1.Мембрананың құрылысы мен қызметі туралы қазіргі ұғымдар. Мембрана
арқылы активті және пассивті түрде заттарды тасымалдау.
Латынша “membrana” – жарғақ, үлпек деген сөз. Мембрана кез келген
жасуша құрамын қоршаған ортадан бөліп, оның бүтіндігін және жасуша
мен қоршаған орта арасындағы байланысын қамтамасыз етеді. Осы
құрылым туралы алғашқы болжамды Дж.Даниели мен Х.Давсон жасады.
Ол болжам бойынша, мембрана екі жағынан белокпен қапталған
(«сендвич») қосқабат липидтен тұрады.
Кейін 1935 жылы Дж.Робертсон ішкі және сыртқы мембраналардың
құрылысы бірдей екендігін көрсетті. Қазіргі кезде биологиялық
мембрананың С.Дж.Сингер және Г.Л.Никелсон 1972жылы ұсынған
сұйықтау – өрнекті сүлбісі кеңінен тараған.
2.Қалқанша және қалқанша серік бездерінің физиологиясы.
Қалқанша без (glandula thyroidea, лат. glandula - без, гр. thyreos —қалқан) -
шеткі ішкі секреция безі. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық
қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер
ұлпалы перделіктер без паренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер
көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын
құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат —
коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар
құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар.
Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың,
майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын
тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық
құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб
ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін
азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі
3.Рефлекс, рефлекстік доға. Адамның сінір рефлекстері.
Рефлекс дегеніміз- орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі
тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық
негізі – рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығынан,
онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Ол бес бөлімнен тқрады: 1-қабылдаушы
құрылым-рецептордан; 2-қозуды орталыққа жеткізетін афференттік
жүйкеден; 3-аралық нейрондардан тұратын оратлықтан; 4-қозуды
орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5- жауап беруші
құрылым – эффектордан тұрады. Рефлекстік доға бүтін болған жағдайда
ғана рефлекс қызметін атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |