Өкпе
Өкпе
(
pulmones
, лат.
pulmo
– өкпе) — адам
мен жануарлардың тыныс алу мүшесі.
Пішіні жартылай конус тәрізді, оның
төменгі жағы немесе негізі ойыстау
біткен, кеуде қуысын іш қуысынан бөліп
тұратын көк етке кіріп жатады. Жоғарғы
жағы сүйір, бұғана сүйегінен 2 – 3 см-дей
шығып, мойынның төменгі бөлігіне еніп
жатады. Сыртында сірлі қабық – өкпеқап
(плевра) болады. Өкпеге ауатамырлары
(бронх), өкпе артериясы келеді де, одан
екі өкпе венасы шығады. Сол жақ өкпе
екі бөліктен (жоғарғы, төменгі), ал оң жақ
өкпе үш бөліктен (жоғарғы, ортаңғы және
төменгі) тұрады. Өкпеішілік ауатамырлар
жүйесі тармақты ауатамыр түзеді,
бөліктік ауатамырлардың ұшындағы
тармақтары ауатамыршаларға
(бронхиолаларға) бөлінеді әрі тыныс алу
бөлігіне өтеді. Ауатамыршалары
көпіршікті жолдар түзеді онымен қоса
оның ішінде өте көп майда көпіршіктер
(альвеолдар) болады. Ересек адамның екі
өкпесіне 700 млн-нан астам көпіршіктер
сияды. Жан-жағын қантамырлар
капиллярлары қоршаған көпіршектерде
газ алмасу жүреді. Өкпеде жұтқан ауа
қанға өтеді, көмір қышқыл газы қаннан
ауаға шығады. Адамның жалпы орташа
өкпе сыйымдылығы – 2680'120. Өкпе
дене температурасының тұрақтылығын
сақтауға, қан ұюы, ақуыз, май және
көміртек алмасу процестеріне
қатысады.
[1]
Көп кездесетін өкпе
аурулары:
өкпе қабынуы, өкпе қатерлі ісігі,
туберкулез
, т.б. Өкпе омыртқалалардың
эволюциялық даму барысында девон
кезеңінде тіршілік еткен сауытты және
саусаққанатты балықтарда, ал
палеозойда – қостынысты балықтарда
пайда болды. Кейбір құйрықты
қосмекенділерде (мысалы, өкпесіз
саламандрда) өкпе болмайды. Қазіргі
кезде тіршілік ететін қостыныстыларда,
қосмекенділерде, кейбір бауырымен
жорғалаушыларда (гаттерия, жармасқы)
газ алмасу жүретін бір бөлікті өкпенің
үстіңгі беті дәнекерұлпалы-бұлшықетті
перде бөлетін ұяшықтар немесе көпіршік
түзілістер есебінен ұлғаяды. Кесірткелер
мен жыландарда перделер күрделіленіп
ұзарады. Тасбақа, келестерде, негізінен
қолтырауындарда күрделіленген
перделер көп бөлікті өкпе түзеді.
Құстардың өкпесі тығыз, оны ауамен ауа
қапшықтар жүйесі толтырады.
Сүтқоректілердің өкпесі кеуекті,
майысқақ, сондықтан да оның көлемінің
ұлғаюы өкпе ішіндегі шеміршекті қаңқа
мен тегіс бұлшық еттің дамуына
байланысты.
[2]
Өкпе
Дем алу жүйесі
Адам құрамында 21% оттек, 79% азот,
0.03% көмірқышқыл газы бар
атмосфералық ауамен тыныс алады. Дем
шығарғандағы ауада 16% оттек, 4.0%
көмірқышқыл газы және 79% азот
болады. Дем алғандағы және дем
шығарғандағы ауа құрамындағы оттек
пен көмірқышқыл газының
айырмашылығы - өкпедегі газ алмасу
нәтижесі болып табылады. Өкпеде газ
алмасу диффузия жолымен жүреді. Өкпе
капиллярына түскен вена қанында оттек
аз, көмірқышқыл газы көп. Сондықтан
альвеола ауасындағы оттек қанға
араласады, ал көмірқышқыл газы қаннан
Өкпедегі газ алмасу
өкпе альвеоласына түседі. Өкпедегі газ
алмасуды
сыртқы тыныс алу
дейді.
Қандағы оттек эритроциттерге өтеді де,
гемоглобинмен берік емес байланысып,
оксигемоглобин түзеді. Вена қаны
артерия қанына айналады да, өкпе
венасы арқылы жүрекке, одан
қанайналымның үлкен шеңберінің
тамырларына түседі. Көмірқышқыл газы
альвеоладан ауа тасымалдайтын жол
арқылы сыртқа шығарылады.
[3]
Өкпе қабынуы
,
Пневмония
.
Өкпе қабынуы
Өкпе қатерлі ісігі
, өкпе рагы – адам
өкпесіне түскен қатерлі ісік; созылмалы
ауру. Өкпе қатерлі ісігінің пайда болуына
сыртқы және ішкі себептер әсер етеді.
Сыртқы себептерге: тыныс алу жолдары
мен өкпеге физикалық, химиялық,
канцерогендік заттармен ластанған
ауаның, зиянды заттардың (шаң-тозаң,
асбесвт, хром, т.б.) енуі, темекіні жиі тарту;
ал ішкі себептерге: өкпедегі әр түрлі
созылмалы қабынулар, иммундық жүйке
қызметінің төмендеуі жатады. Өкпе
қатерлі ісігіне әйелдерге қарағанда 45 –
60 жас аралығындағы ер адамдар жиі
шалдығады. Бұл дерт анатоммя тұрғыдан
Өкпе қатерлі ісігі
төрт топқа (жалпақ клеткалы, бездік,
бронхоальвеолярлық, пісіп жетілмеген)
жіктеледі. Ісік клеткаларының пісіп-
жетілуі неғұрлым төмен болса, соғұрлым
оны болжау қиынға түседі, ісік тез өсіп,
ауру асқынады, яғни бөгелме ісіктер
пайда болады. Өкпе қатерлі ісігінің
клиникалық белгілері оның орналасқан
жеріне, кеңірдек қуысының ісікпен бітелу
дәрежесіне, бөгелме ісіктердің болу,
болмауына тікелей байланысты. Дерт
алғашқыда кеуденің шаншып ауруымен
(әсіресе дем алған кезде) басталады. Бұл
кезде науқас құрғақ жөтеледі, сонан соң
жабысқақ қақырық пайда болып, оған
қан араласады. Адам ентігіп, демігеді,
дене қызуы көтеріліп, қатты жүдейді. Ауру
асқынғанда қатерлі ісік клеткалары қан
мен лимфаға араласып, бүкіл организмге
таралуы мүмкін. Мұндай жағдайда
ешқандай ем қолдануға мүмкіндік
болмайды. Ауруды анықтау үшін: жалпы
клиника (анамнез, сипау, кеудені тыңдау,
т.б.); параклиника (рентген, компьютерлік
томография, ультрадыбыс арқылы, т.б.);
бронхоскопия, бронхография, т.б. әдістер
қолданылады. Диагноз қою қиындағанда
диагностик. және емдік торакотомия
(кеуде қуысын ашу) жасалынады. Емі:
ісікке қарсы дәріні кешенді және
араластыра беру, хирургиялық операция
жасау, сәулемен емдеу, химиялық терапия
әдістерін қолдану.
Өкпе секвестрациясы
— өкпедегі
тіндердің өлі етке айналып, айналадағы
тірі тіндерден дербес бөлінген бір бөлігі,
дамудың ақауы, әдетте ауытқып дамитын
өкпе тінінің бір бөлігі аз қан
айналымында әдеттегі анатомиялық-
физиологиялық байланыстан (кеңірдек
тарамы мен қан тамырларынан) бөлінеді
және үлкен қан айналымында әдетте
қолқадан бұрылып кететін күре тамыр
қанымен жабдықтандырылады.
[4]
Өкпе секвестрациясы
Сильвестрдің өкпедегі ауа тазартқыш
тәсілі
— өкпедегі жасанды ауа тазартқыш
тәсілі, шалқасынан жатқан
зақымданушының қолын басына қойып,
демін ішке жұтқызу, ал демді шығарғанда
қолын түсіріп, оның көкірек қуысын
қысып сығу.
Өкпе сыйымдылықтары
1.
Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994
жыл. ISBN 5-625-02459-6
Сильвестрдің өкпедегі ауа
тазартқыш тәсілі
Тағы қараңыз
Дереккөздер
2.
"Қазақ Энциклопедиясы"
3.
Биология:Жалпы білім беретін
мектептің 8-сыныбына арналған
оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы,
2008. ISВN 9965-36-557-1
4.
Пульмонология терминдерінің
орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.
Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-
00473-5
5.
Биология:Жалпы білім беретін
мектептің 8-сыныбына арналған
оқулық. Алматы: «Атамұра» баспасы,
2008. ISВN 9965-34-812-Х
«https://kk.wikipedia.org/w/index.php?
title=Өкпе&oldid=3151933» бетінен алынған
Бұл беттің соңғы рет өзгертілген кезі: 2023 ж.
сәуірдің 17, 21:25.
•
Мәлімет
CC BY-SA 3.0
лицензиясы аясында
жетімді басқа жағдайда белгіленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |