Шығармашылық ойындар:«Айна», «Ертегіні бейнеле» қойылымы (бір топ бейнелейді, екінші топ түсінік береді немесе дыбыстандырады), әдет-ғұрып ойындары: «Амандасу – қоштасу» (сөзсіз).
Білім, икемділіктер, дағдылар: Ым, қимылдың қатынастағы рөлімен танысу және олар арқылы ақпаратты жеткізе білу.
Сөздік: Ишарат қимылы – мимика, пантомимика.
Сөйлеу тілін дамыту: сөздерді дұрыс пайдалану, сөйлемдерді құрастыру.
Ойын материалы: әр түрлі ишараттар мен қимылдарды көрсетіп тұрған адамдар бейнеленген карточкалар.
3-тақырып. Сезім тілі
Білім, икемділіктер, дағдылар:сезім (эмоция) күйі: қуаныш, қайғы, таң қалу және т.б., адамның бет әлпеті арқылы оның сезім күйін түсіне білу, ниет білдіру, жағымды сезімнің пайда болуына түрткі болу.