Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет17/35
Дата30.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#199882
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35
Байланысты:
философия по вопросам
f61fb94655d720
Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар: 
Танымдағы методтардың қызметі қандай? 
Теория дегеніміз не? 
Экспериментті кейбір кезде неге “табиғатты тергеу” дейді? 
Категориалдық синтез дегеніміз не? 
Дедукция кеңінен қай ғылымдарда қолданылады?
Қазіргі ғылымдағы моральдық құндылықтар маңызының өсуінің себебі неде?


АДАМ 
1. Адам және Ғалам. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі.
2. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел 
бастамалары (Инь/Ян).
3. Ф.Ницше философиясындағы «Асқан адам».
4. Адам және оның әлемдегі-болмысы: экзистенциализм.
5. Іскер адам: прагматизм.
5.1 Э.Кассирер: адам символдық жануар ретінде.
5.2 Й.Хейзинга: «ойнаушы адам».
6. Қазақ философиясындағы адам мәселесі.
6.1 Адам мәселесінің Абай даналығында бейнелену.
6.2 Шәкәрімнің адамның өмірмәндік бағдары туралы экзистенциалдық рефлексиясы. 
Адам өзін тұлға ретінде тарихта, мәдениетте дамыта алады. Оның шығармашылығы 
өмір ағымына сәйкес. Ол процесс, сонымен қатар, биологиялық және әлеуметтік дамудың 
нәтижесі. 
Адам тарихта өмір сүреді, ал онда объективті заңдар жоқ. Тарихтың тағдыры да адам 
сияқты. О.Шпенглердің пікірінше, адамдардың жалпы тарихы – бұл фикция, түк емес. 
Мәдениет пен өркениеттің белгілі шегі, тағдыры бар. Олар қалыптасады, дамиды, құрдымға 
кетеді. Өркениет пен мәдениет өзіндік, таптырмайтын ерекшеліктері бар құбылыстар
оларды түгел түсінуге болмайды, сондықтан олардың бір – біріне ықпалы туралы айту өте 
қиын. Әрбір мәдениет пен өркениеттің өзіндік, дара, қайталанбайтын ерекшеліктері, яғни 
олардың әрқайсының өзіне тән құндылықтары да бар, олар дамиды, өзгеріп отырады. 
Мәдениет пен өркениеттің өзіндік ерекшелігіне қатысы жоқ жолы басқа құндылықтар 
да бар. Ф.Ницшенің пікірінше, «қауымдық» тобырлық «инстинкт», құлдардың моралі, 
бұқаралық наным – сенімдер осының мысалы. 
Адам – ғарыштың тудырған ғажап пендесі, ол текті ұғым болып табылады, сондықтан 
адамзат тегіне қатысты барлық белгілер бейнеленеді. Бірақ мұндай көз-қарас адам мәнін 
анықтау үшін жеткіліксіз. Адам-қайшылықты пенде. Оның, бір жағынан –денесі, екінші 
жағынан, сана, рухы бар екенін әркім біледі. Оған да басқа тіршіліктерге сияқты су, ауа, 
жылу, қоректену , ұрпақ жалғастыр 
Ф.Ницше
өмірді мәңгі қозғалыс қалыптасу, ұдайы ағу деп анықтайды. Биологиялық 
және рухани өмірдің барлық процестерін билікке ырықтың әртүрлі көріністері деп 
қарастыра отырып, оның мәселелерін мәдениет кеңістігіне өткізеді. 
Ницшенің пікірінше, мәдениет құралдарының ұзақ уақыт дамуына байланысты өмір 
болмысымен, яғни тұрақтылықпен толық ауыстырылып отырады. Оның пікірінше, ғылым 
мен өнер тұрақты мәдени қалып пен қағида. Мәдениет дамуының әртүрлі кезеңінде 
олардың әрқайсы үстемдік етіп отырған. 
Адамның дамуының алғашқы кезеңінде өнер үстемдік құрды, кейіннен оны ғылым 
ығыстырды. Соның салдарынан адам өз тіршілігінің бастауы өмірден ажырап қалды. 
Өнердің ғылымға жол беруі Сократтан басталады. 
Ницшенің пікірінше, нағыз мәдениет өзін - өзі толықтырып отыратын екі бастау 
алыптың, өмірлік күштің, энергияның еркін ойыны, аполлондық және жайбарақаттық. Бұл 
мәдениеттің үлгісін Ницше Сократқа дейінгі Грециядан табады. 
Европа мәдениеті дионисийлік бастауды тұншықтырып тастаған. 
Сондықтан онда белгілі тәртіп жүйесіне негізделген ағыны жай, байыпты, жайбарақат 
өмір басталған. 
Ницшенің пікірінше, өмірдің негізгі үрдістері өсу, өркендеу, күштің нығаюы. Оның 
заңды салдары күрес, күрестің негізгі қайнар көзі мен құралы – билікке ырық. Өмірдің 
барлық қырларының негізінде жататын билікке ырық әлемдегі эволюцияның қайнар көзі. 


Ницше философиясының негізгі екі тақырыбы осыдан туындайды: мәнгі қайта оралу және 
асқақ адам. 
Ф.Ницше қарапайым адамдарға жек көрініштілікпен қарайды, туа біткен рухы 
ақсүйек адамдарды көтермелейді. Қарапайым адамдар әлсіз, қолынан түк келмейді, 
бірнәрсені жасауға, билік етуге қабілетсіз. Олар табиғатынан құлдар, бағыну үшін 
жаралғандар. 
Ф. Ницше тобыр адамына ешқандай нәсілге жатпайтын, қоғам элитасы өсіріп
өндірген асқақ адамды қарсы қояды. 
Кез келген моральдық ұстанымнан, жақсылық пен жамандықтан тыс тұрған асқақ 
адам жер әлеміндегі жаппай өтірікті қатыгездікпен жеңіп шығады. 
Ойшыл өмірге деген нигилистік көзқарасына сәйкес құндылықтарды қайта қарауға, 
христиандық – гуманистік құлдар моралін ақсүйектер мен мырзалар моралімен ауыстыруға 
шақырады. 
Алғашқысы бағыныштылықты, шыдамдылықты, төзімділікті, момындықты, күш 
көрсетпеуді, ал екіншісі ырықтың кеңдігін, бұйыру, бағындыру өнерін, шыншылдықты, 
қажырлылықты, қорқақтық пен жүрексіздікті жек көрушілікті дәріптейді. 
Ф.Ницше жаңа европалық рационалдыққа, билікке ырықты қамтамасыз ететін 
сезімдер мен инстинкті қарсы қойды. Ақыл – ой түк емес, логика жалған, өйткені олар 
өмірдің динамикасына сай келмейтін қатып – сенген формаларды түсіндіреді. 
Танымның негізгі мақсаты ақиқатты анықтау емес, әлемді игеру. Ақиқат өтірікпен 
барабар. Өтірік пен адасу қажет, олар тобырды тыныштандырады, сөйтіп ақсүйектерге өз 
рухын нығайтуға жағдай жасайды. 
Ф.Ницше философиясының негізгі идеялары адам мәселесіне көңіл бөлетін 
прагматизм, феноменология, экзистенциализм сияқты атақты философиялық ілімдерде 
одан әрі дамыды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет