2.5. Осыған ұқсас тәсіл білім алушылардың аралық және қорытынды аттестация кезіндегі оқудағы жетістіктерін бағалау кезінде қолданылады.
2.6. Сырттай бөлім студенттерінің ағымдағы сабақ үлгерімін бақылау академиялық күнтізбеге сәйкес өткізілетін оқу-емтихан сессиясы басталғанға дейін және сессия барысында жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, сырттай бөлімде оқитын студент оқу-емтихан сессиясы басталғанға дейін бақылау және есептеу-графикалық жұмыстардың, курстық жұмыстардың (жобалардың), сонымен қатар, үй жұмысының жеке тапсырмаларын, СӨЖ, аралық бақылауларды пәннің оқыту бағдарламасына сәйкес тапсырады.
2.7. Егер оқу жоспарына сәйкес пәндер бойынша бақылау түрімен тек курстық жоба (жұмыс) ғана анықталған болса, онда курстық жобаны (жұмысты) қорғаған бағасы пән бойынша толық қорытынды баға болып саналады.
2.8. Қорғалмаған курстық жоба (жұмыс) тек сол пән бойынша емтиханға кіруге рұқсат етілмейтін болып табылады. Сессия аяқталғанша қорғалмаған курс жобасы (жұмысы) академиялық қарыз болып саналады және келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ақылы негізде жойылады.
3. Сабақ үлгеріміне межелік бақылауды жүргізу
3.1 Межелік бақылау (аттестация) Университеттің Ғылыми Кеңесімен бекітілген Академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
3.2 «Кредиттік оқыту технологиясы оқу бойынша ұйымдастыру ережесіне» сәйкес күндізгі оқу түріндегі студенттер, магистранттар, докторантов және желілік технология бойынша қашықтықтан білім алатын сырттай оқу түріндегі студенттер үшін графикке сәйкес семестрде 7 және 14 аптада екі аралық бақылау белгіленеді (7-кесте).
3.3 Дәріс сабақтарын жүргізетін оқытушылардың межелік бақылау бағаларын енгізу мерзімі 7-кестеде көрсетілген. Межелік бақылау және емтихан бағаларын қою технологиясының сақталуын бақылау Тіркеу бөлімінің басшысына жүктеледі.
7-кесте. Күндізгі оқу түріндегі студенттер және қашықтықтан желілік технология бойынша сырттай білім алушылар үшін межелік бақылауды жүргізу және оның нәтижесін енгізу мерзімдері
Күзгі семестр
|
Аралық бақылау №
|
Аттестаттау кезеңі
|
ҚарМТУ ААЖ деректер базасына бағаларды енгізу мерзімі
|
I
|
01.09.16ж. – 19.10.16ж.
|
19.10.16ж. - 22.10.16ж.
|
II
|
20.10.16ж. – 07.12.16ж.
|
07.12.16ж. - 10.12.16ж.
|
Көктемгі семестр
|
Аралық бақылау №
|
Аттестаттау кезеңі
|
ҚарМТУ ААЖ деректер базасына бағаларды енгізу мерзімі
|
I
|
26.01.17ж. – 11.03.17ж.
|
10.03.17ж. - 15.03.17ж.
|
II
|
13.03.17ж. – 29.04.17ж.
|
28.04.17ж. - 03.05.17ж.
|
3.4. Білім алушылар Академиялық күнтізбеде көрсетілген аралық бақылаудың келесі кезеңі басталғанға дейін «Студент» АЖО электрондық сынақ кітапшасын пайдаланып, өз бағаларын тексеруге міндетті. Факультет деканы пән оқытушылары мен кураторларды қатыстырып межелік бақылау нәтижелерін қарастыруды ұйымдастырады.
3.5. Оқытушы межелік бақылау бағаларын топ журналына енгізуге, студенттердің (магистранттардың) назарына жеткізуге және апелляция мүмкіндіктері туралы хабарлауға міндетті.
3.6. Межелік бақылау бағаларының нәтижесімен келіспеген білім алушылардың апелляция жүргізу туралы шешім қабылдайтын факультет деканының немесе ЖББ жетекшісінің атына баға алған күні берілген дәлелденген өтініші бойынша апелляцияға құқығы бар.
3.7. Апелляцияны кафедраның пәндік комиссиясы межелік бақылау бағасы қойылған соң үш күн ішінде апелляцияланатын сұрақтың мәні бойынша жүргізеді.
Апелляцияға арналған ведомость және апелляциялық комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмесі 24 сағат ішінде Университеттің деректер базасына нәтижесін енгізу үшін Тіркеу бөліміне беріледі.
3.8. Білім алушының (студенттің, магистранттың, докторанттың) бірінші және екінші межелік бақылау бағалары түпкілікті болып табылады және түзетуге жатпайды.
3.9. Факультет деканы немесе ЖББ басшысы жеке жағдайларда (науқастығы, отбасы жағдайы, басқа себепті жағдарлар бойынша) жарлық негізінде білім алушыға жеке график бойынша межелік бақылау тапсырмасын тапсыруға рұқсат ете алады.
3.10. Межелік бақылау бағалары қоюға негіз болатын материалдар (жауаптар парағы, жазбаша жұмыстар, тестілеу хаттамасы және т.б.) кафедрада сессия аяқталғанға дейін сақталады.
3.11. Сырттай оқу түріндегі студенттер үшін межелік бақылау зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтарды орындау нәтижелері бойынша емтихан сессиясы кезеңінде семестрде тек бір рет қана жүргізіледі, соның ішінде орындалған бақылау жұмыстарын қорғау кафедрада міндетті түрде тіркелуі керек.
3.12. СҚОИ студенттері үшін тиісті кафедраларда бақылау жұмысын тексеруге тапсыру уақыты сессия басталғанға дейін 10 күн ішінде болуы тиіс. Кафедра студентке бақылау жұмысын тексеруге тапсыру кезіндегі тіркеу номері мен күнін хабарлауға міндетті. Оқытушының бақылау жұмыстарын тексеру уақыты – 5 жұмыс күні.
3.13. СҚАИ студенттері үшін сабақтар жүргізетін оқытушылар оқу пәндері бойынша емтиханға дейін межелік бақылау бағаларын қою керек (электрондық ведомостіде – екінші аралық бақылау).
4. Аралық аттестаттауды өткізу
4.1. Аралық аттестация (сессия) – білім алушының пәндерді жеке оқу жоспарына (ЖОЖ), Академиялық күнтізбеге, пәннің оқу бағдарламасына сәйкес зерделегеннен кейін меңгерген деңгейін бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
4.2. Сессия кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру оқылған пәндер бойынша емтихандар тапсыру түрінде жүргізіледі. Емтихандар кестесін оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор бекітеді және білім алушылар мен оқытушыларға сессия басталғанға дейін бір ай бұрын хабарланады.
4.3. Емтихандар білім алушылар алған теоориялық білімдерін, оларды меңгеру беріктігін бағалау, шығармашылық ой-өрісін дамыту, өз бетіндік жұмыс машықтарын игеру, алған білімдерін синтездей білу және оларды практикалық есептер шығару үшін қолдануын бағалау мақсатын көздейді.
4.4. Білім алушылар бекітілген бағдарламалар бойынша оқу жоспарына сәйкес барлық емтихандар мен сынақтарды тапсырып, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғаулары қажет.
4.5. Емтихан өткізу үшін берілген академиялық топта сабақ бермеген, аталмыш оқыту пәнінің бағдарына сәйкес біліктілігі бар жетекші профессорлар, доценттер арасынан емтихан алушылар тағайындалады.
4.6. Емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар оқу-әдістемелік іс жөніндегі проректордың жазбаша түрдегі рұқсатынсыз қатысуына жол берілмейді.
4.7. Факультет деканының емтихан сессиясына жіберілу жөніндегі өкімінде білім алушының аты-жөні, тегі, курсы, мамандығы мен академиялық тобы көрсетіледі.
4.8. Емтихан сессияларына өткізу екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) бірінші кезеңде факультет деканының жалпы өкімімен оқу ақысы бойынша қарыздары, қайта реквизиттеу бойынша академиялық қарыздары жоқ, академиялық демалыста болмайтын білім алушыларды емтихан сессиясына жіберу жүзеге асырылады;
2) екінші кезеңде сабақ үлгерімінің ағымдағы және аралық бақылауының қорытындысы бойынша анықталатын емтиханға жіберу рейтингісінің бағасы негізінде пән бойынша емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Бұл рұқсат беруді Тіркеу Офисі жүзеге асырады және әрбір студенттің тегіне қарама-қарсы тиісті белгілерімен емтихан ведомостілерінде көрсетіледі
4.9. Емтихандар, ережеге сай жазбаша түрде, білім тексеру тәуелсіздігін қамтамасыз ететін технология бойынша жүргізіледі. Ғылыми Кеңес шешемі негізінде олар кешенді немесе тесттік түрлерде жүргізулі мүмкін.
Емтихан кезінде білім алушылар пәннің оқу бағдарламасын және емтихан алушының рұқсатымен силлабусқа сәйкес анақтама әдебиетін пайдалана алады.
4.10. Сессия барысында емтихандар саны алтаудан аспауы тиіс. Егер оқу жоспарына сәйкес емтихандардың артық саны белгіленген жағдайда кафедра меңгерушілері бірнеше пәндер бойынша кешенді емтихандарды қарастыруы керек, бұл ретте емтихандардың жалпы саны алтаудан аспауы қажет. 1-3 курста емтихандар модульдік білім бағдарламаларымен сәйкес жүргізіледі.
4.11. Модульдік білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша бағалар енгізу тәртібі (4 курс студенттері үшін)
4.11.1. Модульге бір пән енеді:
- Оқытушы пән бойынша аралық аттестация рәсімін жүргізеді, емтихан (БЖ, БЖ және т.б.) үшін АРМ-ге бағалар қояды, пән бойынша қорытынды ведомосты құрастырады және оны тиісті деканатқа тапсырады.
- Егер аралық аттестаттау рәсімін өтікзген оқытушы модуль бойынша жауапты болатын болса, онда ол модуль бойынша қорытынды бағаны құрастырады, тиісті деканатқа береді және студенттердің (магистранттардың, докторанттардың) сынақ кітапшаларына бағалар қояды.
4.11.2. Модульге екі және одан көп пәндер енеді:
- Оқытушылар пәндер бойынша аралық аттестация рәсімін жүргізеді, АРМ-ге (емтихан, тесттік тапсырмалар, РГР, БЖ, БЖ және т.б.) үшін бағалар қояды, пәндер бойынша қорытынды ведомосты құрастырады және оны тиісті деканатқа тапсырады.
- Модульге жапуапты оқытушы (негізгі пәнді жүргізетін) модульге енетін барлық пәндер бойынша аралық аттестация рәсімдерін аяқтағаннан кейін модуль бойынша қорытынды ведомосты құрастырады, тиісті деканатқа береді және модуль бойынша қорытындыға тең модульге енетін барлық пәндер бойынша сынақ кітапшаларына бағалар қояды.
- Қанағаттанарлық емес баға немесе құрастырушы модульдің ең болмаса бір пәні бойынша жіберілмеген жағдайда модульге енетін пәндер бойынша кредиттер берілмейді, GPA есебінде алымында нольмен ескеріледі және сынақ кітапшаларына бағалапр қойылмайды.
- Білім алушылар келесі академиялық кезеңде (жазғы семестрде) қайтадан, ақылы негізде, қанағаттарлық емес бағалар алған пәнді немесе моудльге енетін пәндерді оқуға құқығы болады. Қайтадан оқытылғаннан кейін модульдің барлық пәндері жақсы бағалар алған жағдайда модуль бойынша қорытынды баға және GPA деңгейі қайта есептеледі.
4.12. Кешенді тестілеу бейінді және жақын бірнеше пәндер (модульдер) бойынша емтихандарды өткізуді қарастырады. Емтихан бағасы әрбір пән бойынша жеке қойылады.
4.13. Кафедралар емтихан өткізу үшін емтихан материалдарын мемлекеттік және орыс тілдерінде әзірлейді, оларды сессия басталғанға дейін екі аптадан кешіктірмей кафедра отырысында бекітеді. Студенттерге қағаз немесе электрондық тасымалдағыштарда береді.
4.14. Жауаптардың парақтары, жазбаша жұмыстар және басқа емтихан материалдары сессиядан кейін бір ай бойы кафедрада сақталады және кафедра оқытушыларының және студенттерінің оқу қызметін талдау үшін пайдаланылады.
4.15. Кафедра меңгерушілері тәуелсіз оқытушылардың жазбаша емтиханды өткізу технологиясын және жеке жауапкершіліксіз тексерілуін және объективті бағалануын қамтамасыз етулері тиіс.
4.16. Кешенді түрде (тестілеу, жазбаша жауаптар, әңгімелесу) емтихан өткізілетін пәндер бойынша Қазақ тілі және мәдениеті, Орыс тілі және мәдениеті және пәндер бойынша Шет тілдері кафедраларының меңгерушілері емтиханды өткізу технологиясын және жұмыстардың тәуелсіз бағалануы үшін кафедра меңгерушісі тағайындаған құрамында 3 адамнан кем емес комиссияны қамтамасыз ету керек (комиссия төрағасы – каф. меңгерушісі).
4.17. Емтиханды тестілік бланкі түрінде немесе компьтерлерде өткізу кезінде емтиханды қабылдауды және жұмыстарды тексеруді тәуелсіз оқытушы жүзеге асыруы керек.
4.18. Білім алушының емтихан жүргізіліп жатқан аудиторияға кіруі сынақ кітапшасы немесе студенттік билеті бойынша жүргізіледі. Оқытушы емтихан тапсырып жатқан студент тұлғасының сәйкестігін тексеруге міндетті.
4.19. Күндізгі және сырттай оқу түріндегі шағын көлемді топтардағы студенттер үшін деканаттар Тіркеу офисімен бірге әрбір студент үшін тиісті деканат бақылайтын жеке оқу жоспары және оқу сабақтарын ұйымдастыру кестесі әзірлейді. ЖОЖ бойынша оқитын студент емтиханды тиісті семестр сессиясының кестесіне сәйкес тапсырады.
4.20. Қорытынды бақылау бойынша жақсы бағаны аралық аттестаттаудың осы кезеңінде көтеру мақсатында қайта тапсыруға рұқсат берілмейді
4.21. Студент «қанағаттанарлық емес» бағадан жақсы баға алу немесе оны көтеру мақсатында емтиханды қайта тапсыру үшін келесі академиялық мерзімде немесе жазғы семестрде ақылы негізде аталған пәндер бойынша оқу-жұмыс жоспарына сәйкес қарастырылған сабақтардың барлық түрлеріне қайтадан қатысады, рұқсат алады және қорытынды бақылауды тапсырады.
4.22. Пәнді қайтадан немесе қосымша оқу үшін студент деканатта оқу пәніне жазылу рәсімінен өтеді, өтінішті толтырады, шарт жасасады, оқу ақысын төлейді және өтінішті Тіркеу Офисінде тіркейді.
4.23. Орынды себептерсіз емтиханға қатыспаған жағдай «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріледі, ол емтиханды қайта тапсыру осы Өкімнің 4.21-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
4.24. Ақылы негізде оқитын студенттер оқуы үшін төлемақы қарызы болғанда сессияға жіберілмейді.
4.25. Студенттердің емтихандары, курстық жобалары (жұмыстары), практика бойынша есептері, дифференциалды сынақтары, аттестациялары әріптік жүйеде бағаланады (6-кесте).
4.26. Пән бойынша емтиханға студенттер межелік бақылауды «D-» орташа баға және одан жоғары баға (меңгерген білімінің 50 және одан артық пайызы) алғанда, сондай-ақ жұмыс жоспарында қарастырылған курстық жобаны немесе жұмысты табысты қорғаған білім алушылар жіберіледі. Орташа баға цифрлық және әріптік бағалар жүйесінде қойылған межелік бақылаудың екі бағасының білім деңгейінің максимум пайыздық құрамы бойынша есептеледі.
4.27. Сырттай оқу түріндегі студенттерде, егер алдыңғы оқу кезеңінде академиялық қарызы болдса, олар сессияға жіберілмеді.
Сырттай оқу түріндегі студенттермен академиялық қарыздарын өтеу бойынша қосымша сабақтар жүргізетін оқытушылар емтихан ведомомстісін Тіркеу офисіне (бас корпус, 316-ауд.) және СҚОИ қосымша пәндер бойынша емтихан тапсырғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей тапсыруы керек.
4.28. Факультет деканы жеке жағдайларда (сырқаттануы, отбасылық жағдайы, басқа объективті себептер бойынша) өкім негізінде студенттерге емтихан сессиясын жеке тапсыруға рұқсат етуі мүмкін (сессияны мерзімінен бұрын тапсыру немесе мерзімін ұзарту). Ол үшін:
- студенттер факультет деканының (ЖКБ жетекшісі) атына сессияны мерзімінен бұрын тапсырудың жорамалданатын мерзімінен бір апта бұрын немесе оның мерзімін ұзарту кезінде емтихан сессиясының басталуынан бір апта бұрын емтихан сессиясын жеке тапсыруға рұқсат ету туралы тілекпен өтініш беру керек;
- емтихан сессиясы уақытында болған және оны ұзартуды талап ететін күтпеген жағдайларда, біілм алушылар болған жағдай туралы деканатқа дереу хабарлауы керек және растаушы құжаттарды ұсынып, болған жағдай фактісінен кейін бір апта бойында сессияның мерзімін ұзарту туралы өтініш беру керек;
- пәндер және есептілік түрлері көрсетілетін өтінішке емтихан сессиясын жеке тапсыру қажеттілігін негіздейтін құжаттар қоса беріледі;
- сессияны мерзімінен бұрын тапсыру үшін өтініш студенттердің (магистранттардың) ағымдағы үлгерімін есепке алып емтихандарды жеке тапсыру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін шығарушы кафедраға факультет деканы жібереді;
- декан (ЖКБ) кафедраның дұрыс шешімі негізінде сессияны мерзімінен бұрын тапсыру туралы өкім шығарады, ол сессия нәтижелерін есепке алу үшін тіркеу бөліміне беріледі және студентке жеке емтихан ведомостілерін береді.
4.29. Білім алушы барлық емтихандарды деканат (ЖКБ) бойынша өкімге сәйкес мерзімде тапсыруға міндетті. Өкім көшірмесі Тіркеу бөліміне жіберіледі, емтиханға орынсыз себептермен келмеген жағдайда сессияны ұзарту кезеңінде Тіркеу бөлімінің кызметкерлері ведомостіге деканның (ЖКБ жетекшісі) ұсынысына сәйкес келмегені жөнінде белгі қояды.
4.30. Егер студент емтиханға орынсыз себептермен келмесе, емтихан ведомостісінде «келмеді» деген белгі жасалады, бұл академиялық қарыз болып табылады, жазғы семестр кезеңінде ақылы негізде жойылады.
4.31. Оқытушы емтихан бағаларын ҚарМТУ ААЖ электрондық ведомосына тікелей емтихан тапсырған соң енгізеді, қорытынды ведомостіні толтырады, оны басып шығарады, бағаны сынақ кітапшасына қояды, емтиханнан кейін 2 сағат өткен соң оны тиісті факультет деканатына (ЖКБ) тапсырады.
4.32. Қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген білім алушылар емтихан өткен күннен кейін келесі күні апелляцияға беруге құқығы бар.
4.32.1. Апелляцияны апелляцияланатын сұрақтың мәні бойынша емтихан өткізген соң келесі күні кафедраның пәндік комиссиясы жүргізеді.
4.32.2. Апелляция келесі жағдайларда жүргізіледі:
- емтихан тапсырмалары (тестілер, билеттер) дұрыс тұжырымдалмағанда немесе пәннің оқу бағдарламасына кірмегенде;
- тест түріндегі емтихан тапсырмаларында дұрыс жауап болмағанда;
- компьютерлік тестілеу кезінде актімен тіркелген, оқытушы, ҚР Тұңғыш Президенті атындағы ЭОТ ҒЗИ немесе Тіркеу офисінің қызметкері, білім алушы қол қойған және емтиханға бөлінген уақыттың 10 % артығы жоғалуына алып келген техникалық істен шығуға жол берілгенде, фактіні кезекші оқытушы растаған жағдайда;
- емтихан нәтижелеріне әсер еткен басқа себептер (сырқаттану, төтенше оқиғалар және т.б.).
4.32.3. Емтиханды өткізу кезінде студенттің денсаулығына шағымданған кезде оқытушы студентті Университеттің медпунктіне бірден жіберуі керек, мұнда емтихан күні өзін нашар сезіну фактісін жазбаша растауы тиіс. Денсаулығының нашар күйі расталған жағдайда емтихан нәтижелері жойылады, к/ж белгісі қойылады, ал деканның осы студентке өзінің үкімімен сессияны ұзарту құқығы болады.
4.32.4. Студенттердің емтиханды тапсырғаннан кейін, осының нәтижесіне әсер еткен өзін нашар сезіну шағымын деканат және тіркеу Офисі қабылдамайды және емтихан нәтижелері өзгермейді.
4.32.5. Апелляция нәтижелері қорытынды ведомостісінің қиып алынатын талонына толтырылады, оны деканат кейіннен сынақ кітапшасына енгізумен апелляцияны есепке алып, қорытынды бағаны есептеу үшін Тіркеу бөліміне береді.
4.33. Апелляция комиссиясының төрағасы қорытынды ведомостісінде апелляцияны есепке алып қол қояды. Пән оқытушысы студенттердің сынақ кітапшаларына апелляцияны ескеріп, бағалар қою үшін тиісті деканатқа (ЖКБ) шақырылады.
4.34. Сессия мерзімін ұзартуға рұқсаты немесе сессияның жеке графигі бар студенттердің емтихандарының, курстық жобаларының, сынақтарының нәтижелері жеке емтихан ведомостісіне енгізіледі, ол студентке деканның қолы қойылып беріледі. Жеке емтихан ведомостісі берген күнді қосқанда, үш күн бойы жарамды болады, оны студент осы кезең ішінде деканатқа тапсыру керек. Жеке ведомостілерді тапсыру мерзімдері бұзылған кезде олар өңдеуге қабылданбайды және олар жарамсыз деп саналады.
4.35. Факультет бойынша өкім номері көрсетілген жеке емтихан ведомостісі қорытынды ведомостілер шыққан соң байқалған аттестациялар мен емтихан деректерін енгізген кезде пайда болған қателерді түзету үшін пайдаланылуы мүмкін. Қателерді түзету үшін деканның өкімі негіз болады, өкім қате жіберген тұлғалардан алынған түсіндірме хаттарға негізделген. Түзетілген бағаларды енгізуді Тіркеу бөлімі қызметі жүзеге асырады.
4.36. Академиялық қарыздары, соның ішінде практикалар бойынша қарыздары, сондай-ақ оқуға қайта қабылдану, басқа ЖОО ауысу, Университеттің бір мамандығынан екінші мамандығына ауысу, академиялық демалыстан шығу нәтижесінде пайда болған, академиялық айырмасы немесе қарыздары бар күндізгі оқу түріндегі студенттер сессияға жіберіледі.
4.37. Кафедра меңгерушілері жазбаша түрдегі емтихандарың өткізілуін қамтамасыз етуі керек. Технологиялық тұрғыдан мақсатты деп танылған (бақылаудың осы түрін өткізу негіздемесімен) пәндер бойынша емтихан тест түрінде алынады. Кезекші оқытушылар ретінде тәуелсіз оқытушылар (сол пән бойынша сабақ жүргізбейтін) алынуы керек.
4.38. Кафедра меңгерушілері сессия басталғанға дейін бір айда диспетчерлік бөлімге және Тіркеу бөліміне емтихан жүргізу үшін тәуелсіз оқытушылар (доценттер, профессорлар) кандидатурасын ұсынулары тиіс.
4.39. Кафедралар сессия басталғанға дейін бір ай ішінде бекітілген емтихан материалдарын компьютерлік тестілеу жүйесінде тапсырмалар базасын қалыптастыру үшін жазбаша және электрондық түрде Тіркеу бөліміне тапсыруға міндетті. Пәндер бойынша тест тапсырмаларының базасы бір кредитке 100-ден кем болмауы тиіс. Емтихан кезінде студентке берілетін тест тапсырмаларының саны оларды орындау уақытымен анықталады.
4.40. Жазбаша түрде емтихан өткізетін кафедралар кафедраларда әзірленген және оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректорлар бекіткен әдістемелерге сәйкес тапсырмалар нұсқаларын құрастырады. Сонымен қатар, сырттан келген тұлғаларға тапсырмалардың мазмұнын жариялауға жол бермес үшін іс-шаралар өткізілуі тиіс. Емтихан тапсырмаларын емтихан басталар алдында емтихан қабылдайтын кезекші оқытушы береді.
4.41. Кафедралар сессия басталғанға дейін бір ай мерзімде тест түрінде компьютерлік тестілеу жүйелерін пайдалана отырып, ҚарМТУ АЖА ҚР Бірінші Президенті атындағы ҒЗИ ЭОТ талаптары бойынша тест тапсырмалары базасын дайындауға және программалық қамтамасыз ету бөліміне беруге міндетті.
4.42. Кафедра меңгерушілері 2016 жылдың қыркүйек айында Тіркеу бөліміне межелік бақылау, аралық аттестаттау нәтижелерін, курстық жобаны немесе жұмысты қорғағаннан кейін тобын, дайындық бағыты мен пәнін көрсету арқылы қорытынды бағаларды енгізуге жауапты оқытушылардың тізімін беруге міндетті.
4.43. ҚР Тұңғыш Президенті атындағы ЭОТО межелік бақылаудың нәтижелерін енгізуге дейін 10 күн ішінде Университеттің барлық профессорлық-оқытушылар құрамына жеке логиндар мен парольдар беруге және ары қарай оқытушыларға мәлімдеу үшін Тіркеу офисіне беруге міндетті.
4.44. Тіркеу офисі Академиялық күнтізбемен бекітілген мерзімде жауапты оқытушыларға олардың пәндерін және топтарын (дайындық бағыты бойынша) бекітуді жүзеге асыруы керек.
4.45. Тіркеу офисі емтихандық сессиядан бір апта бұрын емтихан нәтижелерін «Оқытушы» АЖО енгізу үшін және қорытынды ведомостіні жасау үшін топқа, пәнге және дайындық бағытына тәуелсіз оқытушыны бекітуді жүзеге асырады.
4.46. Емтихан қабылдайтын оқытушы емтиханға дейін топтың электрондық емтихан ведомостісімен танысуға және емтиханға жіберілгені немесе жіберілмегені туралы мәліметті студенттің назарына жеткізуге міндетті.
4.47. Компьютерлік тестілеу болған жағдайда деректер базасына емтихан нәтижелерін енгізу автоматты түрде іске асырылады, ал қорытынды ведомосін құруды Тіркеу офисінің қызметкерлері іске асырады. Деректер базасына бағаларды автоматты конверсиялау мүмкін емес жағдайда, оқытушы «Оқытушы» АЖО емтихан нәтижелерін енгізуді іске асырады, қорытынды ведомостісін құрады және береді, оларды екі сағаттың ішінде тиісті деканатқа тапсырулары керек.
4.48. Оқытушылардың емтихандадың нәтижелерін электрондық құжат айналымында кафедралар пәндері бойынша енгізуі «Оқытушы» АЖО көмегімен келесі технология бойынша жүргізілуі керек:
- оқытушы емтихан аяқталған соң емтихан бағаларын АЖО пайдаланып, тікелей ҚарМТУ ААЖ деректер базасына енгізеді, қорытынды ведомосін толтырады және басып шығарады, студенттерге қорытынды бағаларды хабарлайды және апелляция мүмкіндігі туралы ақпарат береді.
- оқытушы қорытынды ведомості емтихан күні емтихан тапсырғаннан кейін 2 сағаттан кешіктірмей немесе егер емтихан жұмыс күнінің екінші жартысында аяқталса, келесі күні таңертең тиісті деканатқа тапсырады және студенттердің сынақ кітапшаларына қорытынды бағаларын қояды, ал апелляция жүргізген жағдайда - апелляцияны есепке алып қорытынды ведомостіні алған соң қояды;
- студенттер емтиханнан кейін бір тәулік бойында электрондық сынақ кітапшасын немесе «Студент» АЖО пайдаланып, пән бойынша қорытынды бағалармен танысуға міндетті, олай болмағанда енгізу қателері туралы шағымдар қабылданбайды
4.49. Қорытынды бағаларды есептеу:
4.49.1. Емтиханы бар пән бойынша қорытынды баға мына формула негізінде есептеледі:
, (1)
мұнда А1, А2 – бірінші және екінші аралық бақылау бағалары;
Э – емтихан бағасы;
0,6; 0,4 – емтиханның салмақ коэффициенттері..
4.49.2. Студенттерге курстық жоба (жұмыс) қарастырылған пән бойынша GPA есептеу үшін қорытынды баға болып курстық жобаның қорғалу бағасы саналады.
Курстық жобаны (жұмыс) қорғауға дейінгі рұқсат болып екі межелік бақылаудағы орташа 50-ден кем емес бағаны алу. Басқа жағдайда оқушы қорғауға жіберілмейді және келесі академиялық аралықта немесе жаздық семестрде берілген пәнді ақылық түрде қайта оқуы тиіс.
4.49.3. Емтиханы және курстық жобасы (жұмысы) бар пән бойынша GPA есептеу үшін қорытынды баға орташа ретінде саналады:
. (2)
Достарыңызбен бөлісу: |