«ОЙЛАН ТАП» Мақсаты. Заттардың ерекшеліктері атау (түсі, пішіні, көлемі, жуандығы), жалпылау оларды анықтау қабілеттерін дамыту, заттың қандай дабір нақты ерекшелігінің жоқ екендігін сөзбен айтып жеткізу (қызыл емес, үшбұрышты емес және т. б.).
Материал. Логикалық блоктар, Буратино ойыншығы, ерекшелік - карточкалары (2 және 3 нұсқалар үшін).
Мазмұны.
I
Жүргізуші қандай да бір ойын персонажының атынан мысалы, Буратиноның атынан балаларға былай дейді: «мен өз достарымды қуантқанды жақсы көремін, ал бәрінен бұрын оларға сыйлықтар сыйлағанды ұнатамын, мен өзіммен бірге бір қорап толы сыйлықтар әкелдім (қорапты көрсетеді). Мұнда шоколадтар, машиналар, қуыршақтар, бәрі - бірі бар. Мен Мальвинаға да арнап сыйлық таңдадым. Сендер де өз достарыңа сыйлықтар таңдай аласыңдар. Бірақ ол үшін сендер алдымен менің Мальвинаға қандай түсті сыйлық арнағанымды табуларың керек. Мен қазір ол сыйлықты қораптан алып, жасырамын».
Буратино блоктардың біріне жасырады, балалар оның түсінің қандай екенін табуға кіріседі. Кім тап, сол бала досына сыйлық таңдай алады. Ол блокқа сыйлықты жасырып, оның қандай ерекшелігін табу керектігін айтады.
Ойында әр кезде блоктың бір ғана ерекшелігі табылады.
II
Буратино блокты жасырып, оның екі ерекшелігін табу бойынша тапсырма береді (мысалы, тасбақа Тортиллаға таңдаған орамалдың түсі мен пішіні қандай екенін сұрайды). Шешу кезінде балалар сыйлықтың екі ерекшелігін айтулары керек. Егер олар тек бір ғана ерекшелігін айтса, Буратино ережені естеріне түсіріп отырады. Балалар екі ерекшеліктің бірі шешкен жағдайда Буратино оның дұрыс екенін айтады да, тиісті карточканы қояды («тіктөртбұрышты» бірақ көк емес, «сары» бірақ «үшбұрышты емес»). Кім дұрыс шешсе, сол Буратиноны алмастырады, соның орнына сыйлық таңдап, оның қандай екі ерекшелігін табу керек екендігін айтады (түсі мен пішіні, пішіні мен көлемі, көлемі мен жуандығы және т. б.).
Егер балалардың ойын тапсырмаларына деген қызушылықтары болмаса (досына сыйлық таңдау), оларға жаңа үлгідегі ойын ұсыныңыз, мысалы, логикалық блоктардан қала салу. Бұл жағдайда бас құрылысшы қаланың жобасын бастайды.