өйткені осы екі күштің айырмасы жіпке үдеу, ал блокқа бұрыштық жылдамдық береді.
Егер жіп пен блоктың массасын ескермейтін болсақ, онда және күштерін, сондай-ақ, жуктерге түсетін, сәйкес жене күштерін бір-біріне тең деп есептеуге болады. /1/ және /2/ теңдеулерге кіретін векторларды әр жүктің қозғалыс үдеуі бағытына проекциялау арқылы келесі тендеулер жүйесін аламыз:
Осы теңдеулерді а және Т белгісіздерге қатысты шеше отырып
аламыз. Динамометрдің көрсетуі, әрине жіптің тартылу күштерінің қосындысына тең:
Сонымен, а = 2,45 м/с²;
T=7,35 H; F = 14,7 H.
19.Көкжиекке 30° бұрыш жасап орналасқан көлбеу жазықтықмен дене сырғанап келеді. Егер үйкеліс коэффициенті болса, онда дененің қозғалыс үдеуі неге тең?
42-сурет
Тыныштық үйкелісі коэффициенті мен сырғанау үйкелісі коэффициентін тең деп алып, жазықтықта қандай бұрышқа бұрғанда дене сырғана бастайтынын тап.
Шешуі. Денеге әсер ететін күштер: дененің масса центріне түскен ауырлық күші; көлбеу жазықтықтың. реакция күші ол дененің табанына түседі де көлбеу жазықтыққа перпендикуляр /42-сурет/; көлбеу жазықтыққа параллель және қозғалыс жылдамдығына қарама-қарсы бағытталған сырғанау үйкеліс күші. ХОУ санақ жүйесінің көлбеу жазықтық бойымен бағытталған Х осінің оң бағыт үдеумен бағыттас болады. Барлық күштердің Х осіндегі проекциясын табайық. күші X осіне перпендикуляр болғандықтан, оның Х осіне түсерілген проекциясының мәні нөлге тең. күші ОС осіне параллель, бірақ оның бағыты Х осіне қарама-қарсы, сондықтан күшінің Х осіндегі проекциясы- болады.