Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі



Pdf көрінісі
бет11/35
Дата20.06.2022
өлшемі1,19 Mb.
#146837
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
Ойлау м дениетіні пайда болуы. Философияны п ні мен дісі
9 7U Music and Film. Types of films p75, 1 ghjrydbfgafds, 1000728540, 1000728540
Қорыта айтқанда, 
«болмыс» категориясы, философияны басқа категориялар сияқты 
дүние мен оның нақты көріністерінің өзара байланыстарын, бірлігін талдап, карастыруға 
мүмкіндік береді. 
Сонымен, әрбiр мәдениет адамзат баласының рухани интенцияларын өн бойына 
қорыта отырып, философияда өзiнше ерекше көрiнедi, әлемдегi адам болмысын 
пайымдаудың әртүрлi теориялық формаларын бередi. Дүниенiң бiр екендiгiне қарамастан, 
ол әртүрлi онтологияда өзiнiң әртүрлi концепциясымен көрiнедi. Ол философиялық 
онтологияның онан арғы дамуына ықпалын тигiзедi және әлемдегi адам болмысының 
белгiлi бiр векторларын қалыптастырады.
Осылайша, философия болмыстың мәндiлiгiн (оны құрайтын әртүрлi заттар, 
құбылыстар, жағдайлар, деңгейлер, процестер және т.б. мәндiлiктерi) игерумен, әлемге 
деген адами қатынастың мәндiлiгiн және ондағы адамның орнының мәндiлiгiн танумен 
айналысады. Сонымен, келтiрiлген пiкiрлер әлеуметтiк философияның философиялық 
бiлiмнiң құрамдас бөлiгi екендiгiн былайша сипаттайды. Ол, бiрiншiден адамға өзiн 
қоршаған әлеуметтiк және табиғи ортада өзiнiң өткiншiлiгiн игерiп және “сөз” арқылы 
өзiнiң әлемдегi нақтылығын ұғынуға мүмкiндiк бередi. Екiншiден, философия осы 
нақтылықтардың сыртқы әсерiнiң “арғы жағына үңiлуге”, оның мәндiлiгiн игеруге және 
адамның әлеуметтiк және индивидуалдық өмiрi туралы бiздiң бiлiмiмiздiң өзiнiң мәндiлiгiн 
терең ұғынуға мүмкiндiк бередi. 
Философия дамуының күрделi жолын сыни тұрғыдан пайымдай отырып М.Хайдеггер 
өзiнiң “Болмыс және Уақыт” еңбегiнде адамның әлемнен бөлiнуi техникалық өркениетке 
тән деп сипаттайды. Техникалық өркениет адам мен әлемдi бiр-бiрiне қарсы қояды, ал 
субъект пен объект бөлiнiсiнiң философиялық негiзделуi, сонымен қатар субъекттiң 
объектiге белсендi ықпалы мен оны бағындыруы Жаңа заманда жүзеге асты. Европалық 


нигилизм феноменiн сынап зерделей отырып М.Хайдеггер болмыс тақырыбына оралып, 
адамның өзiнiң болмысын өзектi мәселе ретiнде қарастырады. Философтың ойынша адам 
осындағы - болмыс болып табылады. Адам өмiрi көбiне мәнсiздiктi сезiнумен, 
жалғыздықпен, азап шегумен байланысты. Олай болса, не нәрсе мәндi болып табылады?
Мәндi болып табылатын нәрсе – адамның нақты болмысы, уақыттағы болмыс. 
Адамның өмiр сүруi бүкiл бүтiндi, әлемдi өзiне қамтитын “осы” мүмкiндiгiн жүзеге 
асырумен сипатталады. Демек, “Болмыстың болмысы” мәндi болып шығады, ал оны ұғыну 
үшiн тiлге құлақ түру қажет, тiлдiң өзiн сөйлету керек. Тiл арқылы әрбiр адам өзiн-өзi 
ашады, өзiнен хабар бередi, өзiнiң жағдайын, көңiл-күйiн бiлдiредi, ал сол арқылы өзiнiң 
әлемге деген, өзiне қатынасын айқындайды. осындай тiл адамның жағдайын, көңiл-күйiн, 
оның өзiндiгiн, ол қандай болса соған сәйкестiгiн ашып көрсетедi. Поэзия әлемдi, ондағы 
ахуалдандыру “тәсiлiн ашып”, поэзиялық тiлдiң арқасында адам өзiнiң кiм екенiн, өзiнiң 
мақсаты мен тағдырын таба алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет