыратын құжат болмаған; санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған; жалған өнім анықталған; жараамдылық және сақтау мерзімі белгіленбеген; жарамдылық және сақтау мерзімі өткен; жәндіктер кеміргіштер мен олардың сол өнімде болған іздері анықталған; инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупі төгенде, оның ішіндесанитарлық-эпидемиологиялықсараптаманың нәтижелері бойынша ол халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасы үшін қауіпті деп танылған кезде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, қодануға және өткізуге тыйым салуға;
2) халықтың пайдалануына, қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және өзе де қызметте пайдалануға, қолдануға арналған өнімді: өндіріс объектілері мен технологиялары санитарлық-эпидемиолгиялық талаптарға және техникалық регламенттердіңиталаптарына сәйкес келмеген; өндіріс объектісіне санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған; өнімдерді өндірудің технологиялық процесін сақтау үшін қажетті өндірістік және технологиялық жабдық, аппаратура, мүкәммал болмаған; халық үшін қауіп төндіреті, өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар мен олардың негізінде дайындалатын материалдар мен препараттардың мемлекеттік тіркеуі болмаған; жаңа өнімге, технологияға, жабдыққа санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған; тыйым салынған тағамдық қоспалар, ингредиенттер мен шикізаттар пайдаланылған; инфекциялық ауруларды немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болуы және таралу қаупі төнген; мал шаруашылығы өнімін өндіру объектісінде ветеринариялық-санитарлық қорытынды болмаған кезде өндіруге тыйым салуға;
3) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім мен заттың жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салуға және қолдануды тоқтата тұруға;
4) Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды және заңды тұлғаларды санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орындарына шақыруға;
5) халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ міндетті медициналық қарап-тексеруден уақытылы өтпеген адамдарды зерттханалық зерттеу нәтижесін және толық санация мен міндетті медициналық қарап тексеруден өткенін растайтын маман қорытындысын алғанға дейін жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға; 6) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жекелеген объектілерде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин белгілеуге;
7) инфекциялық және паразиттік ауруларды таратудың ықтимал көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық науқастармен араласып жүрген адамдарды толық санацияны растайтын зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық зерттеп-қарауға жіберуге;
8) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызуға жіберуге;
9) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларды және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дизенфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге;
10) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін жекелеген жұмыс түрлері, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан нмесе реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтата тұруға;
11) адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпиі деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жәңа түрлерін өндіруге, қолдануға және тыйым салуға;
12) санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама оъектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, сондай-ақ осы өнімнің құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын алуға және үлгілерін іріктеуді жүргізуге;
13) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерін қозғайтын құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қоюға;
14) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитарлық-эпидемиологиялықтсаламаттығы саласындғы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
15) санитарлық қорғаныш аймақтарын белгілеуге және олардың көлемдерін өзгертуге;
16) дизенфекция, дезинсекция мен дератизация құралдарының және тамаққа биологиялық активтіқоспалардың енгізілуі мен практикада қолданылуын бақылауға;
17) жеке және заңды тұлғаларзаңды талаптарды немесе санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
18) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес санитарлық-гигеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
19) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йоттталмаған тұзды өткізуге тыйым салуға;
20) халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тартуға құқығы бар» [11, 21-бап, 3-тармақ].
Жоғарыда аталған лауазымды тұлғалар бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық саладағы заңнаманың талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілерді шығаруға құқылы:

  • «санитарлық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісі – мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам объектінің ҚР-ның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша берілетін құжат;

  • ҚР-ның халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;

  • ҚР-ның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы қаулысы;

  • Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің: санитарлық-эпидемияға қатысты және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу; жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету; халықтың пайдалануы мен қолдануына, содай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу; адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге өткізуге тыйым салу; ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы қаулылары» [11, 21-бап, 8-тармақ].

Халық денсаулығын қорғау мақсатында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» ҚР Заңына сәйкес мынадай рұқсат беру құжаттарын беруді жүзеге асырады: «мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын, эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді салу, реконстукциялау және кеңейту жобаларына, қалалық және ауылдық мекендердің құрылыс салу бас жобаларының, курарттық аймақтар жобаларына және егжейлі-тегжейлі жоспарлау жобаларына санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды; эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектінің халықтың санитарлық-эпидемиялық саламаттығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге және гигеналық нормативтерге сәйкестігі (сәйкес еместігі) туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды; тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін және оны сақтау шарттарын келісу туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды; балалар тағамдары өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологоиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім мен заттың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу мен қайта тіркеу туралы куәлік; тамақ өнімін өндіру (дайындау) объектісіне есептік нөмір беру; патогендіктің 4-5 тобындағы микроорганизмдермен және гельмиттермен жұмыс істеуге рұқсат; тиісті біліктілік санатын бере отырып, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман сертификаты» [11, 21-1-бап].
Айта өтерлік жай, объектінің халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы нормативтік құқықтық актілерге және гигеналық нормативтерге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерді пайдалануға тыйым салынса, эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды алынбай пайдаланыла береді. Алайда эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектінің қызметі басталғаны және тоқтатылғандығы жайлы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға хабар берілуі тиіс. Өйткені эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектінің қызметі басталғанға дейін, ол халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы гигеналық нормативтердің және нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет