Ойлау, сґйлеу жјне ќиялдыѕ ґзара байланыс мјселелесі



бет1/2
Дата07.02.2022
өлшемі41,5 Kb.
#95843
түріДерексіз
  1   2
Байланысты:
stud.kz-43495
күз т, күз т, күз т, 18.05.2020 Нархоз инф.запрос статус Старая база, Жаңа жылдық сценарий қысқа, 6 саны

Ойлау, сөйлеу және қиялдың өзара байланыс мәселелесі. Ойлаудың классификациясы. Қиялдың түрлері.

Адамның дүниетану процесі нақты қарапайым пайымдаудан бірте-бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады. Адам тек түйсікпен, қабылдау арқылы дүниені толық тани алмайды. Өйткені мұндайда заттар мен болмыстардың нақты мазмұнынан аспай олардың бір-бірімен қатынасын, байланысын біле алмайтын болады. Ол үшін адам нақты қабылдаудан дерексіз ойға көшу керек.


Ойлау деп ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулендіретін психикалық процесті айтамыз.
Сонымен ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасында теңдік белгісін қою дұрыс емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғарғы формасы, сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту мақсаттаына пайдаланады.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылды.
Адамның өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Сөйлеудің пайда болу нәтижесінде адам организмі анатомиялық өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі.
Сөйлеу – пікір алу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы.
Қиял деп бұрынғы қабылданған елес бейнелерін өзгертіп бір-біріне қосып, өңдеп, қайтадан бейнелеуді айтады. Қиял объективтік дүниені жүйкеде сәулендірудің айрықша бір түрі. Дүниедегі заттар мен құбылыстардың сезімдерге келтіретін тікелей әсері арқылы пайда болатын қабылдаулар, олардан пайда болатын елестеулер бірқалыпты болмайды, ақыл –ой елегінен өтіп, бір-біріне қосылудың нәтижесінде бейнелеудің тағы бірі- қиял пайда болып отырады.
Қиял айналасындағы тіршіліктің әсер етуінен, оны өзгертудің жаңалаудың керектігінен пайда болады.
Қиял екі психикалық процеспен: ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған жағдайды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса, біз қиял туралы айтамыз.
Қиял процесі ес сияқты ерікті немесе әдейі жасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз жасалған қиялға түс жатады. Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиялды, шығармашылық қиялды және арманды бөліп қарауға болады.
Қайта жасау қиялы адамға өзінің суреттеуіне толықтай сәйкес келетін объектіні жасау қажеттілігі туған кезде пайда болады. Қиялдың бұл формасы тек қана көрумен ғана емес сонымен қатар есту сияқты процеспен байланысты.
Ерікті қиялдың келесі түрі- шығармашылық қиял. Ол адамның жоқ үлгі бойынша жаңа образды жасаумен сипатталады. Шығармашылық қиял да еспен тығыз байланысты, себебі оның көрнісінде адам өзінің бұрынғы тәжірибесін еске алады.
Қиялдың ерекше түрі – арман. Қиялдың бұл түрінің мәні- жаңа образдарды жеке өзінің жасауы. Арман шығармашылық қиялға қарағанда бірқатар айырмашылықтары бар. Біріншіден, арманда адам өзі тілеген образды жасайды, ал шығармашылық қиялда адам әрқашан өзі қалаған нәрсені жасай бермейді. Екіншіден, арман- шығармашылық іс-әрекетке қосылмаған қиял процесі, яғни көркем шығарма ғылыми ашулар, техникалық ойлау, табу тағы басқа түріндегі тез арада және тікелей объективті өнім бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет